Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Саннан сапаға көшу бизнесті өркендетудің басты шарты

Саннан сапаға көшу бизнесті өркендетудің басты шарты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шағын және орта бизнес ел экономикасындағы ең серпінді саланың біріне айналды. Оның ІЖӨ-дегі үлесінің артуы кәсіпкерліктің саны жағынан тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Дегенмен сарапшылар ендігі басты міндет бизнесті жаңа деңгейге көтеру екенін айтады.

Орта бизнестің ортаймауы маңызды

Мемлекеттік қолдау құралдары кәсіп ашуға қолайлы жағдай жасап отыр. Бірақ ұзақмерзімді тиімділік үшін кәсіпорындардың кеңеюі, жаңа сатыға өтуі, технологиялық жаңаруы, сондай-ақ нарықтағы бәсекеге бейімделуі шешуші мәнге ие.

Экономист Руслан Сұлтанов ел экономикасындағы ендігі басты міндет – сандық өсімнен сапалық өсімге көшу екенін айтады. Оның пікірінше, өндіріс көлемі мен экспорттың ұлғаюы экономиканың орнықты дамуына толық кепіл бола алмайды. Егер экономикада тұрақты орта буын қалыптаспаса, қызмет көрсету секторы өнімділік жағынан күшеймесе, мұндай өсім ұзаққа бармайды.

«Бүгінде ірі бизнес пен шағын бизнес арасындағы орта қабат әлсіз. Ал қызмет көрсету саласының өсімі көбіне тиімділік есебінен емес, жұмыспен қамту арқылы жүріп отыр. Жетілген экономикада қосылған құнның негізгі өсімін дәл осы орта бизнес пен қызмет көрсету секторы береді. Олар өзгеріске тез бейімделеді, жаңа үдерісті енгізеді, жаңа нарыққа шығады. Сондықтан экономикаға жай ғана саны көп шағын кәсіп емес, өсуге дайын компаниялар керек», дейді Р.Сұлтанов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер кей жағдайда бизнесін дамытуды емес, оны шағын күйінде қалдыруды таңдайды. Өйткені компания өскен сайын жеңіл­діктер азайып, талап күшейеді. Сондықтан ендігі міндет – бизнесті сақтап қалу ғана емес, оның кеңеюіне жағдай жасау. Бұл үшін бәсеке, салық, реттеу мен нарықтық қолдау тетіктері өсуге жұмыс істеуі керек.

«Орта бизнес шағын күйде қалғаннан гөрі өсу пайдалы болатын – қызметтер бәсекелесе алатын, мемлекет нарықтың орнын баспайтын, ойын ережелерін қалыптастыратын жерде пайда болады. Әрине, экономика орта қабатсыз өмір сүре алады. Тіпті өсуі де мүмкін. Бірақ қарқыны ұзаққа бармайды», дейді экономист. 

Жүйелі кәсіптің жолы ұзақ

«Атамекен» ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Гүлбану Майғарина ШОБ алдындағы бас­ты сын-қатер ретінде базалық қаржылық гигиенаның болмауын айтады.

«Өкінішке қарай, шағын бизнестің көбінде әлі күнге дейін өзінің ақша ағыны туралы айқын түсінік жоқ. Ақшалай қаражаттың қозғалысы немесе пайда мен залалдар туралы есептің болмауы алысқа апармайды. Қазіргі өзгеріс кезеңі қиындық қана емес, сүзгі де бола алады. Мен кәсіпкерлерге цифрларға инвестиция салыңдар деп айтамын. Мәселен, мәзір, персонал туралы кез келген шешім деректерге негізделуі керек», дейді Г.Майғарина.

Оның айтуынша, ұзақмерзімді келешекте жағдай тұрақты болады. Бизнеске кемінде 3–5 жылға дейінгі болжамды ойын ережелері керек. Жаһандану дәуірінде және қатаң фискалдық бақылау кезінде жүйелі ойыншы ғана өзін сақтай алады. Комитет төрағасы компаниялардың бірігуі бизнесті аман алып қалудың тағы бір тиімді жолы деді.

«Шағын дәмхана немесе дүкеннің жалғыз өзіне маркетингті, логистиканы, кәсіби есепті жүргізу қиынға соғады. Біз бизнеске саналы түрде кеңеюге қадам басуды ұсынамыз. Мысал ретінде, бизнестің бірігуі немесе франчайзингке ауысу. Үш-төрт компания біріккенде олардың әкімшілік шығыны бәріне бөлінеді. Бұл – мемлекетке де ұғынықты, өйткені ашық сектормен диалог жүргізу оңайырақ. Біз қалайда ақылды, технологиялық әрі қаржылық сауатты ұлттық бизнесті қалыптастыруымыз қажет және сондай кезең басталып та кетті», дейді Г.Майғарина.

Сарапшы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қазіргі қадамдар туралы да айтты.

«Таза парақ» тәсілі арқылы кәсіпкерлер 31 наурызға дейін салықты бұрын салынған айыппұл мен өсімақысыз төлеуге мүмкіндік алды. Бұл – жаңа құқықтық алаңда қарызсыз жұмыс бастауға шынайы мүмкіндік. Сондай-ақ қазір «Іскер аймақ» мамандандырылған диалог алаңымыз бар. Онда еліміздің өңірлеріндегі бизнес пен билік тікелей өзара іс-қимыл жасайды. Сонымен қатар отандық биз­несті франшизаға айналдыруға, халықаралық нарыққа шығуға көмек­те­­сетін кәсіпкерлерге арналған «KazBrand» ұлттық реалити-конкурсы бар», дейді ол. 

Өсімнің бір тірегі – онлайн сауда

Кәсіпкерліктің кеңеюі ең алдымен еңбек нарығындағы оң өзгерістен анық байқалады. ШОБ секторында бүгінде
4,5 млн адам еңбек етеді. Бұл – бұрнағы жылмен салыстырғанда 3,4%-ға артық көрсеткіш (4,37 млн адам). Яғни ел экономикасындағы әрбір екінші еңбеккердің қызметі – ШОБ-пен байланысты деген сөз.

Саладағы өсім өндіріс көлемінен де айқын көрінеді. Былтыр үшінші тоқ­­сан­да ШОБ субъектілерінің өндірген өнімі мен көрсетілген қызмет көлемі 73,1 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% жоғары (57,1 трлн теңге).

Ranking.kz бас директоры Седред Асретов ШОБ қарқынына маркет­плейс­тер­дің де әсері үлкен екенін айтады. Себебі ШОБ-тың ІЖӨ-дегі үлесінің өсуі елде мар­кет­плейс­тер қызметінің кеңею кезеңі­мен сәйкес келеді.

«2018 жылға дейінгі көрсеткішке қара­сақ, ШОБ үлесі іс жүзінде тұрақты си­патта болды, жылдар бойы өзгерген жоқ. Ол кезде ШОБ үлесі 25–26%-ды құрайтын. Бірақ 2018 жылдан кейін біз жыл сайын тұрақты өсімді көріп отырмыз. Бүгінде оның ІЖӨ-дегі үлесі 40%-ға жуықтады. Маркетплейстер де мұнда басты локомотив рөлін атқарды», дейді ол.

Сонымен қатар Седред Асретов плат­фор­­малардағы сатушылардың құрылы­мын нарықтың салалық сипаттамасы ре­тін­де қарастыруға болатынын айтады.

«Статистиканың өзі маркетплейстердегі сату­шы­лардың кім екенін көрсетіп отыр. Барлық сатушының 90%-ы – шағын және орта бизнес кәсіпкерлері. Олар үшін маркетплейс тауар қоятын сөре ғана емес, толыққанды жұмыс орнына айналды. Бұрын қойма, логистика, ІТ-инфра­құ­ры­лым туралы бас қатыратын еді. Ал қазір плат­­формалық шешімдер бұл қажет­ті­лік­тің бәрін жауып, кәсіпкерге тек өнімге көңіл бөлу­ге мүмкіндік беріп жатыр», дейді С.Асретов. 

Мемлекеттік қолдау тетіктері

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау ШОБ-тың маңызды тірегі болып қала береді. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, қазір несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мен «Даму қоры» ұсынатын мемлекеттік кепілдіктер кәсіп­кер­лер арасында сұранысқа ие.

«Қазір субсидиялау тетігі эконо­ми­каның басым секторындағы шағын кәсіп­керлік субъектілеріне қолжетімді. Кәсіпкерлер үшін кредит мөлшерлемесі – жылдық 13,2%. Несиелеу мерзімі – 3 жылға дейін, қарыздың ең жоғары сомасы – 200 млн теңге. Былтыр субсидиялау аясында 3,3 мың жобаға 365,7 млрд теңге несие берілді. Қолдау көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, сауда, білім, денсаулық сақтау, туризм, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен мен қызмет көрсету салаларын қамтиды», дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың тағы бір құралы – кепілдік қорлары. ШОБ-қа арналған кепілдік қоры қаржыландыру көлемі 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларды қол­дайды. Тіпті кепілмен қамтамасыз ету жет­кіліксіз болса да, кәсіпкерлерге несие алуға көмектеседі. Былтыр осы құрал арқы­лы 509,2 млрд теңге сомасында 3,1 мың жобаға қолдау көрсетілді. Оның 282,5 млрд теңгесі – берілген кепілдіктер.

Ал ірі инвестициялық жобаларға арналған кепілдік қоры 7 млрд теңгеден асатын бастамаларды қолдауды көздейді. Бұл құрал ірі жобалардың жүзеге асуы­­на жол ашады. Былтыр осы бағытта 5 жобаға 94,2 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, кепілдік сомасы 21,8 млрд теңгені құрады.

Былтырдан бастап кәсіпкерлерге арналған «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Жаңа жеңілдікті бағдарлама аясында жылдық мөлшерлеме 12,6% болып белгіленген. Ал бір қарыз алушыға 7 млрд теңгеге дейін қаржы беріледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – өнді­­­­ріс­ті кеңейту, кәсіпорындарды жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу, экономиканы әртараптандыру. Қаржыландыру, ең алдымен, өңдеу өнеркәсібі, агроөңдеу, логис­ти­ка, білім, денсаулық сақтау секілді басым салалардағы жобаларға бағыт­тал­ған. Былтыр осы бағдарлама арқылы
2,2 мың жобаға 588,2 млрд теңге көлемінде не­сие берілді.

Қысқасы, ШОБ бүгінде еңбек нарығы мен ішкі нарықтың негізгі тіректерінің біріне айналды. Ендігі кезеңде мемлекеттік қол­даудан бөлек, бизнестің технологиялық жаңаруы, қаржылық сауаты және орта буынға дейін өсуі шешуші рөл атқарады. Нарық талабына тез бейімделіп, жүйелі даму жолын таңдаған кәсіпорын ғана ұзақмерзімді бәсекеде ұтады.

Соңғы жаңалықтар

Серт және дерт

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

«Атырау» футбол клубы да жекешеленеді

Футбол • Бүгін, 08:30

Таза су тапшылығы қашан жойылады?

Мәселе • Бүгін, 08:25

Мәдени маусым басталды

Наурызнама • Бүгін, 08:20

Парапланды тізгіндеген

Қоғам • Бүгін, 08:15

50 балдырғанның тұсаукесері

Дәстүр • Бүгін, 08:10

Он сегіз мың бала асық ойынын дәріптеді

Дәстүр • Бүгін, 08:05

Парасат майданының сардары

Тұлға • Бүгін, 08:00

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 00:50

Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес

Әлем • Бүгін, 00:37

Астана – Щучинск тасжолындағы жабық дәретхана үшін филиал директоры қызметінен босатылды

Оқиға • Бүгін, 00:23

Атырау облысындағы отбасы өлімі: Күдіктіге тағы бір айып тағылды

Оқиға • Кеше

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Спорт • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 09:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары