Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

“Шағымданбаймын, талап етемін“. Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаевпен сұхбат

“Шағымданбаймын, талап етемін“. Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаевпен сұхбат

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл қызметті атқарып келе жатқанына шамамен үш жыл болды. Осы уақыт ішінде өңірде түрлі маңызды оқиғалар болды. Tengrinews.kz тілшілері еліміздегі ең ірі аймақтардың бірі саналатын Қарағанды облысының басшысымен кездесіп, шахтерлердің жағдайы, ауа сапасын жақсарту шаралары, жылыту маусымының барысы, әкімнің неге түн ортасында жұмыс чатына хабарлама жазатыны және Нығматулиндер туралы сұрақ қойды. Толығырақ - сұхбатта.

Әкімнің үйінде де жылу болмай ма?

- Ермағанбет Қабдоллаұлы, сіз әлеуметтік желілерді белсенді қолданасыз ба?

- Иә, әлеуметтік желілерді күн сайын қарап, қолданамыз. Кейде маған сын айтылған жазбаларды жіберіп отырады. Әрине, назар аударамын, қарап, тиісті шара қабылдаймыз.

- Тұрғындар не жазып жатқанын өзіңіз оқисыз ба?

- Әрине, оқимыз, талдаймыз. Telegram, Facebook, Instagram - бәрінде бармыз. Сол жерде мен де, тиісті қызметтер де бар.

- Сіздің Instagram парақшаңызды қарап шықтық. Кей пікірлерде кейбір аудандарда жылу мәселесі қозғалған. Мысалы: "Таугүл ауданында жылу жоқ. Тіпті көршіміз әкімнің үйінде де жылу жоқ", - деп жазғандар болды. Бұл жазба, шамасы, сізге қатысты айтылған сияқты. Шынында да, сол кезде үйіңізде жылу болмады ма, қазір бар ма?

- Жылу беру жүйесін іске қосу - бір сәтте шешілетін процесс емес. Тек Қарағандының өзінде жылу желілерінің ұзындығы шамамен мың шақырым болады. Сол жүйенің бәрін толтыру қажет. Алдымен әлеуметтік нысандарға - мектептерге, ауруханаларға, балабақшаларға жылу беріледі. Тек содан кейін тұрғын үйлерге қосылады.

Көпқабатты үйлерде КСК (ПИК) өз жұмысына кірісіп жатыр. Мұнда бәрі кімнің қаншалықты жылдам және сапалы жұмыс істейтініне байланысты: бірі жүйені жуып-шайып үлгереді, енді бірі инженерлік желілерді дайындайды. Сондықтан барлығына жылу бір мезетте беріледі деу мүмкін емес.

Бұл жұмыс күн сайын бақылауда. Кей тұрғындар сұрақ қойып, алаңдауы заңды. Мен де барлық тұрғын сияқты жылуды сол уақытта аламын. "Әкім болған соң бірінші қосылады" деген артықшылық жоқ. Ондай тәртіп болмайды. Иә, белгілі бір кезеңде менің үйімде де жылу болмаған, бәлкім, үй толық дайын болмаған шығар.

Бүгінде барлық тұрғын үйлер жылумен қамтылған, ешқандай проблема жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар күн сайын бақыланып отыр. Тек Приозерск (Балқаш маңындағы елді мекен) оңтүстікте орналасқандықтан, олар жылуды 14 қазаннан бастап алды, себебі ол жақта ауа райы жылырақ. Ал қалған елді мекендерде жылу қыркүйекте беріледі.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz/Маржан Қуандықова

Қарағандылықтар тағы неге шағымданады

- Шамамен бір жыл бұрын Президент сізге "жылыту маусымына дайындық барысын тиісті деңгейде бақыламағаныңыз үшін" сөгіс жариялады. Қандай қиындықтар болған еді?

- Ол кезде мәселе Саран қаласындағы орталық қазандыққа байланысты болды. Бұған дейін ол жерде ешқашан орталық қазандық болған емес. Саран кеңес дәуірінен бері шағын қазандықтар арқылы жылынып келген. Менің білуімше, олардың саны отызға жуық болатын - кейде бір қазандық бір ғана үйге немесе әлеуметтік нысанға қызмет көрсеткен.

Анықтама: 2024 жылғы қазанда Саранда орталық жылу көзінде ауқымды апат болды. Сол кезде 80-нен астам тұрғын үй бірнеше күн бойы жылусыз қалды. Кейін олардың барлығы ескі модульдік қазандықтарға қайта қосылды. Халық тарапынан жаппай шағым түскеннен кейін және жылыту маусымының басталуы кешеуілдеген соң, қалаға энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев келіп, жағдайды өз бақылауына алды. Кейін Саран әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды, ал облыс әкімі Бөлекпаевқа сөгіс жарияланды.

- 7–8 жыл бұрын жаңа орталық қазандық салу туралы шешім қабылданды. Бұл – дұрыс әрі қажетті шешім еді. Алайда түрлі себептерге байланысты жобаның жүзеге асуы айтарлықтай созылып кетті. Соған қарамастан, біз жұмысты аяқтадық. Іске қосу кезінде мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалау тарапынан бірқатар кемшілік анықталды - сорғы жабдықтары жобадағы нұсқадан өз бетінше ауыстырылып орнатылған.

Сол себепті жүйеге қысым берілмей, тұрғындар дер кезінде жылу ала алмады. Біз шұғыл шара қабылдап, шамамен он күнге кешігіп болса да, орталық қазандықты іске қостық. Қысты толық осы қазандықпен өткіздік - оны тоқтатпай, толыққанды жұмыс режиміне енгіздік. Ерте ме, кеш пе, бұл қадам бәрібір жасалуы қажет еді.

Сондықтан жауапкершілікті өз мойнымызға алып, бүкіл қыс бойы орталық жылумен қамтуды қамтамасыз еттік. Сол кезде шамамен 150 үй орталық жүйеге қосылды.

Биыл қазандық толық реттеліп, тағы бірнеше үй жүйеге қосылды. Қазір орталық қазандық тұрақты жұмыс істеп тұр. Тек Саран қаласындағы РТИ шағын ауданында орталық жылу жүйесі әлі жоқ. Сол аумаққа арналған жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Егер келесі жылы үлгермесек, 2027 жылға қарай бұл аудан да орталық жылумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлап отырмыз.

Облыс әкімі қалай демалады және неге адамдар көшіп кетіп жатыр

- Сіз қалада жаяу жиі жүресіз бе?

- Иә, өте жиі, күн сайын дерлік. Кейде таңертең ерте үйден жұмысқа дейін жаяу келемін - шамамен алты шақырым болады.

- Алты шақырым?

- Иә, кейде солай болады.

- Сонда жолда бәрін бақылап, қарап өтесіз бе?

- Әрине. Кейін қоңыраулар басталады.

- Бір жерге шағымданасыз ба? Мысалы, қала әкіміне?

- Жоқ, шағымданбаймын, талап етемін. Бұл - менің жұмысым.

- Бұрынғы бір сұхбатыңызда түннің бір уағында да әкімдер чатына жаза беретініңізді айтқан едіңіз...

- Иә, ол әлі де бар. Бұл - жұмыстың бір бөлігі. Мұнда ерекше бір батырлық жоқ - барлық әкімдер солай істейді. Себебі бұл қызмет тәулік бойы жауапкершілікті талап етеді.

- Демек, демалыс күндеріңіз де жоқ?

- Иә, солай деуге болады.

Бұл сұхбаттың толық нұсқасын Tengri TV YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Сұхбаттасқан: Алина Шашкина

Суретке түсірген: Маржан Қуандықова

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 16:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары