Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

ШҚО да дәрігер тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

ШҚО да дәрігер тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қалалар тасада қалды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қолданыстағы қолдау шараларының басым бөлігі ауылдарға бағытталған. Ауылға барып жұмыс істейтін дәрігерлер үшін әлеуметтік жеңілдіктердің кең пакеті қарастырылған.

– Оның қатарында 8,5 млн теңгеге дейінгі біржолғы төлемдер, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жеңілдетілген ипотека бар. Сондықтан қалаларға мамандарды жұмысқа тарту объективті түрде қиынырақ екенін түсінеміз. Мұнда жеңілдіктер ауылмен салыстырғанда әлдеқайда аз. Сондықтан біз түрлі жолдарды қарастырып жатырмыз. Атап айтқанда, резидентурада мамандарды медициналық ұйымдар мен облыстық бюджет есебінен оқытамыз, аудандар мен қалалардың әкімдіктері аса тапшы мамандарға тұрғын үй береді. Сонымен қатар бас дәрігерлеріміз аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп, барлық бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне, медициналық жоғары оқу орындарына барып, келіссөздер жүргізіп жүр, - дейді басқарма басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.

Оның айтуынша, қосымша ынталандыру болмаса қалалардағы ауруханаларға маман тарту қиындап барады.

Қай жерлерде тапшылық қатты сезіледі

Ең күрделі жағдай Өскеменде және өңірдің Серебрянск, Риддер және Алтай сынды моноқалаларында қалыптасқан. Тек облыс орталығының өзінде 55 дәрігер жетіспейді.

– Ең әуелі педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, акушер-гинекологтар мен анестезиологтар тапшы. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігіне тікелей әсер ететін негізгі мамандықтар, - дейді Айнаш Қапанова.

Жас дәрігердің орташа жалақысы шамамен 500 мың теңгеге жетсе де, мәселе шешілмей келеді.

Серебрянсктегі жағдай қалай

Серебрянск қалалық орталық ауруханасы 11 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Оның ішінде қала халқы мен маңындағы тоғыз ауылдың тұрғындары бар. Соған қарамастан, мекемеде бірден жеті дәрігердің орны бос.

Қала тұрғындарының айтуынша, арнайы мамандардың болмауы өмір сапасына тікелей әсер етеді.

– Бізде ЛОР дәрігері де, көз дәрігері де жоқ. Ем алу үшін ауданға немесе облыс орталығына баруға мәжбүрміз. Бұл қосымша ақша, уақыт, - дейді Серебрянск қаласының тұрғыны Татьяна Сидорова.

Кадр тапшылығы кей жағдайда пациенттердің өмірі мен денсаулығына да тікелей қауіп төндіреді.

– Ауруханада қажетті мамандар болмаған кезде біз науқастарды Алтай қаласына немесе Өскеменге жіберуге мәжбүрміз. Егер шұғыл жағдай болса, кезекші фельдшер мен жүргізушіні тартып, тәуліктің қай мезгілі екеніне қарамастан науқасты облыс орталығына жөнелтеміз. Бұл сын сағаттарда уақыт жоғалту және медициналық ұйым үшін қосымша шығын деген сөз, - дейді Серебрянск қалалық ауруханасының бас дәрігері Еркін Семейханов.

Айта кетейік, аурухананың кредиторлық берешегі шамамен 30 млн теңгені құрайды. Ал науқастарды басқа қалаларға жіберу олардың шығынын одан сайын арттыра түсуде.

Кадр үшін күрес

Медициналық мекемелердің басшылығы кадр тапшылығы дәрігерлерді тарту әрекеттерінің жоқтығынан емес, ынталандыру мүмкіндіктерінің шектеулілігінен туындап отырғанын атап өтті.

– «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы тек ауылдарға ғана арналған. Қаладағы ауруханалар үшін көтермеақы да, жеңілдетілген несие де қарастырылмаған, - дейді Еркін Семейханов.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда қалаларға көшіп келгісі келетіндер аз болады. Ал жас мамандар көбіне облыс орталығына жақын орналасқан Ұлан және Глубокое аудандарының ауылдарын таңдауға бейім.

Қызылордадан қоныс аударған

Қазіргі таңда нақты нәтиже беріп отырған санаулы тетіктердің бірі - оңтүстік өңірлерден қоныс аудару бағдарламасы. Мәселен, қабылдау бөлімінің дәрігері Марат Ахметов жуырда Қызылорда облысынан Серебрянск қаласына көшіп келіп, бұрын бос тұрған штаттық орынға орналасқан. Қоныс аударғаны үшін оған 800 мың теңге көлемінде қаржылай көмек, тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарна ретінде 4,5 млн теңге берілген. Дегенмен, үйді қаңтар-ақпан айларында сатып алуды жоспарлап отыр. Қазір оған уақыты жоқ. Себебі жұмыс тым қауырт.

– Мамандар жетіспеген кезде өз салаңнан кеңірек жұмыс істеуге тура келеді. Мен терапевтпін, бірақ педиатр болмағандықтан балаларды да қабылдаймын. Бұл белгілі бір қиындықтар туғызып, жүктемені арттырады, - дейді Марат Ахметов.

Оның айтуынша, бір маманды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, қолдау көрсету бүкіл жүйенің тұрақты жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз.

Көтермеақыға басымдық берілмек

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшылығы жүйелі шешімдер қабылданбаса, кадр тапшылығы одан әрі ушыға түседі деп есептейді. Осыған байланысты қалалар мен моноқалаларға арналған жаңа бағдарлама жобасы әзірленген.

– Дәрігерлер үшін 5 млн теңге, орта медициналық персонал үшін 1 млн теңге көлемінде көтермеақы белгілеу ұсынылып отыр. Қазіргі таңда жоба Әділет министрлігінде келісу және пысықтау сатысында, - дейді басқарма басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.

Сарапшылардың пікірінше, егер құжат мақұлданса, 2026 жылдан бастап қалалардағы ауруханаларда кадр үшін шынайы бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін нақты құрал пайда болады. Алайда шешуші фактор тек төлем көлемі емес, осы шаралардың тұрақтылығы болмақ.

Ал әзірге Шығыс Қазақстан қалалары дәрігерлер жетіспеушілігі жағдайында жұмысын жалғастырып отыр. Ақ халаттыларға түсетін жүктеме жоғары, ал пациенттер медициналық көмек алу үшін басқа қалаларға баруға мәжбүр.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да дәрігерге жала жапқан зейнеткер сотталғаны жайлы жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 17:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see149

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see146

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see145

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see144

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see143

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see143

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see143

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see143

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see142

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see139

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see136

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see131

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see128

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see126

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see123

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see123

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see116

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see115

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see111

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары