Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қызылорда облысының даму қарқыны қандай

Қызылорда облысының даму қарқыны қандай

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Облыс әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша өсім қалыптасқан. 

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі (294,3 млрд теңге) 13,1%-ға, ауыл шаруашылығы (166,4 млрд теңге) 2,6%-ға, негізгі капиталға салынған инвестиция көрсеткіші (484,9 млрд теңге) 5,9%-ға жоғарылады.

Есепті мерзімде 677,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегіден 4,8%-ға артық. Ауыл шаруашылығы саласында 24,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді. 

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Білім мен медицина салаларына инвестиция салу жалғасады

Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің еліміз — әлеуметтік мемлекет. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салу жалғасады. Бұл өңірде әрдайым басты назарда. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен атқарылған жұмыстар да осы салаларда айқын көрініс тауып отыр. 

Қор құрылған кезден бастап аймағымызда 10 млрд теңгеден астам қаржыға маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды. Соның 4 млрд 800 млн теңгесі медицина саласына бағытталды. Аталған қаражатқа облыстық балалар ауруханасында, Жаңақорған, Арал аудандарында «Қамқорлық» орталықтары ашылды.

Дәрі-дәрмек алу, орталықтарды жабдықтау, медицина мамандарын шет елде оқыту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қор облыстық онкология орталығына құны 1 млрд 100 млн теңге тұратын, республика бойынша 3 облыста ғана бар скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенді табыстады.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Келесі жылы 2 млрд 600 млн теңгеге онкологиялық ауруларды тиімді емдеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтар сатып алуды және аутизмге шалдыққан, басқа да психикалық бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіруге арналған орталық ашпақ.

Білім саласына 2 млрд 600 млн теңге бөлініп, 2023-2025 жылдары 8 мектептің физика, химия, биология, робототехника, компьютер кабинеттері қайта жабдықталды. 2,5 мыңнан астам ауыл баласы жазғы лагерьлерде демалды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы интернаттардың материалдық-техникалық базасы жаңғырды. «Болашақ инженерлер» жобасы аясында 9 мектепке робототехника құрылғылары алынып, тиісті мамандар білімін шыңдады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде оқитын 500-ден астам студенттің әлемдік «Курсера» платформасында білім алуына мүмкіндік жасалды.

2026 жылы 2 млрд теңгеге облыстың 50 мектебіне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесі енгізіледі, физика, химия, биология кабинеттері жабдықталады. 8 шағын жинақты мектептердің материалдық базасын нығайту көзделіп отыр. 

Әлеуметтік қолдау және оңалту бағытында мүгедектігі бар балалар мен 14-29 жас аралығындағы жастар инновациялық протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

«Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы аясында 283 млн теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Қармақшы ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының материалдық базасы күшейді.

Өңірде шағын және орта бизнес қанатын кеңге жайып келеді. 2025 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша 70 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелсе, соның 66 мыңнан астамы немесе 96,2%-ы белсенді түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден шамамен 42 млрд теңге қаржы қарастырылды. Жыл басынан бері 2086 жобаға 25 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қанша өнеркәсіп іске қосылады?

Биыл өнеркәсіп саласына 720 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Оның 70 пайызы жеке инвестиция үлесінде. Осы жылы жүзеге асуы тиіс 27 жобаның 9-ы іске қосылды. 

Олар — өңірдің кірпіш өніміне қажеттілігінің 90%-ын қамтамасыз ететін заманауи кірпіш зауыты, онкологиялық диагностикалық орталық, нан-тоқаш, кондитерлік, печенье және макарон өнімдерін өндіру кешені айна шығару зауыты, жол бойындағы қызмет көрсету кешені, 2 сауда үйі мен «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағы.

Іске қосылатын ірі жобалардың бірі — түрік инвесторы салып жатқан қуаты 240 МВт болатын жылу электр орталығы. Мамандар жаңа нысан толық қуатында облыс халқын электр энергиясымен қажет көлемде қамтамасыз етеді деп есептейді. 

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы нәтижесіз емес. Жоба аясында өткен жылы 376 жоба қаржыландырылды, 400-ден астам жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. 

2025 жылға бағдарлама аясында 5,5 млрд теңге қаржы қаралып, 559 жоба іске асырады. Бүгінгі күнге бағдарлама бойынша 1,1 млрд теңге қаржы бөлініп, аmanatnesie.kz электронды порталы арқылы 2,4 млрд теңгеге 2,4 өтінім түсті.

Несие комитетінің қарауына 1 млрд теңгені құрайтын 104 жоба ұсынылған. Нәтижесінде 633,8 млн теңгеге 74 жоба мақұлданып, қазіргі кезде 579,1 млн теңгеге 67 жоба қаржыландырылды.

Сонымен қатар қайтарылған қаржы есебінен 15 жобаға 146,7 млн теңгеге қосымша қаражат тартылған. 

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорданың астана атанғанына — 100 жыл

Аймақ үшін ең негізгі айтулы мерейтойлық шаралардың бірі — Қызылорда қаласының Қазақ АКСР астанасы болғанына және ұлтымызға қазақ атауының қайтарылуына 100 жыл толуы кең көлемде аталып өтіп жатыр. 

Жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес түрлі форматта 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.  

«Қызылорда — Алаштың жүрегі» атты тарихи-танымдық кітап жарыққа шықты. Сондай-ақ жуырда «Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағылым» атты республикалық конференция, жаңа стадионда гала-концерт және тағы басқа шаралар ұйымдастырылды. 

Мерейлі дата аясында өңірде өзге де түрлі әлеуметтік нысандар ашылады. Аталған бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Айта кетейік, Президент телерадиокешенінің Деректі кино орталығы түсірген «Сыр — Алаштың анасы» фильмінде осынау қастерлі мекеннің қазіргі даму жағдайы, халқының тұрмысы туралы баяндалады. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 14:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары