Семейде үлескерлерді 3 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшылары сотталды
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: gov.kz
Тергеу мәліметінше, олар 2022-2025 жылдар аралығында Семей және Өскемен қалаларындағы үлескерлерден заңсыз түрде жалпы сомасы 3 млрд теңге жинаған. Оның ішінде әр қаладағы үлескерлерден шамамен 1,5 млрд теңгеден қаражат тартылған.
Сондай-ақ олар Irtysh Riverside тұрғын үй кешенінен пәтер брондау кезінде 13 клиенттен 193 млн теңге иемденген. Аталған шығын толық өтелген.
Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы үлескерлердің қомақты қаражатын қалтасына басқан
Айыпталушылар өз кінәларын мойындамағанымен, сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылықты ескере отырып, оларға нақты жаза тағайындады.
Компания басшысы Ж.-ға 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Оның сыбайласы Р. 4 жылға сотталды. Екеуіне де алдағы 10 жыл бойы құрылыс саласында жұмыс істеуге тыйым салынды.
Ал іс бойынша үшінші тұлға Н.-ға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Алайда оның эпизоды бойынша келтірілген залал толық өтелгендіктен, рақымшылық негізінде жазадан толық босатылды.
Астанада үлескерлерді алдаған тұрғын үй кешендеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сот жәбірленушілердің 149 млн теңге көлеміндегі азаматтық талап-арыздарын қанағаттандырды. Өтемақы төлеуді қамтамасыз ету мақсатында сотталғандардың мүлкіне салынған тыйым күшінде қалдырылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Маусым 2026 23:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















