Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Спортқа бөлінетін миллиардтар: Бюджет қаржысының тиімділігі туралы сарапшылар не дейді?

Спортқа бөлінетін миллиардтар: Бюджет қаржысының тиімділігі туралы сарапшылар не дейді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қоғам неге спортшылардың табысына ұдайы сын көзбен қарайды?

Спорт журналисі Аслан Қаженовтің айтуынша, мұндай тенценциясының орын алуына спорттың қаржыландырылуы мен нәтижесі арасының алшақ болуы себеп болып отыр.

Оның сөзінше, осыдан бірнеше жыл бұрын өңірлердегі спортты дамытуға шамамен 200 миллиард теңге бөлінсе, қазір бұл көрсеткіш 400 миллиард теңгеге жуықтаған.

«Спортқа бөлінетін қаражат көлемі мен спорттық нәтижелер арасында сәйкестік байқалмайды. Мысалы, Қазақстанда тұрмайтын, елімізде тұрақты жаттықпайтын спортшылар мен командаларды қаржыландырып келдік. Қазір де бұл бағытта қаржы бөлініп жатыр. Ал мұның барлығы қарапайым халықтың салығынан жиналған қаражат екенін ұмытпауымыз керек. Жергілікті тұрғындар өз қалтасынан шыққан ақшаның нақты қайда жұмсалып жатқанын әрдайым біле бермейді. Ашықтық пен есептілік те жеткіліксіз. Оның үстіне елімізде айына 150–200 мың теңгеге күн көріп отырған отбасылар бар. Жағдайы төмен азаматтар, жетімдер, жесірлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, ем-домға мұқтаж адамдар аз емес. Сондықтан қоғам кейде осы қаржының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқаны туралы сұрақ қояды», дейді Аслан Қаженов.

Спорт сарапшысы мәселе қаржының көлемінде емес, оның қаншалықты тиімді әрі әділ бөлінуінен туындап отырғанын айтады.

«Ақша нақты мақсатына жетуі керек, басымдықтар дұрыс қойылуы қажет. Әйтпесе біреу мәселе көтерсе жауаптылар оның талабын орындап береді, артынан екіншісі, үшіншісі шығады. Осылайша бұл шексіз процеске айналып кетуі мүмкін. Ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шексіз емес екенін түсінуіміз керек. Мұндай мәселелер негізінен кабинет ішінде, екі тараптың өзара келісімі арқылы шешілуі керек деп ойлаймын. Өкінішке қарай, тараптар мәселені ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы талқылап жатыр. Тіпті бұл үрдіс қалыпты құбылысқа, өзінше бір «модаға» айналып бара жатқандай», дейді сарапшы.

Жалақы қысқарып, орден табысталмаған: Бибісара Асаубаева Президентке үндеу жолдады

«Спорттың негізгі мәселесі – қаржы емес, жауапкершілік болуы тиіс»

Аслан Қаженовтің сөзінше, қазір спорт саласының өз ішінде де шешімін күткен мәселелер аз емес. Оның айтуынша, спортшылар қажетті дәрумендермен толық қамтамасыз етілмейді. Ал өңірлерде балалар спортын дамыту үшін өз қаражатын жұмсап жүрген бапкерлер де бар.

«Қазір кейбір тараптар – мейлі олар спортшылар, бапкерлер, федерациялар немесе шенеуніктер болсын – мемлекеттік қаржыны қалыпты құбылыс ретінде қабылдап, бюджетке тым тәуелді болып алған сияқты. Тіпті спорт саласының өз ішінде де шешімін күткен мәселелер жетерлік. Мысалы, қажетті дәрумендерін ала алмай жүрген спортшылар бар. Ауылдағы бапкерлердің кейбірі балаларды жарысқа апару үшін малын сатып, қымызын, сүтін өткізіп, тіпті несие алып жүргенін көріп жүрміз. Кейбір ата-аналардың баласына спорттық аяқ киім, доп немесе қолғап сатып алуға мүмкіндігі жетпейтін жағдайлар кездеседі. Мен мұны ел аралап жүргенде өз көзіммен көріп жүрмін. Әрине, спорттағы жетістік пен патриоттық рух маңызды. Бірақ ең алдымен нәтиже болуы тиіс. Егер халықаралық аренада тұрақты әрі жоғары жетістіктер көрсетіліп жатса, мемлекет өз міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды. Сондықтан бүгінгі күні спорттағы әңгіменің негізгі өзегі қаржы емес, нәтиже, тиімділік және жауапкершілік болуы керек деп есептеймін» деді Аслан Қаженов.

 Министр Михаил Шайдоровпен қандай келісімшарт жасалғанын айтты

700 миллион теңгеге қанша амбулатория мен баспана салуға болады?

Туризм және  спорт вице-министрі Серік Жарасбаев үш жыл ішінде Бибісара Асаубаеваға 700 миллион теңге қарастырылғанын, биылдың өзінде 210 миллион теңгенің қолдауы жасалғанын атап өтті. Ал бұған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Парламент қабырғасында жыл сайын спорт саласына 775 миллион доллар бөлінетінін айтқан болатын. Осыған байланысты қоғамда «бұл қаражатты білім беру мен денсаулық сақтау салаларына бағыттау тиімдірек емес пе?» деген пікірлер жиі айтылады.

«Ең алдымен, егер Бибісара Асаубаева туралы айтатын болсақ, оның Қазақстанның абыройын әлемге танытқан спортшы екені даусыз. Сондықтан оның еңбегін бағалап, марапаттау – қалыпты құбылыс. Алайда қоғамды толғандырып отырған мәселе спортшының өзі емес, мемлекеттік шығындардың басымдықтары. Яғни бір спортшыға 700 миллион теңге көлемінде сыйақы берілсе, ал жалпы спорт саласына жыл сайын жүздеген миллиард теңге бөлінсе, бұл қаржының әлеуметтік және экономикалық қайтарымы қандай деген заңды сұрақ туындайды. Мысалы, 700 миллион теңгеге ондаған балалар спорт алаңын салуға, бірнеше ауылдық дәрігерлік амбулатория ашуға немесе көптеген отбасының баспана мәселесін шешуге бағытталған бағдарламаларды қаржыландыруға болады», дейді экономист Бауыржан Ысқақ.

Алайда сарапшы спортқа бөлінетін қаржының барлығы бір ғана спортшыға немесе чемпиондарға төленетін сыйақыларға жұмсалмайтынын еске салады.

«Бұл жерде бір маңызды жайтты ескеру керек. Спортқа бөлінетін 775 миллион доллардың барлығы бір спортшыға немесе тек сыйақыларға жұмсалмайды. Оның құрамында ұлттық құрамаларды дайындау, балалар және бұқаралық спорт, спорт мектептері, халықаралық жарыстарға қатысу, спорт нысандарын күтіп ұстау, жаттықтырушылардың еңбекақысы мен федерациялардың жұмысы сияқты көптеген бағыттар бар» дейді Бауыржан Ысқақ.

Экономистің пікірінше, егер бөлінген қаражат спорт индустриясының дамуына, халықтың спортпен шұғылдану деңгейін арттыруға және халықаралық жетістіктерге қол жеткізуге ықпал етсе, онда оны тиімді инвестиция ретінде қарастыруға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жалақысының 5 ай бойы кешігіп жатқанын айтып, мәлімдеме жасаған болатын. Көп ұзамай халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева да жалақысының 3 есеге қысқарып, жарыстардың шығынын өз қаражаты есебінен төлегенін айтып, Президентке үндеу жолдаған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 16:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары