Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қызылорда облысының Арал ауданында орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды

Қызылорда облысының Арал ауданында орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, пен облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеумбетов, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Серік Қожаниязов,зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының 25 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің ашылу салтанатына қатысты.

Аймақ басшысы саладағы жаңашылдықтарға, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

- Президентіміз «Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі – еліміздегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші, – деген болатын.

Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласын дамытуға, халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асырылып жатыр.

Ұлт саулығы – мемлекетіміздің негізгі капиталы десек, баға жетпес қазынаны қызғыштай қорып жүрген медицина саласы қызметкерлерінің адал ісін жоғары бағалаймыз, әрдайым құрметпен қараймыз.

Ел игілігіне табысталатын жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты, ондағы дәрігерлер науқастың дертіне дауа, көңіліне рауан беріп, халық ықыласына бөленеді деп сенеміз, – деді Н.Нәлібаев.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты жиында ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан медицина саласының қызметкерлері мен мердігер мекеменің құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Наурызбай Байқадамов, Ризабек Ожаров құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы қайтарылған активтер есебінен 2,3 млрд теңгеге қаржыландырылды. Оған қоса аудандық аурухана жанынан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында кардиология және инсульт бөлімшелері орналасқан қосымша құрылыс аяқталып, халық игілігіне берілді. Оған да қайтарылған активтер есебінен 2,1 млрд теңге бөлінді.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кейінгі уақытта 206 млн теңгеге құрал-жабдықтар алынып, аурухананың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына немесе басқа қалаларға сабылмай, сырқаттанғандарға мамандандырылған көмек көрсету үшін ашылған жергілікті жердегі бөлімшеде толыққанды ем алады.

Айта кетейік, соңғы үш жылда облыстың денсаулық сақтау саласына 450 млрд 100 млн. теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан салынды.

Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана бой көтеріп жатыр, 4 аудандағы орталық ауруханалар жанынан қосымша ғимараттар ашылды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өткен жылы Шиелі ауданында жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталған болатын. Қызылорда қаласынан 200 орындық перинаталдық орталық пен 500 орындық емхана салуға Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Жақын күндері құрылысы басталады. Бұдан бөлек, 400 орындық емхананың да іргетасы қаланады.

Тұрғындар сұранысына сәйкес соңғы екі жылда жергілікті бюджет қаржысына 225 жаңа санитарлық автокөлік, 45 жедел жәрдем көлігі алынып, пайдалануға берілді. Барлық елді мекендегі денсаулық сақтау мекемелері арнайы қызметтік автокөлікпен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Кейінгі жылдары 24 медициналық нысан күрделі жөндеуден өткізілді, 15 млрд. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жабдықталу деңгейі 2022 жылы 83,2 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 90,2 пайызға жетті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 14:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары