Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Сырдағы сол жағалау: баспана бар, жайлы орта жоқ

Сырдағы сол жағалау: баспана бар, жайлы орта жоқ

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жалпы, Қызылордадағы тұрғын үй құрылысы әлеуметтің баспана мәселесінің оңтайлы шешілуіне сеп болып тұр. Сәт сайын өңірде мемлекеттік қаржыландыру тетіктерімен және инвестиция есебінен көптеген тұрғын үй бой көтеріп, жаңа ықшамаудандар қалыптасты. Бұл бірінші кезекте пәтер жағалаған жергілікті жұртшылықтың басты арманының ақиқатқа айналуына жол аша түсті. Сонымен қатар апатты үйлер мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Әсіресе, Қызылорда қаласының сол жағалауынан сәні мен салтанаты келіскен зәулім ғимараттар салынып, қоныстанушылар қатары жыл санап арта түсуде. 

Жоғарыда айтып өткеніміздей, кейінгі жылдары дарияның сол жағалауына жағалай қоныстанған жаңа қалада құрылыс қарқыны жоғары. Жыл сайын жаңа ғимараттар бой түзеп, тұрғын үй кешендерінің саны артып келеді. 

Қызылорда қаласы әкімдігінің дерегіне сәйкес, бүгінде сол жағалауда 7, 9 және 12 көпқабатты заманауи тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен тұрғын үй кезегінде тұрған жамағатқа арендалық және несиелік негізде кезең-кезеңімен табысталуда. Мәліметке сәйкес, 2025-2026 жылдары 1 200-ден астам арендалық пәтер пайдалануға бері­ліпті. Осы орайда тұрғын үйге кезекке қою Отбасы банк арқылы жүзеге асырылып жатқанын да айта кеткен ­абзал. 

Бір сөзбен айтқанда, Сыр шаһарында баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Дейтұрғанмен, мұнымен мәселе түбегейлі шешілді деп айту әлі ерте. Өйткені өңірде тұрғын үйге сұраныс әді де жоғары екені байқалады. Бір ғана дерек келтірсек, 2026 жылдың өзінде Қызылорда қаласында ғана 34 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұрғаны жайында ақпарат айтылады. Бұл облыс орталығында жаңа үйлер көптеп салынғанымен, әлі де халықтың баспанаға сұранысын толық өтемей тұрғанын аңғартады. Сонымен қатар құрылыс сапасы мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселесі де өзектілігін жоймай тұр. Мұны жаңа ықшамаудан тұрғындарының базынасынан да байқауға болады. 

Ең алдымен, сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің басым бөлігінде аулалар тар, автокөлік тұрағы аз немесе мүлде қарастырылмаған және балалардың ойын алаңдарының талапқа сай еместігі жайында сын-ескертпелерді жиі естиміз. Сол сияқты жарықтандыру мәселесі толық шешілмеген аумақтар да аз емес. 

«Бірнеше жылдан бері Қызылорданың сол жағалауындағы жаңа шағынауданда тұрамыз. Мемлекеттің қолдауымен апатты үйден жаңа баспанаға көшірілгенімізге ризамыз. Дегенмен тұрғын үй кешенінің ауласындағы бірқатар кемшіліктер алғашқы күннен-ақ байқалды.

Ең өзекті мәселенің бірі – аула ішіндегі жолдардың тарлығы. Бір жолмен әрі жаяу жүргіншілер, әрі балалар, әрі көліктер қатар қатынайды. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіреді. Сондықтан мұндай аумақтарға көлік қозғалысын баяулататын жасанды жол кедергілерін орнатып, қажетті жол белгілерін қою қажет деп есептеймін.

Сонымен қатар тұрғын үйлердің аулаларына бейнебақылау камераларын орнату да бүгінгі күннің талабы. Жуырда ғана біздің №65 үйдің ауласында 12 және 3 жастағы екі баланы көлік қағып кетті. Екі бала да түрлі дене жарақатын алды. Абырой болғанда, адам шығыны болған жоқ. Алайда бұл жағдай аула ішіндегі қауіпсіздік мәселесінің қаншалықты өзекті екенін көрсетті.

Егер бұл кемшіліктер дер кезінде жо­йылмаса, тар жолдарда жылдамдықты шамадан тыс асыратын жүргізушілердің кесірінен орны толмас қайғылы оқиғалардың көбею қаупі жоғары. Сондықтан жа­уапты мекемелер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс- тарды жедел қолға алуға тиіс», – дейді сол жағалау тұрғыны Сапарбек Ерімбетов.

Сонымен қатар тұрғындар тұрғын үй аумағын көгалдандыру жұмыстары формалды сипатта қалып тұрғанын тілге тиек етті. Бұл тұрғыда ағаш отырғызу мен жасыл аймақтарды күтіп-баптау ісінде солқылдақтық сипат алып тұр деген пікірде. Бұған қоса, кейбір жаңа ықшамаудандарда кәріз және жаңбыр суын ағызу жүйелерінің, аяқсу арналарының сапасына тұрғындар тарапынан жиі сын айтылады. Жарықтандыру мен тазалық мәселесінде де кемшіліктер менмұндалап тұр. 

«Сол жағалаудағы ең өзекті мәселенің бірі – көшелердің жарықтандырылуына қатысты болып тұр. Мәселен, өзім тұратын шағынауданда былтыр пайдалануға берілген «Қайсар Арена» стадионынан басталатын Иса Тоқтыбаев көшесі бірнеше жылдан бері түнгі уақытта қараңғы күйде тұр. Осы көшемен қиылысатын Ғафур Мұхамеджанов көшесінде де жарықтандыру мәселесі шешімін таппай келеді.

Бұдан бөлек, үйіміздің іргесіндегі Сыр­дария жағалауының санитарлық жағдайы да көңіл көншітпейді. Кешкілік серуендейтін тұрғындарға арналған орындықтар орнатылмаған, қоқыс жәшіктері мүлде жоқ. Соның салдарынан өзен жағасы біртіндеп қоқыс жиналатын орынға айналып барады. Бұл мәселелерді жауапты мекемелерге бірнеше рет жеткізгенімізбен, әлі күнге дейін нақты нәтиже көріп отырған жоқпыз», – дейді сол аумақтың тұрғыны Райса Сыздықова.

Негізінде, қала құрылысы талаптарына сүйенсек, тұрғын үй кешендері инженерлік инфрақұрылыммен, балалар ойын алаңдарымен, автотұрақпен, көгалдандыру және абаттандыру элементтерімен кешенді түрде қамтамасыз етілуі тиіс екен. Оның ішінде негізгі талаптарды тізбектеп шықсақ, ауланың кең болуы, тұрғындардың демалуына, балалардың қауіпсіз ойнауына және арнайы техникалардың еркін жүруіне жеткілікті кеңістік қарастырылуы басты міндет саналады. Бұл тұрғыда балалардың ойын және спорт алаңдары тұрғындар санына сай жабдықталуы қажет. Сонымен қатар автотұрақтар балалар алаңына немесе жаяу жүргіншілер жолына кедергі келтірмеуі маңызды. Бұған қоса, көгалдандыру жұмыстары басты міндет саналады. Яғни аулаға жасыл желектер мен гүлзарлар отырғызылып, көгалдарды суару жүйесі талапқа сай жүргізілуі шарт. Ал жарықтандыру бағаналары ауланың кіреберістерін, жаяу жүргіншілер жолдарын және автотұрақтарды толық қамтуы, инженерлік инфрақұры­лым тұрғын үй пайдалануға берілгенге дейін толық дайын болуға тиіс. Ең бастысы, қауіпсіздік талаптары қатаң сақталып, аулаға жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасының еш кедергісіз кіруіне бар­лық жағдай жасалуы керек.

Бірақ құрылыс алаңына айналған Қызылорда қаласында кейінгі жылдары салынған тұрғын үй кешендерінде осы талаптардың барлығы бірдей орындалды деп айту қиын. Соның салдарынан қара халық зардап шегіп, көпшіліктің құрылыс сапасына қатысты ашу-ызасын туғызып тұрғаны жасырын емес. 

Қорыта айтқанда, тұрғындар тұрғын үй құрылысын жүргізуде жоғары сапаға мән берілсе деген талабын жеткізіп отыр. Алдағы уақытта жауапты орындар саннан сапаға көшетін сәт келгенін түсініп, аталған кемшіліктер қалпына келтіріледі деп үміттенеміз.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 05:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары