Сайлау күні қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Сайлау күні елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Бүгін полиция қызметі дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін қоғамдық тәртіптің сақталуы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
"Барлық дайындық алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. Ішкі істер министрлігінде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Елдің барлық өңірінен ақпарат үздіксіз, онлайн режимде түсіп отыр. Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ", – деді министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Айта кетері, полиция сайлау процесіне араласпайды. Полиция қызметкерлері дауыс беру залына сайлау комиссиясының төрағасы шақырған жағдайда ғана кіре алады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 09:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















