Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Республикаға танымал Республикалар

Республикаға танымал Республикалар

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл сөздің маңдайға біткен бақытқа ай­налғанына 35 жыл толып отыр. 35 жылда елімізде сол бір тарихи сәтті айқындап, «Республика» сөзін атына арқау, айнымас ұстаным еткен ономастикалық таң­­­ба­лармен қатар отан­дық брендтер де жетер­лік. Ерекше үйлесім тапқан атауларды назарыңызға ұсынып көрдік.

Республиканы жаулаған киім бренді

Қазақ жастарына танымал Qazaq Republic дүкені 2017 жылы құрылған. Qazaq Republic бірнеше жылда шетелдік брендтерді жолында шаң қаптырып, бәсекеге шықты. Оған дәлел – сауда желісінің 7 ірі қаладағы 30-дан аса дүкені мен Instagram желісіндегі 600 мыңнан аса оқырманы. Балаңыздың шетелдік брендтен емес, отандық бренд өнімдерін аламын дейтін әңгімесін естіп қуанған да шығарсыз. Qazaq Republic заманауи тренд пен қазақы бояуды сәтті үйлестіріп келеді. Born to be Qazaq, Qazaq Republic 1465 сынды жазуы бар жемпірді кигенде, расымен де, қазақ боп туғаныңа қуанып, кеудеңді бір мақтаныш кернейді. Байқағанымыз, елде республика сөзі бар киім дүкендері жиі кездеседі. Соның бірі Астанадағы Республика даңғылында орналасқан Republic және Mens Republic дүкендерін айтуға болады.

Кәсіп кілті – «Республика» 

Ұлт жастары үшін республика сөзін қолдану ерекше сәнге айналған, әсіресе бұл үрдіс ірі қалаларда көрініс тапқан. Елордада Ziat Republic атты оқу орталығы жұмыс істейді. Балаларды дамытуға арналған орталық тіл курстарымен қатар шығармашылық бағытта да білім береді екен. Fruit Republic дүкені көптің сүйікті сусын дүкені болса, The meat republic дүкені балғын ет, сапалы үй тағамдарын дайындайды. Әрине, мұндай қызық атау өте көп, тіпті компьютерлік клубтар да республика сөзін өзіне ұран еткен. Осы бір қасиетті сөз кез келген кәсіптің кілті, не өркендеудің құпиясы дерсің...

Respublika.kz.media сайты

Respublika.kz.media сайты – рес­публикадағы өзекті жаңалықтарды қалт жібермей, ресми ақпарат, сапалы сараптамалық материал ұсынатын көпке белгілі тәуелсіз медианың бірі. Бір айтарлығы, медиа тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, нақтылап айтсақ, 2000 жылы газет ретінде жарық көре бастаған. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары тәуелсіз басылымның дүние есі­гін ашуы айтарлықтай қуаныш, сана серпілісі, ел жанданысының белгісі еді. Газет 2012 жылға дейін үзбей шығып тұрды, кейіннен kz.media ақпараттық-аналитикалық порталына айналды. Пор­тал 2016 жылға дейін жұмыс істеді. 2022 жылы медиа үшін жаңару кезеңі басталғандай, сайт өзінің бұрынғы төл атауын – Respublika.kz.media атын қайта иемденді. 

Республика бойымен...

Еліміздің бірқатар ірі қаласында көше-даңғылға «Республика» аты бе­рілген. Мәдениет және ақпарат министр­лігінің дерегінше, елде Республика атын иемденген 29 көше, 5 даңғыл бар. Олардың көбі Астана, Шымкент, Пав­лодар, Қостанай және ірі облыс орталықтарында орналасқан. Бұл орайда Алматы қаласындағы Республика сарайын айтпай кетуге болмас. Ғимарат кеңес дәуірінде, 1968-1970 жылдары салынып, 1970 жылы В.Лениннің 100 жылдығында ашылған. Солайша, мәдениет орталығы кеңестік көсемнің есімімен аталды, ғимараттың жанындағы қазіргі Достық көшесі де Ленин атында еді. 1991 жылы 10 желтоқсанда Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың ресми қызметін бастауына байланысты салтанатты жиын өтеді. Дәл сол кезден бастап ғимарат «Республика сарайы» деп өзгерді. 2008 жылы 21 наурызда Республика сарайына «Республикалық маңызы бар тарих, мәдениет, қала құ­рылысы және архитектуралық ескерт­кіші» мәртебесі берілді. Кеңестік ке­зең­дегі Брежнев атындағы алаң да тә­уелсіздік алған жылдары Республика алаңы атауын алды. Республика алаңы – Алматыдағы ең үлкен алаң әрі 1980 жылы Қазақстан астанасының басты алаңы ретінде ашылған. 1992 жылы алаңда алғаш рет Наурыз мерекесі тойланады. Бүгінде алаңда мерекелік іс-шаралар, әскери шеру, халықтық серуен, салтанатты жиындар өтеді. Қарағанды облысында да 2 сквер Республика аты­на берілген. Ал Солтүстік Қазақстан об­лысында Республика күні көшесі бар.  

Мәнін түсінген жан үшін әрбір құрамдас бөлікте тарих жыры мен сыры бар, көше мен кешеннің, тіпті кәсіптің аты да егемендіктің, елдіктің белгісіндей үнсіз сөйлейді.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 09:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары