Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Су деңгейі төмендеген соң АЭС тоқтатылды, Балқаштың суы тартылса біздің атом станциясы қалай жұмыс істейді?

Су деңгейі төмендеген соң АЭС тоқтатылды, Балқаштың суы тартылса біздің атом станциясы қалай жұмыс істейді?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

The Associated Press мақаласына сүйенген Aikyn.kz еуропалық АЭС-тердің жұмысын тоқтатуға аптап ыстық қалай әсер еткенін талдайды.

Будапеште Дунайдағы су деңгейі 10 сантиметрге дейін төмендеп, 2018 жылғы рекордтық минимумнан асып түсті. Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері жауын-шашын күтілмейді, ал ауа температурасы Цельсия бойынша 38 градусқа дейін көтеріледі. Бұл электр энергиясы мен суға деген сұранысты одан әрі арттырады.

Ең күрделі жағдай Венгриядағы кеңестік кезеңде салынған «Пакш» атом электр станциясында қалыптасты. Дунай суын реакторларды салқындатуға пайдаланатын станция төрт энергоблоктың үшеуін тоқтатуға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта ол қалыпты 2000 мегаваттың орнына небәрі 240 мегаватт қуат өндіруде. Егер су деңгейі тағы төмендесе, станция толық тоқтауы мүмкін.

«Пакш» АЭС-і Венгриядағы электр энергиясының жартысына жуығын өндіреді. Сондықтан үкімет кәсіпорындар мен тұрғындарды электр қуатын үнемдеуге шақырып, кешкі жүктеме уақытында тұтынуды қысқарту жөнінде үндеу жасады. Сонымен қатар электр пойыздарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, ірі кәсіпорындар үшін энергияны міндетті түрде үнемдеу тәртібі қарастырылды.

Осындай қиындықтар көршілес Румыния мен Сербияда да байқалады. Румынияда әскери инженерлер Дунай арнасын өзгерту үшін жарылыс жұмыстарын жүргізіп, суды Чернавода атом электр станциясына бағыттауда. Су ағыны қалыпты деңгейдің үштен біріне дейін азайғандықтан, станцияның бір реакторы тоқтатылып, қуаты екі есеге қысқарды. Елде энергетикалық сектор бойынша жоғары қауіп режимі жарияланып, Dacia мен Ford зауыттары өндірісті уақытша тоқтатты.

Сербияда да Дунайдағы су тапшылығы негізгі гидроэлектр станциясының өндірісін қалыпты деңгейдің 20%-ына дейін төмендетті. Үкімет тұрғындарды кондиционер сияқты көп электр тұтынатын құрылғыларды мүмкіндігінше аз пайдалануға шақыруда.

Мамандардың айтуынша, климаттың өзгеруі салдарынан бұндай экстремалды құрғақшылықтар жиілеп келеді. Бұл тек су ресурстарына ғана емес, энергетика, өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылығы сияқты стратегиялық салалардың тұрақтылығына да тікелей қауіп төндіре бастады. 

Еуропалық АЭС-тердің су тапшылығынан тоқтатылуы Қазақ Елі үшін де маңызды сабақ болмақ. Балқаш көлінің жағалауында салынуы жоспарланған атом электр станциясының реакторларын салқындату үшін де көп су керек.

Қытайдан басталатын Іле өзені мен Алатаудағы мұздардың еруінен келіп жатқан су көлемі қысқарса, Балқаштың тартыла бастауы әбден мүмкін. Бұл өз кезегінде АЭС жұмысының тұрақтылығына тікелей әсер етері анық. Сондықтан станцияны жобалау кезінде су ресурстарының ұзақмерзімді қауіпсіздігі мен климаттық тәуекелдерді жан-жақты ескеру ерекше маңызға ие. Венгрия, Румыния және Сербиядағы қазіргі жағдай бұндай мәселелердің теориялық емес, нақты қауіп екенін көрсетіп отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 12:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары