Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Сот шешімін жою үшін 10 млн доллар ұсынды : Шымкенттегі су мекемесі желідегі ақпаратқа жауап берді

Сот шешімін жою үшін 10 млн доллар ұсынды : Шымкенттегі су мекемесі желідегі ақпаратқа жауап берді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Компания бұл хабарламаларды ақпараттық шабуыл деп атап, олардың ешқандай дәлелі жоқ екенін мәлімдеді.

Интернетте Шымкент су арнасына қатысты сот процесіне ықпал ете алатын делдалдарды іздеу туралы жазбалар пайда болған. Онда «мәселені шешу» үшін 10 млн доллардан астам қаржы және Ramada by Wyndham Shymkent қонақүйі ұсынылуы мүмкін деген болжам айтылған.

Кейбір жарияланымдар бұл жағдайды кәсіпкер, бұрын Шымкент қаласының екі рет әкімі болған Анарбек Орманның есімімен байланыстырады. Жазбаларда 1990-жылдардың соңында қаланың су инфрақұрылымы жекешелендіріліп, оның бақылауы А.Орманға қатысы бар «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-не өткен деген пікірлер айтылған.

Ал компания Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мұндай жарияланымдардың ешқандай дәлелге негізделмегенін және қоғамда теріс пікір қалыптастыруға бағытталғанын мәлім етті.

— Сот шешімін ірі сыйақы арқылы жоюға әрекет жасалды деген дереккөздерге жасалған сілтемелердің ешқайсысы нақты дәлелмен расталмаған. Бұл — қауесеттер мен жалған ақпараттардың таралуы, — деп хабарлады «Су ресурстары — Маркетинг» мекемесі.

Компанияның пікірінше, мұндай жарияланымдар сотқа қысым көрсету әрекеті болуы мүмкін.

— Мұндай материалдар ақпараттық шабуылға ұқсайды және сот органдарына қоғамдық қысым көрсету арқылы олардың заңды әрі объективті шешім қабылдауына әсер етуге бағытталған, — деді компания өкілдері.

Сондай-ақ компания сот шешімдері әлеуметтік желілердегі немесе Telegram-арналардағы жарияланымдардың ықпалымен емес, тек заң мен нақты дәлелдерге сүйене отырып қабылдануы тиіс екенін атап өтті.

«Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС бұл істің әділ әрі тәуелсіз қаралатынына сенім білдірді.

— Қорытынды сот шешімі тек құқықтық нормаларға сай және әділдік қағидаттарына сәйкес қабылданады деп сенеміз, — деп нақтылады компания.

Еске салайық, Шымкенттегі ең ірі су жеткізуші оператор — «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС төңірегіндегі дау бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Компания қаланың су жүйесін 2000-жылдардың басынан бері басқарады. Мекеменің шамамен 22 пайыз акциясы мемлекетке тиесілі.

Соңғы жылдары билік органдары сот арқылы су инфрақұрылымының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтаруға әрекет жасап жатыр.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұған дейін жеке меншікке берілген 6 нысан бойынша аукцион хаттамалары мен сатып алу-сату келісімшарттарын жарамсыз деп таныды. 

Атап айтқанда, Ақбай-Қарасу су алу құрылысының аяқталмаған нысаны, «Бадам-Сайрам», «Қызылсай» және «Тассай» су алу кәсіпорындары, «Транс-Вик» автокөлік цехы мен «Уникан-сервис» кәсіпорны мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс деп шешілді. Алайда «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС бұл шешіммен келіспейтінін білдірді.

Бұған дейін қала билігі мемлекет меншігіне тек су алу нысандарын ғана қайтару жоспарланып отырғанын мәлімдеген. Ал қалған инфрақұрылым — тазарту станциялары, су құбырлары желісі және компанияның өзі жеке басқаруда қалуы тиіс.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, қаланың су жүйесі стратегиялық маңызы бар сала екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл мәселе бойынша сот шешімін күтетінін айтқан еді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 05:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары