Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Роналдудан қайран болмады...

Роналдудан қайран болмады...

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«К» тобында алғашқы матчын өткізген Португалия мен Конго Демократиялық Республикасының құрамалары тең тарқасып, бір ұпайдан еншіледі. Ойынның 6-минутында жартылай қорғаушы Жоау Невеш есеп ашып, Португалия құрамасын алға шығарды. Бірінші таймның негізгі уақытына қосылған 5 минуттың ішінде Конго құрамасының шабуылшысы Йоан Висса таразы басын теңестіріп, өз елінің тарихында әлем чемпионатында гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Жаһандық мундиальға 1974 жылдан кейін екінші мәрте ат ізін салған африкалық құрама осылай азуын көрсетіп, тұңғыш рет ұпай олжалады.

АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «Эн-Эр-Джи Стэдиум» стадионында өткен ойында әлемнің таңдаулы футболшысы Криштиану Роналду жарқырап көріне алмады. 41 жас­тан төрт ай асқан саңлақ алтыншы рет әлем чемпионатына қатысып отыр. Роналду матч барысында оның шау тартып, шалдыға бастағаны анық байқалды. Алаңда бар-жоғы да аса білінбеді. Ортекедей ойқастағанда түлеп сала беретін сұрмерген сарқыла бастағандай әсер қалдырды. Тіпті әріптестері алдына әкеп, аяғына салып берген доп­ты қақпаға дәл бағыттай алмай, пұшайман күйге түсті. Роналду алаңда 90 минут бойы төбе көрсетіп жүргені болмаса бауырын жаза, қолтығын сөге көсіле алмады.

«К» тобындағы екінші матч Мексикада өтті. Мехиконың әйгілі «Ацтека» стадионында Өзбекстан мен Колумбия құрамалары шеберлік байқасты. Әлем чемпионатына тұңғыш рет ат байлаған өзбек ағайынның ұлттық құрамасы жаһан додасын жатырқаған жоқ. Жасыл алаңда жасын ойнатып, қарсыластың қысымына тойтарыс бере жігер танытты. Қорғаныс шебінің мықтылығы соншалық, колумбиялық футболшыларды тырп еткізген жоқ. Олай дейтініміз колумбиялық шабуылшылар Өткір Жүсіпов қорғаған Өзбекстан ұлттық құрамасының қақпасына алғашқы тура соққыны тек 17-минутта ғана бағыттай алды. Англияның «Манчестер Сити» командасында ойнайтын талантты Абдуқадыр Хусанов бастаған тасқамал қорғанысты бұза алған жоқ. Дегенмен де мүмкіндікті мүлт жібермейтін Колумбия құрамасы діттегеніне жетті. Матчтың 40-минутында Муньос есеп ашып, колумбиялықтар алға озған. Екінші таймда еңсе тіктеген өзбек футболшылары 60-минутта гол соқты. 22 жастағы Өзбекстанның алтын айдарлы сақасы Аббосбек Файзуллаев әлем чемпионатындағы алғашқы голын еншісіне жазды. Қаршығадай ғана жұқалтаң жігіт Колумбия құрамасының еңгезердей қорғаушыларын кәдімгідей састырды. Еуропаның еңселі клубтарында шыңдалған Елдор Шомуродов бастаған өзге жігіттер де жасындай жарқылдады.

65-минутта колумбиялық жартылай қорғаушы Луис Диас еншісіне гол жазып, командасын алға шығарды. Өзбекстан құрамасының ойыншылары қарымта шабуылды өрістету тактикасына сүйеніп, доп айырмашылығын қысқартуға барын салды. Бас төреші Энтони Тейлор (Англия) екінші таймның негізгі уақытына 8-минут қосты. 90+8 минутта алаңға 72-минутта шыққан Хаминтон Кампас үшінші голды соғып етті. Матч түгесілер тұста Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Бехруджон Кәрімовтың алыстан шірене тепкен соққысы Колумбия құрамасының қақпасы маңдайынан қайтты.

Италиялық маман Фабио Кан­наваро баптайтын Өзбекстан ұлттық құрамасы екінші матчында Пор­тугалия құрамасына қарсы ойнап, қарсыласынан ұпай олжалауға ұмтылады.

Бейсенбінің таңына ауған мезгілде Техас штатындағы Арлингтон қаласындағы «Эй-Ти-энд-Ти» стадионында «L» тобының 1-туры ойыны өтті. Англия құрамасы Хорватия футболшыларын 4:2 есебімен ұтты. Матчтың 12-минутында шабуылшы Гарри Кейн пенальтиден есеп ашып, ағылшындар алға озды. Хорваттар да қарап қалмай, 36-минутта жартылай қорғаушы Мартин Батурина таразы басын теңестірді. Бірінші таймның 42-минутында Гарри Кейн еншісіне екінші голын жазды. 45+5-минутта Петар Мұса есепті теңестіргенімен, екінші таймда хорватиялықтардың қорғанысы сыр берді. 47-минутта Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем командасын алға шығарса, 85-минутта Маркус Рашфорд нәтижені 4:2-ге жеткізді.

Бұл топтағы екінші, Гана мен Панама құрамалары арасындағы матч Канаданың Торонто қаласындағы «Би-Эм-О Филд» стадионында өтті. Матчтың негізгі уақытында есеп ашылмады, швециялық бас қазы Гленн Нюберг 5 минут қосқан еді. Калеб Йиренки 90+5-минутта еншісіне гол жазып, ганалықтар 3 ұпай олжалады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары