Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Көпестің үйі қалай тарихи орынға айналды

Көпестің үйі қалай тарихи орынға айналды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Деректерге сүйенсек, XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Атбасар өңірдегі маңызды сауда орталықтарының бірі ретінде дами түсті. Сол кездері жәрмеңке жиі ұйымдастырылды. Әрі оған орыс көпестері мен Орта Азия саудагерлері келді. Мал, астық және қолөнер бұйымдары саудаға шығарылды, жергілікті адамдардың әл-ауқаты артып, экономика да даму жолына түсті.

- Атбасар деген сөздің өзі «Ат базары» сөз тіркесінен шыққан болуы мүмкін. Яғни «жылқы базары» немесе «ат жәрмеңкесі» деген маңынаны білдіреді. Қалада жылқы саудасының маңызы ерекше болғанын көрсетеді. Ел аузындағы деректерге сүйенсек, әйгілі балуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақ өзінің Ақбозатын дәл осы жерде сатып алған. Бұл Атбасардың жылқы шаруашылығы орталығы болғанын және қазақ халқы дәстүрінен сыр шертетін аңыз, - деді Гүлім Рахымжанова.

Кейін Кеңес үкіметі кезінде Атбасар өндірісті орталыққа айналды.

Фото: Ақмола облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы

Ғасырлардан сыр шертетін үй

Қала сәулетінде көпес Александр Беловтің 1911 жылы салынған үйі ерекше орын алады. Бұл үй ХХ ғасындың басынан сыр шертетін орын әрі Атбасар тарихи-өлкетану музейі орналасқан ғимарат.

- Екі қабатты биік ғимараттың құрылысы ерекше. Бірінші қабаты үлкен әрі берік кірпіштен қаланған. Ал екінші қабатына ағашты қолданған. Мұнда бөренелерді кесіп, құрастырған. Бұл сол кездегі ұсталық өнердің мықтылығын көрсетеді. Ғимарат XIX–XX ғасырлардағы сәулет өнерін паш етіп тұр. Қасбетінен, күрделі пішіні мен сәнді кескіндерінен осыны көруге болады, - деді Гүлім Рахымжанова.

Үй тіктөртбұрышты, ал негізгі қасбетіндегі шығыңқы бөлігінде симметриялық үйлесімділік бар. Бұл ғимаратқа сән беріп тұр. Көбіне бай көпестер қолданады әрі оларды ерекшелендіріп тұрады.

- Александр Белов қалада өзіндік орны бар инженер-геолог болған. Ол Атбасар уезіндегі минералды ресурстарды зерттеушілердің бірі. Көпестің мекені қарапайым үй ғана емес, қоғамдық маңызы бар орынға да айналды. Онда әртүрлі жылдары уездің ревкомы, атқарушы комитет, милиция және қала кітапханасы орналасты. 1978 жылы 5қарашада ғимарат Атбасар тарихи-өлкетану музейіне берілді. Оны жасақтауға кітапхана қызметкері Клара Әмірова көп еңбек сіңірді. Алғашқы жәдігерлерді жинаған да сол. Кейін музейге Клара Әмірованың есімі берілді. 1988 жылы Беловтың үйі түбегейлі музейге айналды. Қазір Атбасардың тарихын зерттеу, насихаттау орны осы, - деді ол.

Мектеп госпитальге айналды

Көпес Белов 1909 жылы жоғары бастауыш училищесін салдырды. Бұл Атбасардағы білім беру саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Кейін ғимарат гимназияға айналып, қала ғана емес, жақын ауылдың балалары білім алды.

Фото: Ақмола облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы

- Ұлы Отан соғысы жылдары ғимарат госпитальге айналды. Мұнда майдан даласынан жеткізілген жаралы жауынгерлер ем алды. Оларға медицина қызметкерлері мен жергілікті халық жан-жақты көмек берді, - деді Гүлім Рахымжанова.

Содан кейін ғимарат қайтадан білім беру орнына айналды. 1990 жылдардың аяғында мұнда Атбасар қосалқы мектебі көшірілді. Қазіргі кезде ерекше педагогикалық әдіс-тәсілді қажет ететін балаларға арналған білім беру, тәрбие орталығы қызметін атқарады.

Тарих мәні зор мекен

Көпес Беловтің үйі, ол салдырған жоғары бастауыш училищесі ғимараты бүгінде Ақмола өңірінің тарихи-мәдени мұрасына айналды. XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнерінің мол мұрасы Атбасар тарихынан сыр шертеді.

- Бүгінге дейін сақталған бұл ғимараттар қаланың тарихын, сауда, білім және қоғамдық қалыптасуын паш етіп тұр. Сәулет өнерінің сәні ғана емес, мәдени-ағартушылық рөлі де орасан зор. Кейінгі ұрпақ өлкенің бай тарихымен танысып, бүгінге жеткен мұраны сақтаудың маңызын ұғады, - деді Гүлім Рахымжанова.

Фото: Ақмола облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Петропавл кезінде «көпестер қаласы» атанды. Сауда-саттық тоғысқан шаһар қарқынды дамып, сәулеті ерекше ғимараттар бой көтерді. Соның ішінде мешіттер де бар. Петропавлда ХІХ ғасырда 9 мешіт жұмыс істеген. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 19:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары