Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда сенаторлардың жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіру мақсатымен өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысы талқыланды және халықаралық келісім ратификацияланды.

Реформаның мақсаты – Тәуелсіздікті күшейту

Жаңа Конституция жоба­сының негізгі ереже­лерін тү­сіндіру аясында сенатор­лардың өңірлерге жасаған са­пар­ларының қорытындысын талқылау кезінде Сенат төрағасы соңғы апталарда депутаттардың қатысуымен елдің барлық облысында ауқымды аудиторияны қамтыған 600-ге жуық кез­десу мен іс-шара өткізілгенін айтты.

Сонымен қатар М.Әшімбаев Мемлекет басшысының жаңа Конституция саяси институттарды жүйелі түрде жаңғыртуға және елімізді заманауи әрі тиімді басқару моделіне кезең-кезеңімен көшіруге бағытталған тарихи қадам екені туралы айтқан сөзіне назар аударды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен кейінгі жылдарда ауқымды жаңғырту жүзеге асырылып жатыр. Конституциялық реформа – осы жүйелі өзгерістердің дәйекті жалғасы. Бұл еліміз үшін тарихи шешім болды. Конституциялық реформаның стратегиялық мақсаты – Тәуелсіздікті күшей­ту, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың өмір сапасын арттыру. Сондай-ақ жаңа Конституция – жаңа сын-қатерлерге уақтылы беріл­ген жауап және мемлекет­тің ор­нықтылығының негізі. Аталған реформа азаматтардың құқы­ғын қорғауға және қоғаммен шынайы диалог орнатуға бағыт­талған заманауи әрі тиімді саяси модель қалыптастырады», деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын мемлекеттің ең жоғары құндылығы әрі негізгі ба­сымдығы ретінде жариялау жаңа Ата заң жобасындағы ма­ңызды өзгерістердің бірі екені айтылды.

«Жаңа Конституция саяси жүйені жетілдіріп қана қоймай, мемлекеттіліктің парадигмасын түбегейлі жаңғыртады. Реформаның негізгі басымдығы – адам. Оның өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде айқындалып отыр. Осылайша, жаңа Ата заң билік жүйесін азаматтардың мүддесін қорғаудың тиімді теті­гіне айналдырады. Сенаторлар қоғам өкілдерімен, сарапшылармен, азаматтық сектор және жастармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, жаңа Конституцияға байланысты референдум өткізуді толық қолдайды. Еліміз үшін осы тарихи кезеңде халқымыздың бірлігі мен ынтымағы айрықша маңызға ие. Сондықтан 15 нау-рызда өтетін референдумға әрбір қазақстандықтың қаты­суы Әділетті, әлеуметтік әрі өркен­деген Қазақстан құруға қосылған үлес екені сөзсіз», деді Сенат төрағасы.

Өңір халқы өзгерістерді қолдайды

Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында жуырда сенаторлар өңірлерге сапарға шығып, халықпен кездесіп қайтқан болатын. Отырыс барысында бірқатар депутат сөз алып, сол кездесулердің нәтижесі жа­йында мәлімет берді.

Сенатор Руслан Рүстемов халықтың пікірлері мен ұсы­ныстары жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында нақты ескерілгені туралы айтты.

«Өңірлердегі кездесулер барысында азаматтар Прези­дентіміз бастамашы болған ауқымды саяси реформаға толық қолдау білдіріп, жаңа Конституцияны қабылдауды еліміздің саяси жаңғыруының маңызды кезеңі ретінде баға­лады. Халық өкілдері алдағы республикалық референдумға қатысуға дайын екенін жеткізіп, Ата заңды жаңарту мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Мәселен, Қызылорда облысының тұрғыны Махамбетәлі Әбдіхамитұлы Конституция мәтініндегі «Гимн» терминін ана тіліміздегі «Әнұран» сөзімен алмастыруды ұсынады. Алғашында ұсы­ны­­сының назарға алынарына күмәнмен қараған 33 жаст­ағы жас ұстаз көп ұзамай Консти­туциялық реформа жөніндегі ко­миссиядан ресми жауап алға­нын, оның ұсынысы қолдау тап­қанын айтады. Нәтижесінде, жаңа Конституция жобасындағы Мемлекеттік рәміздер туралы 11-бапта «Гимн» термині «Әнұран» деп өзгертілді»,  деді ол.

Сенатор Бибігүл Аққожина сапар барысында шағын және орта бизнес өкілдерімен, аграршылармен, жастармен, сондай-ақ кәсіпорындар және білім ұйымдарының ұжымдарымен кездесулер өткенін айтты.

«Ел экономикасының өсуі мен жаңғыруының қозғаушы күші болып табылатын кәсіпкерлік қауымдастығымен диалогке ерекше назар аударылды. Кездесу­лер барысында жерлестеріміз жаңа Конс­титуция жобасына қатыс­ты пікірлері мен ұсыныс­тарын бел­сенді түрде білдірді. Көп­теген алаңда жүргізіліп жатқан реформаларға және Мемлекет басшысының әділетті, ашық әрі тиімді мемлекет құруға бағытталған саясатына жоғары қолдау білдірілді», деді депутат.

Нұрлан Бекназаров өңір­лер­де жергілікті мәслихаттармен бірлесіп, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, қоғамдық ұйым­дар өкілдері және жастармен ауқымды кездесу өткенін тілге тиек етті.

«Барлық іс-шара орталық және жергілікті телеарналарда, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, белсенді ақпараттық қолдау тапты. Комитет мүшелерінің аймақ­тарда атқарған жұмыстары Комитет отырысында да талқы­ланып, қорытындылан­ды. Кездесулер Астана, Алматы,  Шымкент қалаларында, сон­дай-ақ Абай, Түркістан,­­ Ұлы­тау, Жамбыл облыстарында ұйымдастырылды», деп негізгі көтерілген мәселелерге егжей-тегжей тоқталды.

Депутат Сұлтанбек Мәке­жанов өңір тұрғындарымен басқосуларда Ата заң жобасы, «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделіп, мемлекеттің жаңа басқару жүйесі, саяси архитек­турасын түбегейлі өзгертіп, Әділетті Қазақстанның консти­туциялық көрінісіне енген ең жоғары нормалар жинағы деп ерекше аталғанын айтты.

«Бұл ретте біраз аудан­дардың облыс орталығынан қашықтығына қарамастан, мысалы, Жамбыл облысы Мо­йынқұм ауданының, Қос­танай облысы Федоров ауданының, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары Конс­титуцияның жаңа нормаларын қолдай отырып, білім, ауылдық инфрақұрылым мәсе­лелерін шешу бойынша және қарапайым жұмысшының өміріне әсер ететін әлеуметтік кепілдіктер мәселелері көтері­ліп, қанағаттанарлық жа-уап алды. Еңбек ұжымдарымен, арда­гер­лермен, студенттермен және тұрғындармен өткен бар­лық кездесу барысында референ­дум өткізуге белсенді қатысу қажет­тігі туралы үндеулер мен қол­дау сөздері айтылды», деді ол.

Сондай-ақ отырыс барысында сенаторлар Сәкен Арубаев пен Андрей Лукин де сөз алып, өңірлерге сапар барысынан тұщымды мәліметтер берді. 

Азаматтық қорғаныстың жаңа тетігі

Палата отырысында сенаторлар «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды да қарады. Құжат табиғи апаттарға қарсы бірлесіп әрекет етуді және дағдарыс жағдайларында түркі мемлекеттері арасындағы өз­ара көмекті нығайтуды көздей­ді. Депу­тат­тардың айтуынша, бұл заң­ды қабылдау халық пен аумақ­­тардың қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету тұрғысынан стра­те­гия­лық маңызға ие. Ол төтенше жағ­дайлар кезінде Түркі мем­лекеттері ұйымына мүше ел­дердің ресурстарын жедел жұ­мыл­дыруға мүмкіндік береді. Мұндай қадамдар өңірлік тұрақ­ты­лық­ты нығайтып қана қой­май, құтқару технологиялары саласындағы экспорттық мүм­кін­діктерді де кеңейтеді.

«Қаралған келісім Түркі мем­лекеттері ұйымына мүше ел­дер­дің аумағында апаттармен және төтенше жағдайлармен тиім­­ді күресу үшін жасалып отыр. Осы мақсатпен бірлес­кен іс-ша­раларды үйлесті­руді көз­дей­тін тетіктер қабыл­дан­ды. Жал­пы, бұл заң құтқару қыз­мет­­терінің кәсіби даяр­лығын кү­шей­туге, сондай-ақ бауыр­лас ел­дер арасындағы ынты­мақ­тас­тықты нығайтуға оң ықпал­ын тигізеді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:12

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Үкімет • Бүгін, 09:00

Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды

Саясат • Бүгін, 08:55

Шыны зауытындағы бірегей жобалар

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі

Энергетика • Бүгін, 08:45

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Қоғам • Бүгін, 08:40

Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

Пікір • Бүгін, 08:38

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

Зерде • Бүгін, 08:35

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 08:33

Оқушылар қалай тамақтанады?

Білім • Бүгін, 08:30

Ата-анаға құрмет – елдік қасиет

Пікір • Бүгін, 08:28

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Тәрбие • Бүгін, 08:25

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Пікір • Бүгін, 08:22

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Білім • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 10:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары