Сынап бағаны ақырындап көтеріледі . Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы
Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, алдағы жеті күнде оңтүстік астанада суық ауа райы сақталып, көктайғақ болады, тағы да қар жауады.
"Алматыда демалыс күндері қар жауады. Сенбі түнінен жауып басталған қар жексенбіде де өз жалғасын табады. Тұман мен көктайғақ болады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз -11...-15°С шегінде болады", – дейді "Қазгидромет" РМК өкілі.
Сондай-ақ, синоптик аптаның басынан ортасына дейін жауын-шашынсыз ауа райы болжанатынын, арасында қаланы тұман басып, көктайғаққа жол берілетінін айтады.
"Ауа температурасы түнде -15...-17°С-ден -8...-10°С-ге дейін, күндіз - 5...-7°С-ден -1...-3°С-ге дейін біртіндеп көтеріледі", - дейді Дәулет Кісебаев.
Алматы бойынша 2026 жылғы 17-23 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамы
17 қаңтар: аспан бұлтты, түнде қалың қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: -13...-15°С. 18 қаңтар: аспан бұлтты, аракідік қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: -11...-13°С. 19 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: -5...-7°С.20 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -3...-5°С.21 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Тұман болады. Ауа температурасы түнде: -11...-13°С, күндіз: -3...-5°С.22 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -11...-13°С, күндіз: -1...-3°С.23 қаңтар: аспан бұлтты, аракідік қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: -2...-4°С.Бұған дейін Алматыда қалың қар жауып, жолдарда 10 балдық көлік кептелісі туындағанын жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы
20 Қазан 2025 20:06
Күн күрт жылынады : Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы
13 Ақпан 2026 21:38
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
30 Қаңтар 2026 14:42
Алматыда қалың қар жауып, күн суытады: алдағы аптаға ауа райы болжамы
06 Наурыз 2026 18:14
Тұман, шаңды дауыл: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
14 Қазан 2025 07:46
Көрілімдер:111
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 10:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















