Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Мамандық таңдау машақаты

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

Өскелең ұрпаққа өнеге

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгінде сарапшылар Алматы – Орталық Азияның технологиялық кәсіп­керлік орталығы ретіндегі өз ұстанымын күшейтіп жатыр деген пікір айтады. Болжам бойынша, оның аймақтық жалпы өнімдегі үлесі алдағы 4–5 жылда 5 пайызға жетуі мүмкін. Әсіресе сауда, қызмет көрсету моделінен алшақтап, технология мен адами капиталға баса көңіл бөліне бастады. Егер осы мақсатқа жетсе, іскерлік қаласы аймақтық инновациялық мәртебесін бекітіп, инвестиция тарту мүмкіндігін арттыра түспек.

Қазіргі таңда Алматы еліміздің  ІЖӨ-нің 30-ға жуық пайызын қамтиды. Мұнда венчурлық инвестицияның 50 пайызы мен мыңнан астам стартап шоғырланған. Қалада 30-дан астам жоғары оқу орны, 80-нен аса кәсіптік-техникалық колледж бар. Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың саны 200-ге жуықтайды. Еліміздің ғылыми әлеуетінің 70 пайызы және бизнестің 30 пайыздан астамын иеленіп отырған алып шаһар ғылым мен бизнесті интеграциялауда  орасан зор әлеуетке ие десек болады. Ендігі кезекте іскерлік қаласын ғылыми-технологиялық, инновациялық кластер деңгейіне жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта биыл жыл соңына дейін Алматы әкімдігі мен MOST Holding IT-стартаптар мен жетілген IT-компаниялар үшін мамандандырылған «Almaty AI Hub» ашуды жоспарлады. Жобаның мақсаты – толыққанды экожүйе құрып, қаланы өңірлік IT-хабқа айналдыру. Оның барысында білім беру, жұмыс кеңістігі мен қаржыландыру тетіктерін дамытып, сарапшылар кеңесін ұйымдастыру көзделген.

Жақында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мә­­диев қалаға келген іс­кер­­­лік сапары аясында «Almaty AI Hub» орнын анық­тап, инфрақұрылымын жетілдіруді тапсырды. Сондай-ақ стар­таптарға тартымды кеңістік құру мақсатында еліміздің оңтүстік-шығысындағы AI-эко­жүйесін дамыту орта­лығының маңызын, шаһар­дың заманауи цифрлық стан­дартты игеруде көш­бас­шы болуы қажеттігін атап өтті.

«Ғылымды коммерция­ландыру одағы» РҚБ вице-президенті, «Ата­мекен» кәсіп­керлер палатасы Алматы аймақтық иннова­циялық кеңесінің мүшесі Жұмабай Ділмановтың айтуынша, еліміздің Орталық Азияда цифрлық модель­деу орталығына айналу мүмкіндігі жоғары. Ал іс­керлік қаласында ғылы­ми-технологиялық, инно­вациялық кластер құруға толық­қанды негіз бар.

– Әлемдік тәжірибе көр­сеткендей, жаңа техноло­гиялық бағыттың дені ғылыми орталықтар мен уни­вер­ситеттердің айналасында қалыптасады. Дәл осы ортада кейін ұлттық және халықаралық деңгейдегі ірі жобаларға айналуы мүмкін идеялар туады. Бүгінде цифрлық модельдеу, суперкомпьютерлік есептеулер және цифрлық балама технологиялары ғылыми-технологиялық да­мудың маңызды бағыты­на айналып отыр. Әсіресе Ор­та­лық Азия елдері үшін бұл сала айрықша маңызға ие. Сонымен  бірге өңірдің табиғи жағдайы күрделі, инфра­құрылым жүйесі ауқым­ды болғандықтан, су ресурстары, климат, көлік, энергетика және экология салаларында ғылыми негізделген болжамға сұраныс артып келеді. Осындай жағдайда жоғары өнімді есептеулер мен үлкен деректерді талдау бағытында жұмыс істейтін ғылыми орталықтарды дамыту стратегиялық мәнге ие болуы ықтимал. Мұндай орталықтар ғалымдарды, инженерлерді, IT компанияларды және индустриялық серіктестерді күрделі цифр­лық модельдеу жоба­ларына біріктіруге қабілетті. Бұл үрдісте жоғары оқу орындарының рөлі ерекше. Ғылыми мек­тептері, зертханалары және зерттеу инфрақұрылымы бар университеттер жаңа технология­лық экожү­йе­лердің қалыптасуына негіз болады. Болашақта мұн­дай бастамалар ғылым мен техноло­гияның дамуына ғана емес, сонымен қатар өңірдегі халықаралық ғылы­ми ынтымақтастықтың жаңа бағыт­тарының қа­лып­тасуына ықпал етеді. Сондықтан супер­компью­терлік есеп­теулерді, цифр­лық модельдеуді және цифр­лық егіздер жобала­рын да­мыту еліміздің ғылы­ми-техноло­гиялық әлеуе­тін күшейтетін маңызды фактордың бірі, – дейді Ж.Ділманов.

Әзірше, қалада IT-стар­таптарға бірыңғай кеңістік жоқ. Бір жағынан, олар ша­шыраңқы орналасқан. Бірың­ғай кеңістік құру бәсекелестікті ынталандырып, мамандандырыл­ған ортаны жылдам қалыптастырады. IT-кәсіп­керлікті қолдау үшін көз­деліп отырған «Almaty AI Hub»-тың әлеуеті зор болмақ. «Almaty Investment Initiative» іскерлік кезде­суінде Алматы әкімді­гі­нің цифрландыру басқар­масының бастығы Олжас Жаңабек «MOST Holding»-пен бірлескен жобаның ерекшелігіне тоқталды. Мақсаты – стар­таптарды дамытумен қатар ше­шім­дерін нарыққа енгізу. Көлік жүйе­сінен бастап, денсаулық сақтау сала­сындағы өзекті мәселелерді технология кө­мегімен шешуге ықпал ету. Оның айтуынша, көптеген дамып келе жатқан нарықта стартаптар қанатқақты жоба деңгейінде қалып қояды. Сондықтан қала экономикасын дамытуда инновацияны жұмыс құралы ретінде қолдануға нақты қадам жасалып жатыр.

«MOST Holding» басшысы Павел Коктышевтің айтуынша, «Almaty AI Hub» жаңа венчурлық эко­жүйесінің мультипликаторы 300 млн долларды құрауы мүмкін. Салынған әрбір доллар қалалық логистиканы дамытудан бастап, қонақжайлылық өндірісі мен жаңа жұмыс орнын құрудан бюджетке түсетін түсімді арттырады. Бұл идея­ны іске асыруға деген тал­пыныстан туындап отыр. Әдетте инвесторлар стар­таптардың алғашқы ке­зеңіне инвестиция салу­ға құлшына бермейді. Мұн­дай үлгі халықаралық тәжірибеде де бар.

Сондай-ақ «Most Holding»-пен бірлескен бастамада Алматы әкім­дігінің цифрландыру басқармасы инновацияларды дамыту тәсілін жүйелі түрде дамыту, жекелеген жобаларды қолдаудан бастап, толыққанды инвестициялық хабты қалыптастыруға дейінгі межені қарастырады. Жобада 250 стартапқа арналған екі жылдық акселерациялық бағдарлама бар. Осы уақыт ішінде стартапқа инвестиция тарту, сыртқы нарыққа бағдарлау көзделген. Қала әкімдігі көлік, туризм, экология, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау сияқты басым бағыттарды дамытуда бағдарламаның орталық үйлестірушісі және тапсырыс берушісі саналады. Екі жыл ішінде тоғыз акселерация қорытындысына сәйкес MOST IT Hub 60 млн доллар инвестиция тартуды, 45 жобаны экспортқа шығарып, 15 жобаны Алматыда сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл стартаптар «AlmatyAI Hub»-та тіркеледі. Сонымен бірге Астанадағы Финтех-хабта резиденттерге салық жеңілдіктері, өнімдердің белгілі бір санаттары бойынша және шикізат импортына қосымша құн салығынан босатуға қолдау көрсетілмек. Ал «Astana Hub»-та тіркелген 2 мың стартаптың 800-ден астамы Алматыға тиесілі. «Almaty AI Hub» технологияларды экспорттаумен қатар кәсіпкерлік дағдыларды да импорттайды. Мұндай қадамдар дамыған иновациялық хабтар тәжірибесіне тән. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда көптеген отандық стартап шетел нарығын бағындырып жатыр. Егер инвестициялық қолдау болса, іскерлік қаласында Кремний алқабындағыдай Қазақстан тәжірибесіндегі инновация­лық орталықты дамытуға әбден болады.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 08:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see168

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see167

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see154

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see153

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see149

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see139

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see133

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see127

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see125

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see121

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see120

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see114

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see113

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see111

Мамандық таңдау машақаты

22 Қыркүйек 2026 04:46see101

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see89

Өскелең ұрпаққа өнеге

22 Қыркүйек 2026 03:29see89

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see89

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

22 Қыркүйек 2026 04:09see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары