Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Жетісуда жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияларды дамытуға қосымша кепілдіктер беретіні талқыланды

Жетісуда жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияларды дамытуға қосымша кепілдіктер беретіні талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жетісу облысында өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумға арналған кездесу өтті. Іс-шара «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің қатысуымен түсіндіру диалогы форматында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Кездесуге Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева қатысты.

Өз сөзінде Аида Балаева жаңа Конституция жобасы ел дамуының жаңа парадигмасын айқындайтынын атап өтті. Бұл парадигмада адам және оның қадір-қасиеті алдыңғы орынға шығып, зияткерлік әлеует стратегиялық ресурс ретінде қарастырылады.

«Жаңа Конституция жобасының негізгі мәні - әрбір азаматтың қадір-қасиетін қорғау және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Ең бастысы, алғаш рет конституциялық деңгейде «білім», «ғылым» және «инновациялар» мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітілді. Бұл – білімге, ғылыми ойға және шығармашылық әлеуетке нақты прогресс факторлары ретінде сүйену деген сөз. Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде бәсекеге қабілетті болу осы бағыттарсыз мүмкін емес», – деді ол.

Жоба талқылауының кең қоғамдық форматта өткеніне ерекше назар аударылды. Ұсыныстар e-Otinish және eGov цифрлық платформалары арқылы қабылданып, Конституциялық комиссия жұмысы ашық жүргізіліп, қоғамдық талқылаулар тікелей эфирде көрсетілді.

«Бұрынғы Конституциямыз 30 жылдан астам уақыт бұрын, қиын кезеңде қабылданды. Ал, қазіргі заман талабы басқа – біз даму міндеттерін айқындауымыз керек. Сондықтан 10–20–30 жыл алға қарап, тұрақты өркендеуді қамтамасыз етіп, балаларымызға болашақта мықты мемлекет қалдыруымыз қажет. Жаңа Конституция жобасы адами капиталдың басымдығын, ғылым мен инновацияларға сүйенуді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуды күшейтеді», – деді Мәжіліс депутаты Никита Шаталов.

Адами капиталды дамыту және кадр даярлау мәселелерін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп көтерді. Гуманитарлық бағытта «Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы Әміре Әрін ұсыныстарын білдірді. Ал әңгіменің мәдени қырын Бикен Римова атындағы Қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Сағындық Жұмаділ атап өтті.

Әміре Әрін Конституцияда бекітілген негізгі қағидаттардың мемлекет дамуына және елдің халықаралық беделін нығайтуға ықпалын ерекше атап өтті.

«Негізгі құжатта бекітілген ел мен аумақтың тұтастығы, адам құқықтары мен бостандықтары, зайырлы мемлекет қағидаты, цифрландыру, неке, әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатты қорғау сияқты қағидаттарды өміршең деп санаймын. Осылайша азаматтық қоғамның мемлекеттік басқарудағы рөлі артып, мемлекеттік үдерістеріміз дамып, еліміздің әлемдік қауымдастықтағы беделі нығая түседі», – деді ол.

Сағындық Жұмаділ де Конституцияда бекітілген қағидаттардың маңызын атап өтті.

«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік құндылығы да Конституцияда айқын көрініс тапқан. Жеріміздің тұтастығы, шекарамыздың беріктігі, халықтың бірлігі – мемлекеттің басты байлығы», – деді ол.

Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумда саналы таңдау жасаудың және әр азаматтың жеке жауапкершілігінің маңызын атап өтті. Конституциялық нормалар іс жүзінде жұмыс істеп, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуы тиіс екені айтылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:257
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 23:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары