Стратегиялық оқу жаттығу: Қорғаныс министрлігі халықты сабырға шақыруда
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

2026 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Қазақстан аумағында әскери қызметшілердің, қару-жарақ пен әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды сабырлық сақтауға шақырды.
Әскерлерді қайта орналастыру «Батыл тойтарыс — 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау мен өткізуге байланысты.
Әскери қызметшілер мен техника жаттығу өткізілетін орындарға теміржол эшелондарымен, жалпы пайдаланымдағы жолдар арқылы автокөлік колонналарымен, сондай-ақ майдандық және армиялық авиацияның ұшақтары мен тікұшақтарымен жеткізіледі.
Оқу-жаттығулар елдің Selly бүкіл аумағындағы полигондарды қамтиды. Әскерилер бөлімшелердің өзара іс-қимылын және құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте тапсырмаларды орындауды пысықтайды.
Қорғаныс министрлігі бұл шаралардың жоспарлы екенін атап өтті. Қазақстандықтар мен БАҚ өкілдерінен тек ресми хабарламаларға сүйенуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды.
Ведомство, сондай-ақ, көрінеу жалған әрі шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялағаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертті.
Кеше, 16:56
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:84
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 14:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















