Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Шанхай сапары: мазмұнды мәмілелер мұраты

Шанхай сапары: мазмұнды мәмілелер мұраты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Көкжиегі кең келісімдер

Әуелі ҚХР-дың бизнес өкілдерімен «дөңгелек үстел» форматында өткен кез­десудің жайына үңілейік. Басқосуда Президент қытайлық серіктестерге шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікке жоғары баға берді. Мемлекет басшысының айтуынша, жоғары деңгейдегі саяси сенім сауда-эко­номикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге берік негіз қаламақ.

– Былтыр екіжақты сауда көлемі 49 миллиард долларға жетті. Бұл – ре­корд­тық көрсеткіш. Қытай Қазақстан эко­номикасына 30 миллиард дол­лар­дан астам инвестиция салды. Қазір Қа­зақстанда қытай капиталы бар 8500-ден астам кәсіпорын табысты жұ­мыс істеп жатыр. Соның ішінде CNPC, CITIC және Huawei сияқты ірі ком­панияларды атап өту қажет. Біз Қы­тай бизнес өкілдерінің Қазақстан эко­номикасын жаңғыртуға сүбелі үлес қо­сып жатқанын жоғары бағалаймыз. Өт­кен жылдары елдеріміз көптеген маңыз­ды жобаны бірге табысты жүзе­ге асырды. Соның нәтижесінде жұмыс орындарын аштық, озық техно­ло­гия­лар­ды енгіздік және өнеркәсіп сала­сын­дағы ынтымақтастығымызды ны­­­ғайта түстік. Бүгін де жаңа страте­гия­лық жобаларды бірлесе іске асы­рып жатырмыз. Атап айтқанда, Sinopec компаниясымен ірі газ-химия ке­шені, Fufeng Group компаниясымен жүгеріні терең өңдеу зауыты, Lihua Group компаниясымен заманауи мақ­та-тоқыма кластері құрылысын қолға ал­дық. Қытайдың автокөлік кәсіп­орын­дары Қазақстанда өндіріс орын­дарын аша бастады. Мысалы, елімізде HOWO, Yutong және JAC брендтері шы­ғарылады. Былтыр Changan, Great Wall Motor, сондай-ақ Chery муль­тибрендті автомобиль өндірісі іске қо­сылды. Бұл жобалар біздің екіжақты әріп­тестігіміз инновацияға, озық тех­но­логия мен өнеркәсіпті жаңғырту ісі­не негізделіп отырғанын көрсетеді, – деді Президент.

Жалпы, бір ғана жиынның өзінде өте сапалы әрі мәнді келісімдер жа­сал­­ғанын көрдік. Оның үстіне, бір емес, бірнеше бағыт қамтылды. Айта­лық, жасанды интеллектіден бастап, ло­гистика, жаңа технологиялар, инф­рақұрылым, автомобиль өндірісі са­ласын қамтыған бас-аяғы 17 келі­сімге қол қойылды. Тіпті келісімдердің ішін­де ең назар аударар тұс – «Аллюр ком­паниялар тобы» АҚ мен Li Auto Inc. Арасындағы көлік өндірісі бойын­ша мәліме. 2025 жылдың өзінде көп­шілікке жақсы танымал көлік марка­сы­ның әлемде 406 мыңнан астам да­на­сы сатылған. Енді дизайны мен са­­пасы ерекше автомобиль Қазақ­стан­да құрастырылып бастамақ. 

Мемлекет басшысының Шан­хайға жұмыс сапары аясында жал­пы құны 15 миллиард доллардан аса­тын 70-тен астам коммерциялық ке­лісім мен ме­морандумға қол қойыл­ған екен. Бұл құжаттар жасанды ин­тел­лект, цифр­лан­дыру, көлік инфра­құрылымы, қар­жы, агроөнеркәсіп ке­шені, машина жа­сау және басқа да жо­ғары тех­но­ло­гиялық салаларды қам­тиды. Осы­лай­ша, шығыстағы көр­шімен келісімдер ар­қылы еліміз іс жүзін­де дамудың жаңа белесіне қадам баспақ.

Алпауыттардың ағыны

Шанхайға жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы жаһан нарығына танымал бірнеше алпауыт компанияның басшыларын қабылдағанын айта кет­кен абзал. Мәселен, Президент Xiaomi корпорациясының президенті Лу Вэйбин­мен кездесті. Жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын компанияның жетекшісімен әңгімелесу барысында өзара тиімді ынты­мақ­тастық перспективасы талқыланған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақ­станның заманауи цифрлық экономика қалыптастыруға, жасанды интеллект пен жоғары технологиялық өнеркәсіпті дамытуға баса мән беріп отырғанын айтты. Мемлекет басшысы өңірде Xiaomi брендіне сұраныс арта түскенін атап өтті. Компанияның озық технологияларды игеруде тәжірибесі мол екенін ескеріп, жасанды интеллектіні, есептеуіш қуатын, «бұлтты» технологияларды және цифрлық платформаларды дамыту бағытында бірлескен жо­баларды іске асыру әлеуетін зерделеп көру ұсынылды.

Бұл ретте Президент еліміздің электро­мобиль, аккумулятор өндірісін жолға қою­ға, сондай-ақ интеллектуалдық кө­лік жүйелерін дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Былтыр, яғни 2025 жылы Xiaomi өз тарихындағы ең табысты жылын өт­кіз­­генін айта кеткен жөн. Жалпы та­­бы­­сы 57 млрд доллардан асты. Бұл ком­­­пания технологияға өте қомақты қар­жы салып жатыр, көрсеткіш былтыр 4,9 млрд долларға жетті. Бұған қоса, Xiaomi қазір тек смартфон шығаратын ком­пания емес, бірнеше бағытты қатар алып келеді. Электромобиль өндірісінен бас­тап, жасанды интел­лект, ақылды үй экожүйесі саласында жобалары бар. Са­рап­шылардың көбі алдағы 5-10 жылда компания жасанды интеллект нарығында көшбасшыға айналуы мүмкін екенін де болжаған. Демек, бұл мәміледен Қазақстан ұтпаса, керісінше ұтылмайды. 

Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) директорлар кеңесінің тең төрағасы Пань Цзяньмен жоғары тех­но­логия саласындағы ұзақмерзімді ын­тымақтастық перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы CATL компания­сының елімізде аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салу бастамасын құп­тады. Бұл кәсіпорын Орталық Азияда осын­дай ауқымдағы алғашқы өндіріс ор­нына айналуы мүмкін. Президент Қа­зақ­станның шикізатты өңдеуден бас­тап дайын өнім шығаруға дейінгі тұ­тас өндірістік циклді қалыптастыруға мүмкіндігі толық жететінін атап өтті.

Өз кезегінде Пань Цзянь CATL Қазақ­станды компания қызметінің басты бағыт­тары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыратын маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. Сонымен қатар оның компаниясы Қазақ­станның 2060 жылға қарай көміртегі бей­тарап­тығына қол жеткізу жөніндегі стра­тегиялық мақсатына жәрдемдесе алатынын айтты.

Айта кетейік, Contemporary Amperex Technology (CATL) 2011 жылы құ­рыл­­ған, электромобильдерге арналған аккумуля­тор өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы саналады (нарықтың 40 па­йы­зы) және Қытайдағы белгілі әрі ірі ком­па­ниялар қатарына кіреді. 2025 жыл­­дың қорытындысы бойынша CATL аккумулятор өнімдерін сату көлемі 661 ГВт-сағатқа жетіп, табыс 62,6 миллиард долларды, соның ішінде таза пайда 10,6 миллиард долларды құрады.

Инфрақұрылым игілігі 

Осыдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдады. Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бір­лескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда біраз жылдан бері жұмыс істеп, күрделі ин­фрақұрылымдық шешімдерді табысты іске асырған СССС компаниясы бүгін­де сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде таныл­ғанын айтты. Президент Бақты – Аягөз теміржол құрылысының стратегиялық мәніне назар аударды. Бұл желі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

Бұдан бөлек, Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бір­лес­кен кәсіпорын құрудың маңызы атап өтілді. Мемлекет басшысы бірлескен кә­сіп­орын Каспий маңы елдері мен одан тысқары жерлерде қауіпсіз теңіз қатынасын қамтамасыз ету қызметін ұсы­натын өңірлік орталық қалыптастыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы келешегі зор бастамалар талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапар аясында Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр стансасы құрылысының жобасын бірлесе әзірлеу туралы келісімге қол қо­йылуын құптады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл нысан ұлттық энергия жүйесін нығайта түседі. Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростансаны СССС компаниясына еншілес China International Water & Electric Corporation кәсіпорнының қатысуымен Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде салу жос­парланып отыр.

Жалпы, China Communications Construction Company – Қытайдағы ең ірі мемлекеттік инфрақұрылым және құрылыс корпорацияларының бірі. Компания жол­дар, көпірлер, туннельдер, теңіз порт­тары, темір­жолдар, әуежайлар және жа­ғалауды қалпына келтіру жобаларын жү­зе­ге асырады. Оның жобалары 150-ден ас­там елде бар. Компания Қытайдың «Бір бел­деу, бір жол» бастамасының негізгі мердігерлерінің бірі. Яғни Қазақстан ау­мағында тәжірибесі бар. Былтыр компания шамамен 106 млрд доллар пайда тапқан. Шетелдегі тапсырыстары үнемі көбейіп жатыр.

Кездесулер бұнымен шектелген жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Guoyou Materials Industry Group Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боян порт инфрақұрылымы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспек­тивасын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразияның толық­қанды көлік хабына айналу жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті. 

Осы орайда Президент еліміздің аума­ғында мультимодальді портты хаб құру туралы бастаманы құптады. Guoyou Materials Group компаниясы Маңғыстау облысында Құрық көпфункционалды портын салуды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылында корпорация жүк өткізу көлемін 15 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы ауқымды жо­баны іске асыру теңіз бен теміржол ло­гис­тикасын ұштастыра дамытып, аймақ­тағы көлік инфрақұрылымының өткізу ауқымын кеңейте түсетініне, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыратынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Юй Боян Мемлекет бас­шысына жоба жайында егжей-тегжейлі баяндап, Каспийдегі теңіз тасымалының келешегіне қатысты ой-пікірімен бөлісті. Әңгімелесу барысында портты хаб салу арқылы жұмыс орындарын ашу, саладағы кадрлық әлеуетті нығайту, қазақстандық тауар мен қызметтерді пайдалану сияқты ұзақмерзімді әлеуметтік-эко­номи­калық өзгерістерге жол ашылатынына назар аударылды.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының Шанхайға жұмыс сапары өте маңызды келісімдерге қол жеткізген кезең болды. Алпауыттармен бірлескен жобалар тек қаржы, инвестиция, инфрақұрылым жағынан  емес, тәжірибе тұрғысынан да пайда беретіні анық. Демек, осы арқылы Қазақстан азамат­тары да жаңа технологиялық жобаларға жетекші бола алады.

М.Төлеу  

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 03:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары