Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Президенттің Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды Руслан Желдібай

Президенттің Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды Руслан Желдібай

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Күншығыс елінің жоғары басшылығымен, жетекші компаниялардың топ-менеджерлерімен нәтижелі келіссөздер жүргізіп, Жапонияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті.

Қазақстанға инвестиция тарту

Президент жапондық ірі компаниялар және ұйымдар жетекшілерімен кездесулер өткізді.

Олардың қатарында Mitsui трансұлттық сауда компаниясы, Rakuten Group халықаралық технология конгломераты, Sumitomo сауда-инвестициялық корпорациясы, машина жасау саласы бойынша әлемдегі ірі корпорациялардың бірі Komatsu, құрылыс пен тау-кен техникаларын өндіруде жетекші компания саналатын Hitachi Construction Machinery, сондай-ақ Жапонияның металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі агенттігі бар.

Келіссөздерде өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Атап айтқанда:

- ядролық медицинаны дамыту; 

- аса маңызды минералдарды барлау;

- логистика және цифрландыру;

- «жасыл» технологияларды енгізу, құрылыс және тау-кен құрал-жабдықтарының өндірісі мен сервистік қызмет көрсету.

Жоғары деңгейдегі кездесулер

 Император Нарухито мен Жапония Премьер-министрінің бір күнде қарсы алуы және ілтипат көрсетуі Мемлекет басшысының халықаралық қоғамдастықтағы беделі зор екенін байқатады.

Жапон дипломатиясында мұндай протоколдық шаралардың кезектесе ұйымдастырылуы таңсық жағдай, сонымен қатар мейманға шексіз құрметтің белгісі ретінде бағаланады.

Бұдан бөлек, Президент Токио губернаторымен жүздесті.

Кездесуде қала басқару ісінде Smart city технологияларын дамыту және инновациялық шешімдер енгізу мәселелері қарастырылды. Делегация мүшелері Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Мемлекет басшысы Токиодағы БҰҰ университетінде дәріс оқыды

Мұны да ерекше ықыластың көрінісі деуге болады. Қасым-Жомарт Тоқаев дәрісте қазіргі геосаясат, халықаралық аренадағы орта державалардың рөлі, жасанды интеллект маңызының артуы және Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажеттілігі секілді негізгі мәселелерге назар аударды.

Президент су ресурстарын басқару ісіне арнайы тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланың өзектілігін айта келіп, бұл міндеттерді шешу үшін UN Water халықаралық ұйымын құру және Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын ашу жөнінде бастама көтерді.

Мемлекет басшысы БҰҰ университетінде Жапонияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Ёрико Кавагучимен бейресми кездесу өткізді.

Президент Жапонияда еңбек етіп жүрген отандастарымызға да көңіл бөлді. Олармен арнайы жүздесіп, емен-жарқын әңгімелесті.

Сапар соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері басшыларымен бірге «ОА + Жапония» форматындағы бірінші саммитке қатысты.

Мемлекет басшысы өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыттарына тоқталды. Соның ішінде:

Қазақстан Жапониямен бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасауға, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруға дайын; Қазақстан Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптайды; Еліміз «жасыл» технологияларды қолдана отырып, дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі; Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын қуаттайды.

Бұл бастама сирек кездесетін элементтер мен басқа да аса маңызды минералдар өндірісін цифрландырып, экологиялық орнықтылықты арттырады.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев орнықты ауыл шаруашылығы саласында жапон ғалымдарының және сарапшыларының қатысуымен зерттеу платформасын құруды, сондай-ақ елімізде Жапония университеттері мен білім орталықтарының өкілдіктерін ашуды ұсынды.

Президент JICA агенттігінің Орталық Азиядағы су проблемасын шешуге қосқан үлесін атап өтті. Су үнемдеу технологияларын енгізу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, су саласын автоматтандыру мен цифрландыру және басқа да бағыттарда күш біріктіріп, тәжірибе алмасуға шақырды.

Мемлекет басшысы атом энергетикасындағы ынтымақтастыққа назар аударды. Еліміз әлемдік ядролық отын нарығында зор әлеуетке ие.

Осы мүмкіндікті Жапонияның озық технологиясымен бір арнаға тоғыстыру аталған бағыттағы табысты ықпалдастыққа кепіл болады.

Ресми сапардың нәтижесінде жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды.

Президенттің барлық шетелдік сапары ел экономикасына айтарлықтай серпін береді. Сапарлар барысында миллиардтаған долларға бағаланған шетелдік инвестиция тарту жөніндегі келісімдерге қол жеткізіліп, тиісті шешімдер қабылданады.

Сол арқылы тауар айналымы мен экспорт ұлғая түседі. Бұл, әсіресе отандық өндірушілер үшін ерекше маңызды. Сондай-ақ сапарлар аясында стратегиялық мәнге ие нысандар ашылып, он мыңдаған жұмыс орны пайда болады, іскерлік байланыстар нығая түседі.

Визасыз режимдегі елдердің қатары көбейіп, Қазақстан азаматтарына тиімді жаңа әуе рейстері іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар

Президенттің Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды - Руслан Желдібай

Президент • Кеше

Токио бағыты: Қазақстан дипломатиясындағы жаңа маневр

Сұхбат • Кеше

Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды

Шымкент • Кеше

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Кеше

Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты

Спорт • Кеше

Балалар құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қоғам • Кеше

Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді

Медицина • Кеше

Алматы қалалық күрес федерациясы 2025 жыл үздігі атанды

Алматы • Кеше

Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар

Әлем • Кеше

Президент 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына барады

Президент • Кеше

Банктің мобилді қосымшасын бұзған: 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды

Қылмыс • Кеше

Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды

Денсаулық • Кеше

АҚШ Сирияда әскери операция бастады

Әлем • Кеше

Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген

Жемқорлық • Кеше

Қыста мұз қатпай тұрып өзен-көлдерге шыққандар айыппұл төлейді

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Желтоқсан 2025 00:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары