Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Болжамға сәйкес, белсенді солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Атап айтқанда, күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, кей уақытта елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, кезең ортасында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
"Алайда, бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республикамыздың батыс бөлігінде және орталығында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды деп күтіледі", делінген болжамда.
Тамыздың бірінші онкүндігінде:
Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы +25...+35°С-тан +34...+39°С-қа дейін;Атырау облысының оңтүстігінде +41°С-қа дейін; Маңғыстау облысында +35...+40°С-тан +39...+44°С-қа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.Күндізгі ауа температурасы төмендейді:
еліміздің орталығы мен шығысында сынап бағаны +33...+41°С қатты ыстықтан +22+31°С-қа дейін ауысып, аптаптың беті қайтады деп күтіледі;еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +34...+39°С, Жамбыл облысында +42°С-тан +27+35°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
"Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3...+8°С-тан +10...+18°С-қа дейін, күндіз +17...+25°С-тан +25...+35°С-қа дейін ауытқиды деп күтіледі. Батыста және еліміздің оңтүстік жартысында түнде +17...+27°С-тан +13...+18°С-қа дейін, күндіз +32...+42°С-тан +25...+35°С-қа аралығында ауытқиды". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға, яғни 2026 жылғы 1-7 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 23:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















