Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Сауалнама қай партиялардың бір электоратқа таласатынын көрсетті

Сауалнама қай партиялардың бір электоратқа таласатынын көрсетті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме бойынша жүргізілді. Қоңырау соғу ұялы және стационарлық телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылды. Сауалнама Орталық сайлау комиссиясының ресми хабарламасына сәйкес жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алынған мәліметтер азаматтардың алдағы электоралдық процеске деген ағымдағы қызығушылығын бағалауға мүмкіндік береді.
«Сіз 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?" деген сұраққа респонденттердің 70,3%-ы сайлау учаскелеріне келуге ниетті екенін айтты. Ал 23,3%-ы дауыс беруге қатысуды жоспарламайды, тағы 6,4% әзірге нақты жауап бере алмайтындарын айтқан.
Осы ретте қала мен ауыл арасындағы электоралды белсенділікте айтарлықтай айырмашылық байқалған жоқ. Сайлауға келуге дайындық бойынша қала мен ауыл тұрғындары арасындағы алшақтық шамамен екі пайызға тең.
Ең белсенді топ – 46-60 жас аралығындағы сайлаушылар: олардың дауыс беруге қатысуға дайындығы 18-28 жас аралығындағы жастарға қарағанда шамамен 10%-ға жоғары. Ерлермен салыстырғанда әйелдер арасында дауыс беруге қатысатындардың саны 5 пайызға көп екені анықталды. Ал аса ынталы электоралдық белсенділік тіркелген топ жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар респонденттер болды.
Сонымен қатар  зерттеуге қатысқандар 23 тамызда өтетін сайлауда қай партияға дауыс бергісі келетінін көрсетті.
Респонденттерге «Құрылтай сайлауында қандай саяси партияға дауыс бересіз?» деген сұрақ қойылды.
Электоралды рейтингте бірінші орында «Әділет» партиясы тұр: бұл партия үшін респонденттердің 64,8%-ы дауыс беруге дайын. Сауалнама бойынша, партия барлық әлеуметтік топтарда бәсекелестерінен озық, партия жақтастарының арасында жастардың басымдығы айрықша байқалады.
5,4% көрсеткішпен «Ауыл» партиясы – екінші орында. Бұл партия үшін дауыс беретіндердің қатары ауылдық жерлерде қаламен салыстырғанда бір жарым есе көп екені анықталды. Партияның өз жұмысында дәл осы электоратқа ден қоятынын ескергенде, бұл айырмашылық қисынды.
Respublica және «Ақ жол» партияларының электорат қолдауына қатысты көрсеткіштері шамалас, тиісінше,4,8% және 4,7%. Алайда олардың әлеуетті жақтастарының құрылымында белгілі бір айырмашылықтар байқалады: Respublica-ны таңдағандардың арасында бірінші кезекте қалалық жерде тұратын ер-азаматтар саны басым болса, «Ақ жол» партиясы үшін дауыс беруге ниетті респонденттердің дені – ауылдық жерлерде тұратын ересек жас топтарының өкілдері, оның ішінде ерлер мен әйелдер саны шамалас.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 3,3% және Қазақстанның  Халық партиясы (ҚХП) – 3,1% көрсеткіштерімен қатар келеді. Атап өтерлігі, ЖСДП – жақтастарының арасында кәсіптік-техникалық білімі бар респонденттер саны басым бірден-бір партия. ҚХП үшін дауыс берем деушілердің дені – ең жас және ең егде респонденттер.
«Байтақ» жасылдар партиясы үшін сауалнамаға қатысқандардың 0,8%-ы дауыс беруге дайын екенін айтқан. Партия жақтастарының басым бөлігі егде жастағы ауыл тұрғындары екені анықталды.
Телефон арқылы сауалнама барысында сайлауда дауыс беру кезінде «Барлығына қарсы» нұсқасын респонденттердің 2,2%-ы таңдауға ниетті екендерін айтқан.
Респонденттердің 10,9%-ы әлі нақты таңдау жасамаған немесе жауап беруге дайын емес.
Жалпы зерттеу нәтижелері сайлау науқаны басталған тұста азаматтардың электоралдық таңдаулары қарқынды түрде қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Партиялардың ақпараттық және жұмылдыру жұмыстары азаматтардың сайлауға қатысты ұстанымдары мен саяси таңдауларына ықпал ететін маңызды факторлардың біріне айналып отыр.
Қазақстандық қоғамдық даму институты деректерді ОСК-ның 2026 жылғы 8 шілдедегі №ОСК-11-07/1290 жазбаша хабарламасына сәйкес жариялайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 18:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары