Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Сандар сөйлейді

Сандар сөйлейді

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұл экономикамыз әртараптана бастады дегенді білдіре ме әлде сандардың артында белгілі бір салдар жасырынып жатыр ма? Қағаздағы статистиканың әсерін халық қаншалықты сезінеді? ЖІӨ азаматтардың өмір сапасына өлшем бола ала ма?

Жалпы ішкі өнім. Қысқа күнде қырық мәрте естіп, құлақ үйренген сөз. Таныс та бейтаныс ұғым. Былайша мағынасын бұлдыр-бұлдыр білетін де шығармыз, бірақ қазбалап сұраса, тосылып қаламыз. Сондықтан алдымен терминнің түп-төркінін түсініп алайық. ЖІӨ дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер құны. Мысалы, Қазақстанды үлкен бір ауыл деп елестетейік. Бұл ауылда фермер мал бағады, наубайшы нан пісіреді, дәрігер науқастарды емдейді, мұғалім сабақ оқытады, дүкенші сауда жасайды. Соның бәрін қосып, ақшаға шағып есептегенде «ауылдың» жалпы ішкі өнімі құралады. Төленген жалақы, төселген жол, салынған үй, сатылған смартфон, тіпті смартфонға жүктелген қосымшаға дейін осы көрсеткіште қамтылады.

Ойымызды образға орап сөйлесек, ЖІӨ мемлекеттің экономикалық даму қарқ­ынын өлшейтін спидометрге ұқсайды. Ал енді сол спидометрдің тілі қандай жыл­дам­дықты көрсетіп келеді? Жақында Ұлттық статистика бюросы маңызды ақпарат таратты. 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның ЖІӨ-і 4,1 пайыз ілгері басыпты. Әсіресе құрылыс, көлік, өңдеу өнеркәсібі, сауда, байланыс салаларында ерекше өсім байқалады. Өңірлер бойынша, ең қызығы, өз қолы өз аузына жетпей, республикалық дота­цияда отырған Түркістан, Ұлытау облыс­тары мен Шымкент қаласы алға шыққан.

Шыны керек, 4,1 пайыз деген бөрікті аспанға атып қуанатындай аса жоғары нәтиже емес, алайда патша көңілді пәс қылатындай тым нашар көрсеткіш те емес. Салыстырсақ, ЖІӨ өсімі 2023 жылы 5,1 пайыз, 2024 жылы 4 пайыз болса, 2025 жылы 6,5 пайыздық межеге бір-ақ секірген. Қазіргі 4,1 пайыз – былтырғы қарқынның біршама баяулап, қалыпты ырғаққа қайта оралғанын аңғартатын орташа деңгей.

ЖІӨ-ні өрге сүйреген салаларды жаңа тізіп өттік. Көш басында құрылыс секторы оқ бойы озып тұр. Қаңтар-маусым айларында орындалған құрылыс жұмыс­тарының көлемі 15,2 пайыз артқан. Пайдалануға 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй берілген, бұл – бір жыл бұрынғыдан 6,7% пайыз артық. Рас, керемет нәтиже. Бірақ цифрға сиқырдай арбалып, таңғажайып құбылыс деп тамсанудан аулақпыз. Себебі бізде құрылыс дегенде, ең бірінші, мемлекеттік тапсырыспен салынатын мектептер мен ауруханалар еске түседі. Мұнда таза нарықтық қаты­настар емес, тікелей бюджеттік қолдау тетіктері жұмыс істейді. Мәселен, «Жайлы мектеп» секілді млрд-дық жобаларды Samruk-Kazyna Construction арқылы Ұлттық қор қаржыландырса, медициналық мекемелер жергілікті әкімдіктердің бюджетінен немесе кейін мемлекет өтеп беретін МЖӘ механизмі есебінен салынады. Сонымен қатар ипотекалық бағдарламаларға арналған млн-даған шаршы метрлер де көрсеткішті еселеп жібереді. Құрылыс компаниялары ол жобалардың ақшасын негізінен «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы», «Қазақстан Даму банкі» сияқты квазимемлекеттік ұйымдардан алады немесе мемлекет субсидиялайтын банктердің несиесіне сүйенеді. Сондықтан құрылыс саласындағы инвестициялар 38,7 пайыз көбейді деген деректі естігенде мұның қандай инвестиция екенін ескеруге тиіспіз. Демек, бюджет шығындарына иек артатын бұл саланың экономика драйвері болуға қауқары шамалы. Егер мемлекеттік инвестиция азайып, фискалдық ынталандыру тоқтаса, құрылыс секторының өсу қарқыны да күрт бәсеңдеуі ықтимал.

Екінші орындағы өңдеу өнеркәсібі 9,8 пайыз нәтижемен шектелмей, алты айда 16,2 трлн теңгенің өнімін шығарыпты. Ондағы көрсеткіш шикізаттық тау-кен саласынан (15,9 трлн теңге) асып кеткен. Елдегі 20 өңірдің 17-сінде өндіріс көлемі ұлғайған. Ең үздіктерін атап айтсақ, Түркістан облысында – 50,8 пайыз, Маңғыстау облысында – 38,9% пайыз, Алматы қаласында – 28,5% пайыз, Жетісу облысында – 27,8% пайыз, Жамбыл облысында 25,7 пайыз өсім тіркелген. Өкінішке қарай, өндіріс қуаты құлдыраған үш өңір: Ақмола облысында – 7,6 пайыз, ШҚО-да – 4,8% пайыз, БҚО-да 0,8 пайыз төмендеу бар. Саланың дамуына машина жасау кластері үлкен үлес қосқан. Оның ішінде автомобиль және электр жабдық­тарын жасау жұмысы айрықша назар аудартады. Сондай-ақ фармацевтика, химия, тамақ өнімдері, металл бұйымдары, құрылыс материалдары, сусын өндірісі көңіл көншітеді. Әрине өңдеу өнеркәсібінің аяқтан тік тұруына да мемлекет көмектесті. Арзан несиелер, су тегін субсидиялар, салық жеңілдіктері бұл секторға жан бітіргенін ешкім жасырмайды. Отандық өнімдердің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі де – күн тәртібінен түспеген күрделі мәселе.

Дегенмен ЖІӨ өсімінің 80 пайыздан астамын мұнайға қатысы жоқ салалар қамтамасыз етіп отыр. Аталмыш екі саладан басқа сауда-саттық, көлік-логистика, байланыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыттары да оң нәтижеге қол жеткізген. Бұған дейін мұнай-газ секторы алда жүретін де, өзгесі артта қа­ла­тын. Кейінгі жылдары, керісінше, шикізаттық емес секторлар экономиканың тамырына қан жүгірте бастады. Көзі қарақты әр қазақ армандайтын «дивер­сификация», «әртараптандыру» дегеннің бір белгісі осы шығар деген емескі үміт қылаң береді. Тек әйтеуір уақытша құбылыс болмай, ұзақмерзімді үрдіске айналса игі дейміз.

Айтпақшы, осындайда «ЖІӨ-мен бірге тұрғындардың тұрмысы да 4,1 пайыз жақсарды ма?» деген заңды сұрақ туады. Мамандардың сөзінше, ЖІӨ өмір сапасын өзгертпейтін тауарлар мен қызметтер құнын да есептейді. Біреу жол апатына ұшырап, аурухана төсегіне таңылса да, ЖІӨ артады. Өйткені техника жөндеу орталықтары қираған көлікті қалпына келтіріп ақша табады, жарақат алған адам дәрі-дәрмекке шығындалып, айналымдағы қаржыны көбейтеді. Мәселен, сауда саласы ЖІӨ 5,7 пайыз ұлғайған. Әйтсе де, базардағы баға шарықтап барады. Бағаның өсуі сауданың өсуіне әкеледі. Сөйтіп, даму иллюзиясы пайда болады. Сіз былтыр 1 литр майды 900 теңгеге алсаңыз, биыл 1200 теңгеге алуыңыз мүмкін. Сатылым сомасы, ақша массасы өседі, алайда азаматтардың тұтыну қабілеті көтеріле ме – ол бөлек әңгіме. Яғни ЖІӨ деңгейі халықтың жағдайымен көп ретте сәйкеспей жатады. Кезінде «жалпы ішкі өнім» терминін айналымға енгізген экономист, Нобель сыйлығының иегері Саймон Кузнецтің өзі: «Жалпы ішкі өнім ұлттың әл-ауқатын толық өлшейтін әмбебап құрал емес», – деп ескерткен.

Айдар ДӘУІТҰЛЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 05:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары