Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Гурьевтен Кремний алқабына дейін: Аркадий Волож қалай әлемдік IT кәсіпкерге айналды

Гурьевтен Кремний алқабына дейін: Аркадий Волож қалай әлемдік IT кәсіпкерге айналды

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Аркадий Волож — Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласының тумасы, «Яндекс» пен Nebius Group компанияларының негізін қалаушы, әлемдік IT индустриясының ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі.

Гурьевтің шаңды көшелерінен басталған тағдыр бүгінде әлемдік технология сахнасындағы ірі есімге айналды. Қазақ топырағынан түлеп, әлемдік технология төріне көтерілген миллиардер, цифрлық дәуірдің сәулетшісі әрі адамзат игілігіне қызмет ететін технологиялардың жаршысы болған Аркадий Волож туралы не білеміз?  

Аркадий Волож 1964 жылы 11 ақпанда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Әкесі Юрий Абрамович — геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қашаған мен Құмкөл кен орындарын зерттеген. Анасы Софья Львовна — Гурьев музыкалық училищесінің ұстазы болған. Бұл орта жас Аркадийдің бойына логика мен шығармашылықты қатар сіңірді.

Аркадий Волож (сол жақта) пен Илья Сегалович (оң жақта).

7-сыныптан кейін ол Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебіне түсіп, 1981 жылы алтын медальмен бітіреді. Сол жылы Мәскеуге аттанып, сыныптасы Илья Сегаловичпен бірге МГУ-ға тапсырады, бірақ конкурс талаптарынан өте алмайды.

Сөйтіп Волож Губкин атындағы Мұнай және газ институтының қолданбалы математика факультетіне түсіп, дәл осы жерде оның ІТ әлеміне жолы ашылады.


«Яндекстің» туу тарихы

Досы Илья Сегаловичпен бірге

1990-жылдары Аркадий Волож ІТ бизнеске бет бұрып, Илья Сегаловичпен бірге «Аркадия» компаниясын құрады. Олар мәтіндік деректерді индекстеу жобасымен айналысып, кейін бұл бастама «Yet another indexer» атауын иеленеді. Осыдан «Яндекс» бренді дүниеге келеді. Бүгінде Яндекс — тек іздеу жүйесі емес, карталар, аудармашы, «Алиса» көмекшісі мен автопилот жүйелерін қамтитын ауқымды технологиялық экожүйеге айналды.

Google-мен жүзеге аспаған мәміле

2003 жылы Google Яндексті сатып алуға қызығушылық білдіріп, Ларри Пейдж бен Сергей Брин Мәскеуге арнайы келді. Бірақ Волож пен Сегалович компанияны басқаруға қатысу шартымен ғана келісетінін айтты. Google бұл шартқа келіспей, мәміле жүзеге аспады.

- «Біз компаниямызды сата алар едік, бірақ өз идеямыздан айырыламыз деп қорықтық», - деген еді кейін Волож.

2005 жылы Google Ресей нарығына кіріп, Яндекспен бәсекеге түсті. Алайда Яндекс жаңа сервистерді іске қосып, өз орнын сақтап қалды.

Жаңа кезең: Nebius Group

2022 жылы Ресейдегі саяси жағдай ушығып, Аркадий Волож «Яндекс» бас директоры қызметінен кетеді. 2023 жылы Еуропада Nebius Group атты жаңа бұлттық технологиялар компаниясын құрып, ашық әрі қауіпсіз ІТ-шешімдер жасауға кірісті. 2023 жылы Ресейдің әрекетін ашық сынаған соң, Еуроодақ оған салынған санкцияларды алып тастады.

Бүгінде ол өзін: «Қазақстанда туған, Израильде тұратын технологиялық кәсіпкер» деп сипаттайды.

2025 жылдың қаңтарында Bloomberg басылымына берген сұхбатында ол Ресей президенті Владимир Путиннің өзіне қатысты айтқан пікірінен кейін жеке күзет жалдауға мәжбүр болғанын айтты. Путин Волождың Батысқа эмиграция жасағанын және Израильде тұрып жатқанын атап өтіп, оған «денсаулық» тілеген болатын.

Бұл жағдайдан кейін Аркадий: «Менің Ресейге оралу туралы ешқандай ойым жоқ. Телефонымда Яндекстің бірде-бір қосымшасы қалмаған», — деп мәлімдеді.

Қазір Волож Тель-Авивте отбасымен, ата-анасымен бірге  тұрады. Бес баланың әкесі. 

Жаңа серіктестік және жетістіктер

2025 жылдың күзінде Nebius Group пен Microsoft арасында жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөнінде $17,4 млрд көлеміндегі келісім жасалды. Нәтижесінде компания акциялары NASDAQ биржасында 71%-ға қымбаттап, капитализациясы $21,12 млрд-қа жетті. Бұл — Nebius тарихындағы ең үлкен серпіліс, әрі ол Яндекстің нарықтық бағасынан асып түсті.

Волож басқаратын Nebius Group сондай-ақ Токиода робот-курьерлер жобасын іске қосты. Avride стартапы мен жапондық Rakuten маркетплейсімен бірлесе, қазір қала орталығында он робот тапсырыс жеткізіп жүр.

2025 жылғы Forbes дерегіне сәйкес Аркадий Волождың байлығы шамамен $1,5 миллиард болса, Bloomberg мәліметі бойынша Microsoft-пен келісімнен кейін оның Nebius-тағы үлесі $2,9 миллиардқа дейін өскен. 

Яндекстің Қазақстандағы қызметі

Yandex Qazaqstan ел экономикасына елеулі үлес қосып отыр. Компания осы жылы 24 млрд теңге салық төлеп, мемлекет бюджетіне айтарлықтай кіріс түсірді. Ал «Яндекс Go» платформасындағы 105 мыңнан астам жүргізуші мен курьер 7,3 млрд теңгеге жуық салық пен әлеуметтік төлем аударған. Бүгінде Яндекс қызметтерін 10 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.

Іздеу жүйесі елдегі интернет нарығының 25–26 пайызын қамтып, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайыздық өсімге қол жеткізді. Сонымен қатар, Яндекстің ақылды құрылғылары — мысалы, смарт-колонкалар — Қазақстанда бір жыл ішінде 60 пайыздан астамға артық сатылған.

Компания тек технологиялық сервис емес, сонымен бірге әлеуметтік жобаларға да белсенді қатысуда. Мәселен, петроглифтерді тану жобасы арқылы мәдени мұраны цифрландыруға үлес қосып келеді. Сондай-ақ, жасанды интеллект технологияларын жарнама мен бизнес саласында қолдану бағытында да жаңа шешімдер ұсынуда.

Яндекс соңғы жылдары қазақ тіліндегі контентті дамытуға ерекше көңіл бөліп, іздеу жүйесінде қазақша материалдар мен сұрақтардың үлесін арттырды. Бұл бастама жергілікті пайдаланушыларға ыңғайлы әрі ұлттық контенттің дамуына жол ашуда.

Қызықты деректер

• Бала кезінде ол су шашатын машинаның жүргізушісі болуды армандаған.• Аркадийдің нағашысы Вольф Усминский — танымал скрипкашы, Урал консерваториясының профессоры.• 2018 жылы (кей деректерде 2016 жылы) отбасы инвестиция арқылы Мальта азаматтығын алған.• Волож Яндексті «ресейлік Google» деп атауға қарсы — оның айтуынша, Яндекс Google-ден бір жыл бұрын іске қосылған.• Аркадийдің терең ойға шомғанда желкесін қаситын әдеті бар — «Ойым осылай жақсы жинақталады», - деп әзілдейді ол.

Гүлжанат ИСАБАЕВА

Бүгін, 17:13

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 17:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары