Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Тоқаев бағалы металдар үшін күресте Қазақстанның артықшылығын атап өтті

Шығыстың балы Қазақстанның брендіне айнала ала ма

Шығыстың балы Қазақстанның брендіне айнала ала ма

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қанша тонна экспортталады?

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажибекованың айтуынша, аймақ бірнеше бағыт бойынша ел көлемінде жетекші орынға ие. 

– Бал өндірісінен бірінші орын, қарақұмық шығарудан Павлодар облысынын кейін, балқытылған ірімшік дайындаудан Қостанай облысынан соң, құрт өндіруден Түркістан облысынан кейін екінші орында тұрмыз. Ал құс етін (Ақмола және Алматы облыстарынан соң), шұжық өнімдерін (Түркістан облысы мен Батыс Қазақстан облысынан кейін), консерві өнімдерін (Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан соң) өндіруден ел бойынша үшінші орындамыз, – дейді ол.

Өңірдегі барлық санаттағы шаруашылықта 101 мың 117 ара ұясы тіркелген. Ал республикалық ара шаруашылығы палатасында 2026 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдайға сәйкес, 86 шаруашылық тіркелген. Олардың құрамында 31 мың 420 тірі тұқымды ара ұясы бар. Басқарма басшылығы мемлекет тарапынан ара шаруашылығын дамытуға көңіл бөлініп жатқанын, ол тіпті арнайы бұйрық негізінде бекітілгенін жеткізді.

– Бұрын субсидия ара ұяларымен селекциялық және тұқымдық жұмыс жүргізуге берілетін. Бір ара ұясына – 5000 теңге мөлшерінде баға бекітілді. Қазір ережелерге енгізілген өзгерістерге сәйкес субсидиялар бал өндірісінің өзіндік құнын арзандатуға бөлінеді. Яғни, сатылған бір келі балға – 200 теңге. 2024 жылы селекциялық және тұқымдық жұмыс жүргізу үшін 65 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі 89 өтініш берген. Нәтижесінде, 195 185 000 теңге субсидия төленді, – деді басқарма басшысы.

Мәлім болғандай, 2024 жылы облыстан 19,3 тонна бал экспортталды. Арада бір жыл өткенде көрсеткіш күрт ұлғайып, 2025 жылдың 11 айында Шығыс Қазақстаннан аталған өнімнің 65,5 тоннасы экспортталды. Облыста «Катонқарағай табиғи бал» бренді тіркелген. 2025 жылғы тамыздан бастан Шығыс Қазақстан балы Еуропа нарығына шықты.

Тағы бір айта кетерлігі, Мажарстанның екі ірі компаниясы отандық бал өндірушілермен, атап айтқанда Глубокое ауданының «Пасека Буньковых» шаруа қожалығымен байланыс орнатуға қызығушылық танытқан. Ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері мұның венгриялық өндірушілермен алғашқы байланыс екенін, осы арқылы Еуроодаққа қарай жол ашылғанын жеткізді. Бұдан бөлек, былтыр наурыз айында Глубокое ауданындағы «Sun Bee Altai» ЖШС Еуропалық комиссия реестріне енгізіліп, Еуропалық Одақ елдеріне экспорт жасауға тіркелген қазақстандық тұңғыш кәсіпорын атанғаны жазылды.

– Бұл Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Испания, Польша және тағы басқа Еуроодақтың 27 еліне бал экспорттауға мүмкіндік ашады. Қазақстан бойынша бал өндірісін арттыру жаңа экспорт нарықтарын ашу, ара шаруашылығында селекциялық-тұқымдық жұмыстарды біріздендіру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №434 бұйрығымен 2025-2027 жылдарға арналған Ара шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді, – деп хабарлады басқармадан.

Аудандардағы ахуал қандай?

Мәлім болғандай, Катонқарағай ауданы бойынша омарташылық, бал өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен шаруашылықтар, жеке қосалқы шаруашылықтар саны – 103. Оның ішінде асыл тұқымды мәртебесі бар 12 ара шаруашылығы бар. Бұл деректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Тулебаев ұсынды. Оның айтуынша, ауданда бал өндіріп, омарташылықпен айналысамын деген жанға жеңілдетілген несиелер беріледі. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несиелер жылдық 2,5 пайыз мөлшерлемемен беріледі.

– Бұл бағдарлама бойынша жеке тұлғалар үшін қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 АЕК-ке шейін қаржыландыру көзделген. Сонымен қатар «Агронесие» бағдарламалары (оның ішінде «Іскер», «Агробизнес») арқылы жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен несиелер беріледі. Бұдан бөлек, омарташылықты дамытуға бағытталған мемлекеттік субсидиялар қарастырылған, – деді бөлім басшысы.

Катонқарағайдың өзінде жылына орта есеппен бірнеше жүз тоннаға жуық бал өндіріледі. Жыл мезгіліне, ауа райына және бал жинау маусымының ұзақтығына байланысты өндіріс көлемі өзгеріп отыратын көрінеді. Былтыр бұл меже 185 тоннаға жеткен. Ресми ақпаратқа сенсек, Катонқарағай аумағында өндірілетін бал өнімдерінің шамамен 30-40 пайызы аудан аумағына келетін демалушылар мен туристерге сатылады. Өнімнің 25-30 пайызы Өскемен қаласына, ал 15-20 пайызы Астанаға жеткізіліп, саудаланады. Қалған бөлігі Шығыс Қазақстан облысының өзге елді мекендері мен республика аумағында өткізіледі.

– Бал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің салықтық төлемдері арқылы аудан бюджетіне тұрақты түрде түсімдер қамтамасыз етіледі. Бал өндірісінен түскен нақты табысты бөлек көрсету мүмкін емес, ол ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін жиынтық салық түсімдерінің ішінде қамтылады, – деді бөлім басшысы.

Түрік профессоры Шығыстың балын зерттеп жүр

Негізінен Шығыстың балы Коробиха мен Ақсу ауылдық округтерінде өндіріледі. Сонымен қатар Катонқарағай, Аққайнар және Белқарағай ауылдық округтерінде омарташылар бар. Аталған ауданнан Қытай, Өзбекстан, Сауд Арабиясынан бөлек, Солтүстік Америкаға дейін жөнелтіледі.

Өткен жылдың соңына қарай Өскеменге Түркияның Мугла Ситки Кочман университенінің профессоры, Шығыс Қазақстан балын зерттеп жүрген Мехмет Озтюрк келген болатын. Ол бірнеше күн Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да дәріс оқып, түрлі ақпаратпен бөлісті. Оның сөзінше, балды тек тағам түрінде емес, медицина да бағытында да пайдалануға болады. 

– Қазақстан балын әлем жұрты әлі толық білмейді деп ойлаймын. Ол үшін ақпарат кеңістігінде осы өнім туралы мәліметті молынан беру керек. Шығыс Қазақстанның өзінде бал экспорттаудың әлеуеті жоғары. Мен туып-өскен Мула қаласы Түркияның оңтүстік-батыс өлкесінде орын тепкен. Бізде бал шаруашылығы жетекші рөлге ие. Мен балды ауруға ем ретінде қолдануды жөн санаймын. Себебі, табиғи өнімнің әсері ерекше, – деді профессор.

Оның айтуынша, ауруларды ғана емес, спортшыларды қалпына келтіру кезінде де жиі тұтынған жөн. Мәселен, Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қандай шөп өседі, соның құрамы да балды пайдалану кезінде ескерілуі тиіс. Түркия осы жағынан әлемде көш бастап тұр.

Балы брендтке айналған тағы бір аудан – Күршім. Бұл жақта жылына 50 тоннадан астам бал өндіріледі. Оның 12 пайызы республика аумағына, қалған бөлігі облыс аумағында саудаланады.

Бірақ аудан әкімінің орынбасары Алмас Ижимовтың айтуынша, Күршім балы қазір экспортқа шығарылмайды. Соған қарамастан жұрт алдын ала тапсырыс беріп, шама-шарқынша сауданы қыздырып жүр.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан треонин мен глутамат бойынша әлемдік нарықтарға шығатындығы хабарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 12:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see120

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see116

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see116

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see115

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see114

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see114

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see114

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see114

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see114

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see113

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see113

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see112

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see111

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see110

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see110

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see110

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see110

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see109

Тоқаев бағалы металдар үшін күресте Қазақстанның артықшылығын атап өтті

22 Тамыз 2026 17:55see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары