Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Семей қаласындағы Водный кентінде заманауи спорт кешені ашылды

Семей қаласындағы Водный кентінде заманауи спорт кешені ашылды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Спорт нысанының құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталып, қысқа мерзім ішінде тұрғындардың игілігіне берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

«Естеріңізде болар, былтыр 2 мамыр күні осында арнайы келіп, жалпы аумағы 3400 шаршы метр болатын спорттық нысанның капсуласын салған болатынбыз. Міне, небары 9 айдың ішінде халықтың игілігіне бергелі тұрмыз. Осы маңайдағы тұрғындарды қуанышты жаңалықпен құттықтаймын. 2025 жылы өңір тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін Жаңасемей, Мақаншы, Бородулиха аудандарында осындай 3 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Бүгін 2026 жылы алғаш болып Водный кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына жиналып отырмыз. Бұл – Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмаларын іске асыру аясында Абай облысында олимпиадалық спорт түрлерін дамыту, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір парасы ғана. Сонымен қатар, Президенттің қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында Шымкент қаласы Водный кентіндегі №34 мектептің жанынан жаңа мәдениет үйін салып бермек. Құрылысы көктем шыға басталады. Аталған нысан тұрғындар үшін мәдени-рухани және спорттық орталыққа айналады», – деді облыс әкімі.

Off take келісім аясында бой көтерген екі қабатты кешен заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұндағы спорт залдары мен жаттығу алаңдары тұрғындардың спортпен жыл бойы шұғылдануына мүмкіндік береді. Бірінші қабатта волейбол, баскетбол, футзал сияқты спорт түрлеріне арналған ойын залы, екінші қабатта күрес залы орналасқан. Алдағы уақытта алты бапкер жұмыс істейтін болады.

Водный кентінің тұрғындары жаңа спорт нысанының ашылғанына ризашылықтарын жеткізді.

«Осындай әлеуметтік нысандардың салынуы жастарымыздың спортпен тұрақты айналысуына үлкен мүмкіндік береді. Келешекте еліміздің көк байрағын әлемдік, халықаралық және олимпиадалық дәрежеде желбірететін чемпиондар шықсын деп тілеймін. Қаладан шеткері жатқан аудандарға жақсы көңіл бөлініп жатыр. Былтыр кентімізде мектеп ашылды, тағы басқа да нысандар салынғалы жатыр. «Водный» және «Восход» кенті тұрғындарының атынан алғыс айтамыз», – деді Водный кентінің тұрғыны Болатхан Бөгісов.

Өткен жылы Водный кентінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Восточный кентінде осы бағдарлама шеңберінде 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағытында төрт көшеде электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. «Водный» және «Восход» елді мекендерінде жалпы ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын көше жолдарына асфальт төселді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Абай облысында 18 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Семей қаласындағы Ұшақтар және Бобровка кенттерінде Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Бұл инфрақұрылым өңір спортшыларының халықаралық деңгейдегі жарыстарға сапалы дайындалуына зор мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:222
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 13:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары