Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды

Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ел ертеңін айқындайтын жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әрбір азаматтың елдік міндеті. Жалпыға ортақ іске жұмылғандар ішінде еліміздің көк байрағын әлемге әйгілеп жүрген спортшылар мен өнер майталмандары да бар. Олар өз саласында ғана емес, саяси аренада да көптен оза шауып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кикбоксингтен әлем чемпионы Ерлан Шағбан желіге жариялаған жазбасында спортта әрбір сәт жарыс тағдырын шешетіні секілді, еліміз үшін де тағдыршешті кезең келгенін айтты.

«Біз үшін кикбоксингте әр сәт тағдыр шешеді. Бір ғана соққы, бір ғана әдіс жекпе-жек жеңімпазын анықтап береді. Сол секілді қазір біздің еліміз үшін тағдыршешті кезең келе жатыр. Ата заңымыздың басым бөлігіне өзгерістер енгелі тұр. Өмірде және спортта әрбір секунд маңызды. Біз шаршы алаңға шыққанда тек күшімізге емес, нақты жоспар мен дұрыс шешімге сенеміз. Бір сәт кешігу мен босаңсу жеңіліске әкелуі мүмкін. Отанымыздың тағдыры да рингтегі айқас сияқты. Мұнда сырттан бақылап тұруға болмайды. Конституциялық референдум біздің ортақ болашағымыз үшін жасалатын ең маңызды қадам. 15 наурызда еліміздің болашағына атсалысуға халық болып жұмылайық. Біздің жарқын күндеріміз өз қолымызда», деп жазды әлем чемпионы.

Қазақстанда автобустар жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат тарату алаңына айналды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы әлеуметтік желіде отандастарын жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырды.

«15 наурызда еліміз үшін саяси маңызды оқиға – республикалық референдум өтеді. Референдум бұл тек дауыс беру ғана емес, бұл – азаматтық жауапкершілік пен ел тағдырына бейжай қарамау. Болашақ үшін біздің дауысымыз маңызды. Жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырамын», деп жазды ол.

Белгілі мәнерлеп сырғанаушы, ел чемпионы Айза Мамбекова жеңіс тек мұз үстінде ғана емес, ортақ құндылықтарды сақтап, болашақты бірге құра білуде екенін жеткізді.

«Жаңа Конституция» – жаңа серпін, жаңа жауапкершілік. Мұз айдынында әр қозғалыс тәртіпке, сенімге және ішкі тәртіпке негізделеді. Сол сияқты, мемлекет те мызғымас қағидаттарға негізделуге тиіс. Спортшы ретінде мен ант беремін, ал азамат ретінде елімнің бірлігі мен егемендігін құрметтеймін», деп сөзін түйіндеді спортшы.

 

ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады

Биіктікке секіруден Сурдлимпиада рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған жеңіл атлет Фаина Мейрманова жаңа Конституцияны қабылдау еліміз үшін маңызды күн екенін айтты.

«Спортта жетістік кездейсоқ келмейді. Нәтижеге жету үшін тәртіп пен жауапкершілік керек. Бұл күнделікті өмірге де қатысты. Әсіресе заңдар мен елдің болашағы туралы әңгіме қозғалғанда бұл айтылғандардың маңызы бұдан да арта түседі. Осы орайда 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Бұл еліміз үшін аса маңызды күн. Сондықтан мен оған қатысамын», деді ол халыққа арнаған бейнежазбасында.

Спорт дүлдүлдерінен өнер иелері де қалысып жатқан жоқ. Әйгілі сазгер, әнші Алтынбек Қоразбаев 130 адамнан құралған Конституциялық комиссия әзірлеген жаңа Ата заң жобасын қолдайтынын, өйткені ол жерде елі мен жерін сүйетін, Отанымыздың болашағына алаңдайтын азаматтар болғанына сенетінін жеткізді.

«Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірпалаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын. Мен саясаткер емеспін, бірақ Ата заңымызға 84 пайыз өзгеріс енуі – үлкен жаңалық деп ойлаймын. Президентіміздің ұсынысымен енгізіліп жатқан осы өзгерістерді шын жүректен қолдаймын. Жаңа Конституция еліміздің әрі қарай дамуына, Әділетті Қазақстанды құруға көмегін тигізеді деп сенемін», деді өнер саласының майталманы.

Жаңа Конституция жобасында адвокатура мәртебесінің бекітілуі қандай маңызға ие?

Белгілі эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова Ата заңымыздың мазмұны жаңарып, ел болашағының берік құқықтық іргетасы қаланып жатқанын тілге тиек етті.

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Қолданыстағы баптардың басым бөлігіне түзету енгізу қажеттілігі жаңа редакция қабылдауды заңды етті. Соның нәтижесінде Конституцияның мазмұны жаңарып, ел болашағына берік құқықтық негіз қаланып жатыр. Қазіргі күрделі кезеңде ішкі тұрақтылықты сақтап, жүйелі реформаларды жүзеге асыру – мемлекеттің басты жетістігі!», деп жазды әнші.

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актёры Жалғас Толғанай референдум әр азаматтың дауысы естілетін сәт екенін айтып, әр сөзін дәлелді уәжбен тұздықтады.

«Әр таңдау – болашаққа салынған қадам. Әр дауыс – ел тағдырына қосылған үлес. Жаңа Конституция адам құқығын қорғауды күшейтеді, әділетті қоғам құруға жол ашады, билік пен халық арасындағы жауапкершілікті нығайтады», деді өнер майталманы.

Соңғы жаңалықтар

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?

Құқық • Бүгін, 14:42

Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 14:32

Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады

Үкімет • Бүгін, 14:22

Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды

Ата заң • Бүгін, 14:10

Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады

Қоғам • Бүгін, 14:04

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті

Қоғам • Бүгін, 13:51

Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды

Аймақтар • Бүгін, 13:45

Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды

Өндіріс • Бүгін, 13:28

Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады

Логистика • Бүгін, 13:11

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?

Қоғам • Бүгін, 13:05

Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады

Президент • Бүгін, 13:00

Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады

Қоғам • Бүгін, 12:58

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды

Елорда • Бүгін, 12:57

Министрлік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 12:50

Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады

Энергетика • Бүгін, 12:48

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 15:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see147

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see145

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see143

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see142

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see136

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see136

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see134

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see132

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see131

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see129

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see128

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see127

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see123

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see123

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see122

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see115

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see114

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see114

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары