Шымкентте дәмханадан өрт шықты
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: видеодан алынған кадр
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол бермей, өртті қысқа уақыт ішінде толық ауыздықтады.
Өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрам мен арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің ауқымы ұлғаймай, нысан толықтай бақылауға алынды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт кезінде келушілер мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылған.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлер мен тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, әсіресе қоғамдық тамақтану орындарындағы электр желілері мен газ жабдықтарының техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстауға шақырды.
Еске сала кетейік, Щучинск қаласындағы «Палау орталығында» газ жарылып, артынша өрт шыққан болатын. Қайғылы оқиға 27 ақпанға қараған түні болып, салдарынан 12 адам қаза тапты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 10:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















