Ауаның сапасы нашарлады: синоптиктер Астана, Алматы және тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
"Қазгидромет" болжамына сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Қала тұрғындарына сыртта, әсіресе тас жолдар мен басқа да ластанатын көздер маңында ұзақ болмауға кеңес беріледі. Сондай-ақ созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ала жүру ұсынылады.
Бұған дейін 2 қаңтарында Астанада және Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қаңтар 2026 10:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















