Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Табыс пен шығыстың сәйкестігі тексеріледі

Табыс пен шығыстың сәйкестігі тексеріледі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2027 жылдан бастап азаматтардың табысы олардың шығыстарына қаншалықты сәйкес келетінін тексерілетінін хабарлады. Әңгіме түрлі мемлекеттік базалардың мәліметтерін біріктіретін жүйе туралы болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Жаңа жүйе азаматтардың кім екенін, қайда ұшатынын, қанша жұмсайтынын, қандай мүлікке иелік ететінін, тіпті құмар ойындар мен бәс тігулерге қатысатынын да бақылауға мүмкіндік береді.

Ержан Біржановтың айтуынша, бұл механизм тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, барлық азаматтарға қатысты болады. Егер адамның шығыны ресми табысынан едәуір асып кетсе, бұл тексеруге негіз болады. Әсіресе шетелге саяхаттау және ірі мүлік сатып алу кезіндегі қаражаттың декларацияланғаны жіті қадағаланбақ. Вице-министр түсіндіргендей, бұған дейін мемлекетте барлық деректі біріктіретін біртұтас база болмаған. Жүйелерді интеграциялау бірнеше жылға созылып, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді талап етті. Қазіргі таңда жүйедегі қателер мен дәлсіздіктерді жою тетіктері зерттеліп жатыр.

Тексеру барысында банк шоттарындағы қаражат қозғалысы, жылжымайтын мүлік, білім беру, медицина және сақтандыру шығыстары, сондай-ақ шетелдегі кірістер мен кедендік мәліметтер ескеріледі.

«Егер шығындар табыстан асып түсетіні анық анықталса, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің тексеруі мүмкін», дейді вице-министр.

Сондай-ақ Қаржы министрлігі бұл деректерді сараптау үшін жасанды интеллект (ЖИ) көмегіне жүгінуі әбден мүмкін.

Ерболат Досаевтың жұбайы бір жылда 2,3 млрд теңге табыс тапқан

Шенеуніктердің жалақысы неге құпия?

2025 жылдың соңында Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған жариялылық үрдісі байқалды. Дегенмен, жалпыға бірдей декларациялау басталса да, шенеуніктердің нақты жалақысы әлі де көпшілікке беймәлім. Мемлекеттік қызметшілердің «бір айлықпен қалай миллионер болатыны» қоғамда үлкен сауал туғызады. Мәселен, аудан деңгейіндегі әкімдердің айлығы 1-2 млн теңге болса да, олардың Парижден пәтер алып, балаларын Лондонда оқытуы күмән тудырмай қоймайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұл жағдайды былай түсіндіреді: жалақы мен төлем көзінен салық салынатын өзге де кірістер мүлік туралы декларацияда (270.00-нысан) көрсетілмейді. Себебі бұл табыстар бойынша жеке табыс салығын жұмыс беруші (салық агенті) есептеп, аударады. Декларацияда тек дербес салық салынатын кірістер: дивидендтер, ұтыстар, сыйға тартылған мүлік, кешірілген борыштар мен мүлікті сатудан түскен табыстар ғана көрсетіледі.

Жалпыға бірдей декларацияны кім және қашан тапсырады?

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, жарияланатын декларация – мемлекеттік кіріс органдарына берілетін толық құжат емес. Оның тек жекелеген мәліметтері ғана ашық жарияланады. Бұл дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың талабына негізделген. Осылайша, ашық декларацияларда шенеуніктердің жалақысы туралы ақпараттың болмауы – деректерді жасыру емес, қолданыстағы салықтық әкімшілендіру моделінің нәтижесі.

Шетелдік тәжірибе 

Сарапшылардың айтуынша, ашықтықтың алғашқы әрекеті сыбайлас жемқорлықпен күрестің нақты құралы емес, бюрократиялық актіге айналды, ал нақты активтер бұрынғысынша көлеңкеде қалып отыр. КСРО ыдырағаннан кейін бұл процесс балалап кетті.

Мәселен, Норвегияда шенеуніктердің жылдық табысы мен мүлкі ашық тізілімде («кіріс кітабында») көрсетіледі. Ресейде мемлекеттік қызметкерлердің шетелде актив ұстауына заңмен тыйым салынған.

Ал бізде заң қабылданбас бұрын оны айналып өту тетіктері пысықталып қоятыны жасырын емес. Қаражатын шетелге жасырып, тапқан табысын туыстарының атына жаздыру үрдісі әлі де тыйылмай тұр. Тіпті, декларация тапсыруға тиіс кейбір тұлғалар өз табыстарын түсіндіре алмай, соңында «жұбайының табысына» сүйенетінін көріп жүрміз.

Жиырма алты жылға созылған дайындық

Жаппай табыс декларациясын тапсыру туралы әңгіменің басталғанына биыл 26 жыл толыпты. Оның алғашқы кезеңдері шетелдік тәжірибені зерттеуге кетсе, 2010 жылы Үкімет тиісті тұжырымдаманы мақұлдады. Алайда, бұл процесс жыл сайын кейінге шегеріліп келді. 2016 жылы «мемлекеттік органдар дайын емес», «дерекқорлар өзекті емес», «ауылда интернет жоқ» деген сылтау айтылды.

Инновациялық экономика институтының сарапшысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Мағбат Спановтың айтуынша, бізде салық мәдениеті қалыптаспаған. 

Спановтың мәліметінше, Қазақстандағы көлеңкелі сектор ІЖӨ-нің шамамен 20-30%-ын құрайды. Ресми деректер бойынша Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың үлесі ІЖӨ-нің 19,75%-ын құрайды. Ішкі жалпы өнім 200 млрд доллар болса, абсолюттік санмен алғанда бұл шамамен 50 млрд доллар. Мұндай сома көлеңкелі секторда айналады. Көлеңкелі сектор 10%-дан аспауы тиіс. 

«Енді мемлекеттік органдар тек кіріс бөлігін ғана емес, шығыс бөлігін де тексере алады. Егер бұрын мемлекеттік қызметкер маған бизнеске ақшаны зейнеткер әжем қалдырды десе, енді әйелінің табысының арқасында күн көріп жүргенін ашып айта бастады», дейді М. Спанов. 

Сабақ болатын заңсыздық және технология мүмкіндігі

Сарапшылар, бәрінің құпия болып қалу, байлықты шетелге шығарып және басқа елдерде жасыру мүмкін еместігін айтады. Технология табысты жариялаудың мың түрлі мүмкіндігін көрсетіп жатыр. Біздің ел резиденттерінің шетелдік юрисдикциялармен қаржылық шоттары бойынша автоматты түрде ақпарат алмасуға кірісті.

Салық сарапшысы Дмирий  Казанцевтың айтуынша, декларациялаудың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Әзірге әлемде одан өзге тәсіл айналымға енген жоқ. Бизнесті осы тәсіл арқылы ғана көлеңкеден шығады. 

«Декларацияға қарсылық танытқандарды немесе әйелінің табысының ар жағына тығылып қалғандардың қаржылық сауаттылығы нөлмен бірдей», дейді сарапшы.

Д.Казанцевтың айтуынша, процесс біртіндеп жүріп жатыр. Алдымен мобильді аударымдарды тексереді, содан кейін жанама талдау әдістері  мен ақша ағындарының толық мониторингіне көшеді. Технологияларды біртіндеп енгізу халыққа жаңа шындыққа бейімделуге мүмкіндік береді және ықтимал өзгерістерге әлеуметтік қарсылықты төмендетеді. 

Сонымен қатар сарапшы декларациялаудың нақты пайдасы 2026 жылдың соңына қарай, барлық жеке тұлғалар есеп бергеннен кейін ғана сезіле бастайтынын айтады. Сол кезде ғана қоғамда оң өзгерістер мен әділ салық мәдениеті қалыптаспақ.

Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:58

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді

Спорт • Бүгін, 12:43

Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті

Экономика • Бүгін, 12:33

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Қоғам • Бүгін, 12:23

Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?

Қазақстан • Бүгін, 12:19

Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты

Әлем • Бүгін, 12:09

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады

Қоғам • Бүгін, 11:57

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

Қоғам • Бүгін, 11:28

Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды

Спорт • Бүгін, 11:17

Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті

Қоғам • Бүгін, 11:07

Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?

Әскер • Бүгін, 10:57

Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады

Қоғам • Бүгін, 10:38

ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты

Технология • Бүгін, 10:28

Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді

Спорт • Бүгін, 10:17

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 13:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары