Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Сауданың бір қызығы кэшбэк деген...

Сауданың бір қызығы кэшбэк деген...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақша тиыннан құралады дейміз. Кэшбэк – дәл осы қағидатқа дөп келетін қаржы үнемдеудің бір тетігі. Бұл дегеніңіз – банк картасымен жасалған әр төлемнің белгілі бір саласы өзіңізге қайтып келуі. Осы тәсілді ұтымды әрі сауатты қолдана білсеңіз, қалтаңыздағы қаржыны әжептәуір үнемдей аласыз. Қазір банктер өздеріне клиент тарту мақсатында кэшбэк жүйесін жиі пайдаланады. Мемлекет те қарапайым фискалдық чекті пайда әкелетін құралға айналдырып, жұртшылықты ынталандырып отыр.

Сурет: freepik.com

Иллюзияға айналуы мүмкін

Кэшбэктің қызығына түсіп алғандар бұл құралды ұтымды пайдаланады. Дегенмен де көпшілік кэшбектің қыр-сырын әлі дұрыс меңгере алмай жүр. Экономист Руслан Сұлтановтың айтуынша, кэшбэк ұғымының артында таза математика тұр. Кейде сол математика адамды байқатпай тұзаққа да түсіреді.

«Джордж Клейсон «The Richest Man in Babylon» кітабында кім өз шығынын есептемесе, сол өз алтынын басқаға береді деп жазады. Кэшбэк шынымен пайдалы болу үшін бір ғана шарт бар. Ол ақшаны жос­пардан тыс артық жұмсауға итермелемеуі керек. Егер ай сайын карта арқылы 200 мың теңге жұмсасаңыз, кэшбэк 1,5% болса, онда 3 мың теңге қайтады. Бір жылда 36 мың теңге болады. Бұл шамамен тәуекелсіз 1,5-2% жылдық табысы бар депозитпен тең нәтиже. Яғни дұрыс қолданса, бұл ұсақ ақша емес, тиыннан құралатын пайдалы қаржы. Кэшбэк әсіресе күнделікті ұсақ-түйек шығындарға тиімді. Тамаққа, дәріханаға, жолақыға бәрібір ақша жұмсайсың. Сол кезде төлемақының бір бөлігін кэшбэкпен төлесеңіз, күнделікті қаржыңызды едәуір үнемдегеніңізді байқайсыз», дейді сарапшы.

Бірақ бұл жерде көзге көрінбейтін тәуекелдер де бар. «Your Money and Your Brain» кітабында Джейсон Цвейг адамның миы бонус көргенде дофамин алады деп жазады. Сол кезде адам «пайда көріп жатырмын» деген сезіммен өзіне керегі жоқ артық зат сатып ала бастайды екен. Нәтижесінде, кэшбэктен түскен пайда артық шығынмен жұтылып кетеді. Тағы бір мәселе – лимит пен шарттар. Көп банкте ай сайынғы кэшбэк 15 мың теңгеден аспайды. Кейбір төлемдер мүлдем есепке алынбайды. Коммуналдық қызмет, салық, аударым сияқты шығындар көбіне кэшбэксіз қалады. Мұны адамдар ұсақ әріппен жазылған кезде байқамай қалады.

«Ең қауіпті мәселе несие картасына байланысты. Егер қарызды уақытында жаппасаң, 20 мың теңге кэшбэк алғаныңның ешқандай пайдасы жоқ. Өйткені пайызбен әлдеқайда көп ақша жоғалтасың. Ал кей банктер нақты ақша орнына серіктестеріне ғана жарамды балл береді. Ондай балдың шынайы құны жарнамадағыдан төмен болып шығады. Сондықтан кэшбэк сыйлық емес. Бұл – адамның өз шығынының бір бөлігін қайтару ғана. Ол тек бірнеше жағдайда ғана жұмыс істейді: шығын алдын ала жоспарланған болса, бонус оңай ақшаға айналса, карта қызметі пайдаңды жеп қоймаса. Ал бұлар орындалмаса, кэшбэк тек иллюзияға айналады», деп түсіндірді Р.Сұлтанов. 

Қай банк тиімді?

«Finratings.kz» порталы сарапшысы Жанна Әмірованың айтуынша, банктер арасында клиент тарту үшін бәсеке үлкен. Қолма-қол емес төлемдер көбейген сайын әр банк өз картасын тиімді етіп көрсетуге тырысады. Бірақ нақты пайда жарнамадағы пайызға емес, адамның күнделікті ақшаны қалай дұрыс жұмсауына байланысты.

«Halyk Bank» бүгінде жаппай тұтыну­шы­ға бағытталған банк ретінде көрініп отыр. Оның бағдарламасы өте қарапайым логикаға құрылған. Адам карта немесе QR арқылы төлейді, қосымшаны қолданады, кейде билет алады немесе экожүйедегі тауарды сатып алады. Соның бәрі автоматты түрде есептеліп, деңгейі өзінен-өзі өседі. Мұнда ай сайын категория таңдап, шарт қуалап жүрудің қажеті жоқ. Кім картаны жиі қолданса, соғұрлым ақшаның қайтарымы артады. Бұл әсіресе отбасы бар адамдарға, тұрақты шығыны барларға ыңғайлы. «Kaspi.kz» көбіне сатып алу мен онлайн саудаға бейім адамдарға қолайлы. Бұл банктің басты артықшылығы – серіктестері мен Kaspi дүкені. Әсіресе ірі тауар алған кезде бонустың нақты жеңілдігін сезуге болады. Ал экожүйеден тыс жерлерде оның пайдасы онша байқалмайды. «Alatau City Bank» тәртіпті клиенттерге арналған деуге болады. Мұнда барлық сатып алуға базалық бонус бар. Ал жоғары категориялар белгілі бір шарт­тарды орындағанда ғана қосылады», дейді сарапшы.

Ж.Әмірованың айтуынша, егер жарнама мен әдемі пайыздарға емес, күнделікті өмірге қарасақ, тиімділік анық көрінеді. Күнделікті шығын мен тұрақты кэшбэктерге Halyk Bank қолайлы. Зат сатып алушыларға «Kaspi.kz» тиімді. Бір экожүйеде өмір сүруге дайын адамдарға «Freedom Bank» қолайлы. Ал тыныштық пен классикалық үлгіні қалайтындар үшін «Банк ЦентрКредит» пен «ForteBank» – дұрыс таңдау. Жалпы ең тиімді банк деген нұсқа жоқ. Қаржысын қалай жос­парлауды әркім өзі шешеді, өмір сүру салтына қарай банк карталарын өзі таңдайды. 

Кэшбэктің қандай түрі бар?

«Freedom Bank»-те бір клиентке айына есептелетін кэшбэктің ең жоғары мөлшері – 300 мың теңге. Яғни бір айда қанша көп сауда жасасаң да, кешбэк осы сомадан аспайды. Кэшбэк «Freedom Bank» картасы арқылы «Freedom Bank» терминалында төлем жасағанда ғана есептеледі.

Банктің «Үлкен айырмашылық» деген акциясы бар. Соның аясында телефон сатып алсаңыз, ақшаңыздың 30%-на дейінгі бөлігін қайтарып ала аласыз. Оның үстіне бұл кэшбэк нақты ақша ретінде картаға түседі. Акцияның жұмыс істеу тәртібі өте қарапайым. Смартфонды дүкеннен, интернет арқылы сатып алуға да болады, тіпті «Freedom SuperApp» арқылы төлеуге де мүмкіндік бар. Ең бастысы, төлем «Freedom Bank» картасымен жасалуы керек. Төлем өткен бойда кэшбэк бірден картаға түседі. Түскен кэшбэкті қалаған дүниеге жұмсауға болады. Мұнда тағы бір маңызды тұс бар. Кэшбэк тек бірден төленген сатып алуға ғана емес, бөліп төлеу арқылы немесе несиеге алынған смартфонға да есептеледі.

«Freedom Bank»-тің бір айырмашылығы, кэшбэк бастапқыда теңгемен есептеледі, бірақ клиент инвестициялық валюта «Freedom»-ды қосса, ол автоматты түрде биржалық ноталарға, яғни ETN-ге айналады. Осы сәттен бастап кэшбэк жай ақша емес, инвестициялық активке айналады. Бұл жүйе кездейсоқ енгізілген жоқ. 2024 жылы «Freedom Bank»-тің кэшбэк бағдарламасы реттеуші органдардың тексеруінен өтті. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк оның заңнамаға толық сәйкес келетінін растады.

Ал «Kaspi Bank»-те бонус тұрақты емес, тек акция кезінде, көбіне қомақты ақшаға алынған тауарларға ғана беріледі. Жақсы пікір қалдырғандарға 50 теңгеден бастап, 500 теңгеге дейін бонустар береді.

Еуразиялық банкте 1 ақпаннан бастап «Mastercard World» экокартасы қолданысқа енді. Клиентке бірден 500 бонус беріледі. Экокартада арнайы санаттар белгіленген. Саяхат, мейрамхана мен кафе, киім мен аксессуар, авто, денсаулық, супермаркет санаттары бойынша 1% бонус беріледі. Ал «Ойын-сауық» санатында бонус 30%-ға дейін жетеді. Қосымша бонус та бар. Туған күнде 5% бонус беріледі. «Eurasia36.kz» сайтында сақтандыру полисін онлайн рәсімдегені үшін тағы 5% бонус қосылады. Экокарта бойынша ай сайынғы бонус лимиті 30 мың бонустан аспайды. 

Чек алсаңыз, ақша қайтады

Қазір қарапайым фискалдық чек те пайда әкелетін құралға айналды. Мемлекет іске қосқан «Salyq кэшбэк» жобасы соны көрсетіп отыр. Дүкеннен немесе қызмет алған жерден чек талап етіп, «Amian» деген арнайы мобильді қосымша арқылы сканерлеп, ақшаңыздың бір бөлігін қайтарып алуға болады. Сатып алған соманың 2%-ы қалтаңызда қалады. Оны банк картасына аударуға болады, ұялы телефонның балансына салуға мүмкіндік бар.

Жобаның нәтижесі де бар. 2025 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша тұтыну­шы­ларға төленген кэшбэк сомасы 127 млн тең­геден асқан. Қанатқақты жоба жүзеге асы­рылып жатқан өңірлерде оң өзгерістер байқалады. Берілген фискалдық чек саны 48%-ға өскен. Ал сол чектер бойынша жалпы сома 38%-ға артқан. Былтыр фискалдық чек алып, оны арнайы қосымша арқылы сканерлеген азаматтарға мемлекет тарапынан 152 млн теңге кэшбэк төленді. Былтыр 573 мың фискалдық чек сканерленген, жалпы сомасы 7,6 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Жоба еліміздің 12 облысындағы 48 ауданда жүзеге асырылды. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Сонымен қатар Жетісу мен Ұлытау облыстары да жобаға қатысқан. Жоба биылғы қаңтардан бастап жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 09:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары