Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

Таза қала конкурсы басталды

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

Қағаздағы өсім қалтадағы ақшаға айнала ма?

Қағаздағы өсім қалтадағы ақшаға айнала ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қағаз жүзінде бәрі дұрыс сияқты: номиналды табыс 10,2 пайызға артқан, орташа табыс 238 мың теңгеден асқан. Бірақ дүкендегі баға, коммуналдық төлем, күнделікті шығын өс-кенін көргенде, 10 пайызға артты деген табыс қайда деген сұрақ туары заңды.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың төртінші тоқсанында орташа айлық жалақы 473 мың теңгеге жетіп, бір жылда 8,8 пайызға артқанымен, нақты жалақы 3,2 пайызға төмендеген. Яғни, табыс көбейгенімен, оның сатып алу қабілеті керісінше азайған. Бұл көрсеткіштер экономикадағы өсім мен халықтың күнделікті тұрмысы арасындағы алшақтықтың әлі де сақталып отырғанын аңғартады.

Бұл үрдісті қаржы сарапшылары да растап отыр. Halyk Finance сараптама орталығының маманы Арслан Ароновтың айтуынша, мәселе тек жалақының баяу өсуінде емес, одан да терең – халықтың сатып алу қабілетінің әлсіреуінде жатыр. Оның дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың төртінші тоқсанында қазақ­стандықтардың нақты табысы инфляцияның әсерінен 2,9 пайызға төмендеген. Яғни, табыс өсіп жатқандай көрінгенімен, баға одан жылдам көтеріліп, ақшаның құны төмендеп отыр. Сарапшының сөзінше, экономиканың жалпы өсімі халықтың тұрмысына толық әсер етпей отыр. 

«ЖІӨ өсіп жатыр деген көрсеткіш бар. Бірақ бұл өсім азаматтардың табысына дәл сол деңгейде жетпейді. Мұндай алшақтық экономика құрылымының тұрақсыз екенін көрсетеді», – дейді Арслан Аронов. Оның айтуынша, аталмыш жағдай көбіне мұнай секторына тәуелді өсіммен байланысты. Яғни, экономикада ақша бар, бірақ ол барлық салаға бірдей тарала бермейді деген сөз.

Бұл өзгеріс халықтың тұтыну дағдысынан да анық байқалады. Бұрын адамдар табысының бір бөлігін киімге, тұрмыстық техникаға немесе қызметтерге жұмсаса, қазір негізгі шығын азық-түлікке кетіп жатыр.

«Біз халықтың шығынының құрылымында өзгеріс барын көріп отырмыз. Азық-түлікке жұмсалатын қаражаттың үлесі өсіп келеді. Ал басқа тауарлар мен қызметтерге сұраныс керісінше төмендеген», – деп есептейді сарапшы. Демек, қарапайым тілмен айтқанда, адамдар бұрынғыдай емін-еркін қажетіне ақша жұмсай алмайды.

Арслан Ароновтың айтуынша, бұл – тек уақытша құбылыс емес, ұзаққа созылуы мүмкін үрдіс. Себебі халықтың табысы мен шығысы арасындағы теңгерім бұзылған. 

«2025 жылы халықтың нақты табысы да, шығысы да төмендеді. Бірақ табыстың төмендеуі жылдамырақ. Бұл айырмашылық адамдардың жетпеген ақшаны қарызбен жаба бастағанын көрсетеді», – дейді ол. 

Соңғы жылдары тұтынушылық несие көлемі айтарлықтай өскені де осыны айғақ­тайтындай. Тағы бір маңызды жайт, табыстың негізгі бөлігі жалақыдан тұрады. Сарапшының айтуынша, халық табысының шамамен 75 пайызы еңбек ақысынан қа­лыптасады. Ал егер жалақының өзі инфля­циядан қалып қойса, жалпы табыстың өсуі туралы айту қиын. 

«Егер жалақы нақты мәнде өспесе, басқа табыс көздері оны толық өтей алмайды», – деп түсіндіреді маман. Десе де, ол мәселені шешудің жолы – экономиканың құрылымын өзгерту екенін жасырмайды. «Бізге тек өсім емес, сапалы өсім керек. Еңбек өнімділігін арттыру, экономиканы әртараптандыру, жеке инвестицияны көбейту маңызды. Сонда ғана халықтың табысы тұрақты түрде өседі», – дейді Арслан Аронов.

Сонымен қатар ол адами капиталға инвестиция салудың маңызын атап өтті. Білім, кәсіби білік, жаңа дағдылар – табыстың негізгі көзіне айналуға тиіс. «Ұзақ мерзімде халықтың әл-ауқаты тек жалақыны көтерумен емес, жалпы экономиканың сапасын жақсартумен байланысты», – дейді сарапшы.

Осы жағдайға байланысты Ұлттық экономика министрлігі де ресми түсініктеме беріп, нақты табыстың төмендеуі кездейсоқ құбылыс емес екенін ашық айтты. «Нақты кірістің төмендеуі, экономиканың өсуі әлі де халықтың әл-ауқатына толық әсер етпейтіндігін көрсетеді. Яғни, пайданы қайта бөлу мәселесі туындайды. Мұндай жағдай жұмыспен қамтуды арттыру, тұрақты жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жалақыны арттыру жөніндегі шаралардың өзектілігін көрсетеді», – деп мәлімдеді ведомство.

Мәселенің түп-төркіні – табыстың қалай бөлініп жатқанында. Министрлік ұсынған мәлімдемеге сүйенсек, экономикада ақша бар, өндіріс те, қызмет көрсету саласы да, экспорт та өсіп жатыр. Бірақ сол өсімнің игілігі жұмыс істеп жүрген адамдарға бірден жетпейді. Кәсіпорындар табысын көбейт­ке­німен, жалақыны сол қарқынмен өсіріп отыр­ған жоқ. Жалақының өзі жылына 10 па­йыздан артық өспейді, ал кейбір мекемеде бұл туралы сөз де қозғалмайды. Нәтижесінде, қағаз­дағы өсім мен қалтадағы нақты ақша арасында айырмашылық алыстай бермек. Министрлік те мұны жанама түрде мойындап отыр.

Бұған бизнестің өзі де белгілі бір деңгейде тәуелді. Кәсіпкерлердің шығыны көбейген: логистика қымбаттады, валюта бағамы құбылып тұр, сыртқы нарықтағы жағдай тұрақсыз. Осындай жағдайда олар ең алдымен шығынды қысқартуға тырысатыны хақ. 

Сонымен қатар ведомство табыстың неге ЖІӨ-мен қатар өспейтінін де түсіндіріп берді. Экономикадағы өсім көбіне ірі салалар арқылы қалыптасады, ал ол қарапайым қызметкердің табысына бірден әсер ете бермейді. Оның үстіне, бизнес үшін еңбекақы қоры – тұрақты шығын. Ал қазіргі жағдайда кәсіпкерлер сыртқы тәуекелдерді көбірек ескеруге мәжбүр. Логистикадағы қиындықтар, валюта бағамының құбылуы, геосаяси тұрақсыздық – мұның бәрі жалақыны көтеруге мүмкіндік бермейді.

Бірақ министрлік тек себептерді тізіп қоймай, алдағы жоспарларын да атап өтті. Бүгінде Үкімет нақты табысты арттыруды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырып отыр. Бұл үшін инфляцияны төмендету, тарифтік саясатты реттеу, бюджеттік шығындарды оңтайландыру сияқты кешенді шаралар қолға алынбақ.

«Азаматтарымыздың нақты табысының өсуін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Үкіметтің, Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2028 жылға дейінгі бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылуда. Оның мақсаты – нақты кірістердің +2-3% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету. Бұған инфляция деңгейін кезең-кезеңімен төмендету арқылы қол жеткізу жоспарланып отыр. Бағалар баяу өскен кезде жалақының да нақты өсімі байқалады. Сонымен қатар жұмыспен қамтуды арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы шаралар жалғасады», – деп мәлімдеді министрлік.

Расымен, соңғы уақытта бұрынғыдай Ұлттық қордан қомақты қаржы тарта бермей, ішкі мүмкіндіктерге сүйену күшейіп келеді. «Бұл экономиканы «жасанды демеуден» гөрі, нақты тірекке көшіруге бағытталған қадам», – дейді мамандар. Сонымен қатар алдағы жылдары жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақыны біртіндеп өсіру мәселесіне басымдық беріліп отыр. Әсіресе, Үкімет өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы оң өзгерістерден үмітті. Әлеуметтік қолдау да назардан тыс қалмайды: табысы төмен отбасыларға бұрынғыдай көмек көрсетіледі. Алайда бұл жоспарлардың нәтижесі уақыттың еншісінде қалмақ. 

Кәмила ДҮЙСЕН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 06:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see122

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see120

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see120

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see117

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see116

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see116

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see115

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see114

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see112

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see112

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see111

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see111

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see111

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see111

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see110

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see110

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

19 Тамыз 2026 12:29see110

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see109

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see109

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

19 Тамыз 2026 12:01see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары