Синоптиктер Алматы және Астана тұрғындарын болжаммен қуантты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астанада 21, 22 және 23 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
21 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.
22 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.
23 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы21 шілдеде күн бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +25...+27 градус, күндіз +34...+36 градус аптап ыстық болады.
22 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.
23 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.
Еске салайық, өткен аптада Алматыда бірнеше күн қатарынан температуралық рекордтар жаңарды. Мәселен, 16 шілдеде ауа температурасы +38 градусқа, 17 шілдеде +39,2 градусқа, ал 18 шілдеде +40 градусқа дейін көтеріліп, ондаған жылдар бойы сақталған ең жоғарғы көрсеткіштерден асып түсті.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 16:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















