Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Сарапшы базалық мөлшерлемені көтермегенде қандай жағдай болатынын айтты

Сарапшы базалық мөлшерлемені көтермегенде қандай жағдай болатынын айтты

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Оның айтуынша, бұл ұзақ уақыт бойы күтілген шешім, сондықтан да ол қатаң сипатқа ие. Ұлттық Банк күткен таңғажайып жағдай экономикада орын алмады. Тамыз бен қыркүйек айларындағы мәліметтер бұл реттегі үмітті түбегейлі жойды. Бойын тіктеген инфляция еш ауыздықтауға келмеді.

"Бір жағынан экономика шектен тыс қызып кетті: ЖІӨ-нің рекордтық өсімі (жыл басынан бері +6,5%), тағы бір жағынан сұранысты арттырып, экономикаға көптеп жұмсалған бюджеттік ақшалар. Үлкен ақша массасы нарыққа жол тартты, бірақ тауарлар мен қызметтердің саны оның ізінен "қуып жете алмай қалды". Сонда ақша қайда баруы керек? Әрине, бағаға. Біз соның нәтижесінің куәсі болып отырмыз: жылдық инфляция 12,9%-ға дейін, ай сайынғы инфляция 1,1% -ға дейін өсті. Мұндай жағдайда бізде екі таңдау ғана болды: "қымбат ақша" немесе ертеңгі бағаға қатысты бақылау мен теңгеге деген сенімді толықтай жоғалту", - дейді Telegram-дағы Tengenomika арнасының авторы.

Ол бұл шешімнің созылып барып, қабылдануына не түрткі екеніне де тоқталды.

"Маусымдық кезеңдегі үміттерден бөлек, реттеуші орган ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТРТ) қайта қарау және тұтынушылық несиелеуді шектеу тұрғысындағы жұмсақ "сақтандырғыштарды" іске қосылуы үшін уақыт керек деп санады. Бірақ бұл бірден жеміс беретін шаралар болмай шықты, қыркүйек айында жүйеде өтімділік профициті болжамды 3,5 трлн теңгеден 2 трлн теңгеге дейін қысқарды. Инфляциялық шоқ бұл шаралар әсер бергенге дейін тез "өртке" айналды. Осыны түсінген кезде ғана тарифтерді күрт көтеруге тура келді", - дейді ол.

Базалық мөлшерлемені көтермесе не болар еді?

"Бұл арадағы қорқыныш - "түрік сценарийі". Ондағы билік инфляцияның кең қанат жайғанына қарамастан экономикаға үлкен зиян келтіретін ынталандыру шараларына көп жүгінді. Әрине, қысқа мерзімді перспективада бұл әдемі сандарды алға тарта алады, бірақ ақыр соңында зор өкініш тудырып, тұрақтылықтың жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін. Мөлшерлемені көтерудегі негізгі міндет - теңгелік активтерге деген тартымдылықты шұғыл қайтару. Төмен нақты кірістілік (14,3% деңгейіндегі депозиттердің орташа мөлшерлемесі 12,9% инфляцияны әрең жапқандай) өткеннің қойнауында қалуы керек. Егер банктер әрекет етіп, салымдар бойынша ставкаларды көтерсе, адамдарға ақшасын теңгеде сақтау әлдеқайда тиімді болады деп санаймын", - дейді экономист.

Банктер үшін базалық мөлшерлеменің көтерілуі нені білдіреді?

"Банк секторы үшін жеңіл ақша дәуірі аяқталуға жақын. Қаржы секторы үшін базалық мөлшерлеменің көтерілуі төбеден құйып жіберген суық сумен тең. Банктер дәстүрлі несиелеу тәсілі арқылы ақша табуды ұмытып бара жатқандай. Өтімділіктің үлкен профицитінен және бос ақша мен қымбат тұтынушылық несиелер арасындағы үлкен айырма есебінен оңай ақша табуға болатын модель жұмысын тоқтататын болады. Бұл банктерді әрекетке көшуге итермелуі тиіс: қарыз алушыларды бағалау шараларын қатайту және несиелерді оңға-солға шашып, бере беруді доғару. Ең бастысы, өсім, даму үшін жаңа, күрделі нүктелерді белсенді түрде іздеуі керек, мысалы, тәуекелдерді терең талдауды қажет ететін нақты секторды несиелеу дегендей, тек қана ешнәрсеге бас ауыртпай, бір орыннан жаппай несиелеуге беріле бермей", - дейді Сұлтанов.

Оның болжамынша, жылдың соңына дейін валюта нарығы басты тәуекел көзінің бірі болып қала береді.

"IV-тоқсан - дәстүрлі түрде ең турбулентті уақыт. Осы кезеңде жылдық бюджеттерді жаппай игеру басталады, бұл импортқа, демек, шетел валютасына деген сұранысты күрт арттырып, теңге бағамына қысым жасайды. Сондықтан, бәлкім, жоғары базалық мөлшерлеме бізде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін және жылдың соңына қарай оны тағы да жоғарлатуы мүмкін. Келесі жылы Үкімет "фискалдық шоғырландыруды" жоспарлап отыр (салықтардың өсіру және ұсталатын шығындар). Егер бұл саясат дәйекті болса және квази-фискалды ынталандыруға да әсер етсе, онда инфляцияның тұрақты баяулауын 2026 жылдың соңына қарай күтуге болады. Мүмкін, осы уақытқа дейін базалық мөлшерлемені төмендетуге болатындай кеңістік пайда болар, бірақ әзірге "қымбат ақшаның" кезеңі дәуірлейтін болады", деп нақтылайды ол.

Экономист Ұлттық Банктің қадамын жаманның ішіндегі ең кішкенесін таңдау деп түсіндіреді.

"Әрине, уақыт жағынан дауласуға болады, бірақ ештен кеш жақсы деген бар емес пе? Жоғары инфляция азаматтардың әл-ауқат жағдайын төмендетеді. Сондықтан басқа жүрер бізде ұтымды жол қалмады. Қазіргі басты міндет – күтілетін қауіпті тәуекелдердің деңгейін төмендету және елді тұрақтылық жолына қайтару, тіпті экономиканы уақытша "салқындату" тұрғысынан болсын. Бұл шара жақын болашақта бақылауға келмейтін, әлдеқайда ауыр зардаптарға әкелетін экономиканың "қызып кетуі" түріндегі қауіптен әлдеқайда жақсы көрініп тұр", деп сөзін түйіндейді Руслан Сұлтанов.

Айта кетейік, 2025 жылы 10 қазанда ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 1,5 пайыздық тармаққа көтеріп, 18% деңгейінде белгіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 18:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары