Шенеуніктердің сыйлықтары: Қазақстанда жаңа ережелер бекітілді
Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің ресми іс-шаралар кезінде алған сыйлықтарын тапсыру тәртібі өзгерді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, мемлекет меншігіне өткізілген сыйлықтар енді мемлекеттік ұйымдардың теңгеріміне өтеусіз берілуі мүмкін. Мәселе хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде алынған сыйлықтар туралы болып отыр.
Мұндай сыйлықты мемлекеттік қызметші жұмыс істейтін ұйым немесе оның қызметін қамтамасыз ететін ұйым ала алады.
Бұған дейін де мемлекеттік қызметшілер ресми іс-шараларда алған сыйлықтарын мемлекетке өткізуге міндетті болатын. Бұл ретте олар сыйлықтарды бағаланған құны бойынша сатып ала алатын, ал бас тартқан жағдайда сыйлықты сатуға рұқсат етілетін. Енді тәртіп өзгерді: шенеунік сыйлықты сатып алмас бұрын, ол мемлекеттік ұйымға берілуі мүмкін.
Сыйлықтар қалай тапсырылады?Сыйлықты алу үшін бейінді мемлекеттік орган немесе әкімдік оны ұйымның теңгеріміне беру қажеттілігі туралы қорытынды жіберуі тиіс. Бұл 10 жұмыс күні ішінде сыйлық уәкілетті органға өткізілгеннен кейін жасалуы керек.
Қорытындыда ұйымның атауы, сыйлықтардың атауы мен саны, сондай-ақ олар табыс етілген іс-шара күні мен атауы көрсетілуі тиіс.
Осыдан кейін сыйлық бағаланады. Бағалау туралы есеп алынған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оны беру туралы шешім қабылдауы тиіс.
Қабылдау-тапсыру актісі 10 күнтізбелік күн ішінде рәсімделеді. Мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізуге тағы бес күнтізбелік күн беріледі.
Құжатта сыйлықтарды сатып алу тәртібі де нақтыланған.
Сыйлықты өткізген мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды тұлғаны хабардар ете отырып, оны бағаланған құны бойынша сатып ала алады. Алайда ресми іс-шараларда алынған сыйлықтар үшін қосымша шарт қарастырылған: сатып алу тек сыйлыққа мемлекеттік ұйым тарапынан сұраныс болмаған жағдайда мүмкін болады.
Егер ұйым белгіленген мерзімде сыйлықты сұратпаса немесе қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаса, ол сатып алу үшін ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда сатып алу-сату шарты белгіленген мерзімдер өткеннен кейін жеті күнтізбелік күн ішінде жасалады.
Егер мемлекеттік қызметші сатып алудан жазбаша түрде бас тартса, ал мемлекеттік ұйым сыйлыққа қызығушылық танытпаса, уәкілетті орган оны сатылымға шығара алады.
Бұдан бөлек қаулыда мемлекеттік мүліктің цифрлық есебін жүргізу қарастырылған. Мүлікті түгендеу, бағалау және беру туралы мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңбамен расталып, электрондық тізілімге енгізіледі.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң - 30 қазанда қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты сыйлықтар алуға тыйым салынған. 2020 жылдан бастап бұл тыйым сыйлықтардың құнына қарамастан қолданылады. Ресми іс-шаралар кезінде алынған сыйлықтар мемлекет меншігі болып саналады және уәкілетті органға өткізілуі тиіс.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:94
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















