Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Малайзия: малай халқы қалай доминант ұлтқа айналды?

Малайзия: малай халқы қалай доминант ұлтқа айналды?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Соңғы жылдары ел азаматтары Малайзияға оқуға, жұмыс істеуге жиі барып жатыр. 1957 жылы Британиядан тәуелсіздік алған Малайзия Оңтүстік Шығыс Азиядағы Сингапур мен Индонезиядан кейін экономикасы дамыған мықты ел саналады. Кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің экономикалық ғажайып дамуына тамсанып, «Қазақстан Азияның барысына айналуы тиіс» деп, 2030 жылға дейін даму жоспарын құрғаны да ел есінде. Бірақ қазірше Қазақстан шикізат елі мәртебесінен шыға алмай отырса, бізден 30-35 жыл бұрын егемен ел атанған Малайзия өндіруші мемлекетке айналып қана қоймай, әлемдік туризмнің орталығы боп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Малайзияның ынтымақтастығына қашанда жоғары баға береді. Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жыл ішінде екі ел арасындағы инвестиция мен сауда-саттық көлемі артып келеді. 

Малай ұлтшылдығы мен ислам құндылығы қалай 
ұлттық концепцияға айналды?

Сарапшылар Қазақстан мен Малайзияның айырмашылығынан гөрі ұқсастығы көп деп жиі айтады. Расында да, ең алдымен екі елдің ұлттық құрамы өте ұқсас. Егер Қазақстанда мемлекетқұрушы ұлт – қазақ ұлты 70 пайыздан асса, орыс диаспорасы 15,1 пайыз, қалғаны негізінен ірі түркі тілдес диаспора өкілдері болса, Малайзияда жергілікті малай ұлты мен байырғы халық өкілдері бумипутра (жердің балалары) мәртебесіне ие, олар 62-70 пайызды құрайды, ең ірі қытай диаспорасы – 22,6 пайыз, ал үшінші диаспора үнділер – 6,6 пайыз боп тұр. Қос мемлекет те мұсылман елдері саналады. Ал Малайзияда ислам ресми мемлекеттік дін дәрежесінде.  
Халықтың 60 пайыздан астам бөлігін малай ұлты құраған соң, Конституция бойынша, малайлар саяси билік, яғни мемлекеттік қызметтен бастап бизнеске дейін басымдыққа ие. Заңға сәйкес, мемлекетті ұлты – малай, тілі – малай, діні – ислам, яғни мұсылман адам ғана басқара алады. Шыны керек, бұл бөлініс турист боп барған кез келген азаматқа байқалады. Саяси, экономикалық билік малайлардың қолында, ал қытайлар бизнес, сауда-саттықпен айналысса, үнділер қызмет көрсету салаларында еңбек етіп жүр. Малайларға саяси, экономикалық басымдық беру талай сыналса да, бұл жүйе ұлттық бірлік пен бірегейлікті сақтауда үлкен қызмет атқаруда. Халықтың бәрі ұлтына, дініне, тегіне қарамастан малай тілінде сөйлеп, бір-біріне құрметпен қарайды.  

Малайзия бұл жүйеге қалай келді? Британиядан 1957 жылы тәуелсіздік алған соң, малай елі қиын-қыстау кезеңді басынан өткізді. Колониалды саясат өзінің артынан ұлтаралық жанжалға жол ашатын алғышарттарды қалдырды. Ең алдымен, малайлар ауылдарда кедей өмір сүрді, ал билік пен бизнес біртіндеп қытайлардың қолына өтіп жатты. Үнділерді ағылшындар плантацияларды жұмыс істеу үшін арзан жұмыс күші ретінде сырттан әкелген. Сондықтан үнділердің билікке жететіндей қауқары болмады. Малайларды екі мәселе толғандырды. Бірі о заманда сырттан келген қытай мен үнділердің жалпы халықтың 45 пайызын құрауы, екіншісі – малай тілінің болашағы. Себебі британ колониялды саясаты мұраға тек ағылшын тілін ғана емес, қытай диалектілерінен бөлек үнділердің тамил диалектісін де қалдырды.   

1969 жылы 13 мамырда Куала-Лумпурда сайлаудан кейін малай мен қытай қауымы арасында ұлтаралық қақтығыс орын алып, ресми 196 адам, бейресми 600-ден астам адам, негізінен қытайлар қаза тапты. Бұған дейін билікте бір ғана партия, яғни Альянс партиясы ғана басым күшке ие боп келді, оппозициялық саналатын Геракан партиясы мен Іс-қимыл Демократиялық партиясының билікке келуін түрлі ұлт өкілдері әрқалай қабылдады. Себебі қос оппозициялық партияда қытайлар саны басым еді. Бұл жеңісті тойлау үшін қытайлар малайлар тұратын көшелерде шерулетіп өтті. Кейбір сарапшылар қытай диаспорасы малайлардың ұлттық намысына тиіп, мазақтап, билікті өз қолдарына алғандарын мақтана айтқан деседі. Бұған шыдамаған малайлар көтеріліп кетеді. Кішігірім төбелестер жаппай тәртіпсіздікке ұласып, көліктер мен үйлер, дүкендер өртелді. Билік коммендаттық сағат енгізуге мәжбүр болды. Елде төтенше жағдай орнап, парламент таратылды. Бұл қақтығыс Малаккадан бастап көршілес Сингапурға дейін ұласады. Дәл осы жағдай негізінен ұлттық құрамы қытайлардан тұратын Сингапурдың Малайзиядан бөлініп шығуына әсер етеді. Дәлірек айтсақ, Малайзияның өзі Сингапурды керек етпей, федерация құрамынан шығарып тастайды. Ең қызығы, жергілікті билік айтулы оқиғаны «тұрмыстық жанжал» деп жылы жаппай, ұлтаралық қақтығыс болғанын мойындап, қалай біртұтас Малай халқын қалыптастырамыз деп жаңа ұлттық концепцияларды іздестіре бастайды. 

Тарихшылар мен сарапшылар, көз көрген саясаткерлер 13 мамыр қақтығысына әртүрлі баға береді. Бірі бұл премьер-министр Тунку Абдул Рахманды биліктен кетіру үшін жасалған мемлекеттік төңкеріс деп бағаласа, енді бірі ұзақ жылдардан бері өзін өз елінде өгей ұл санаған малай халқының көтерілісі дейді. Ақыр соңында премьер-министр отставкаға кетіп, оның орнына Абдул Разық Хусейн отырады. Бұл Малайзияның әлеуметтік-экономикалық саясатын өзгерткен бастама болды. Себебі Абдул Разық үкіметі ішкі саясатты малай мүддесі үшін түбегейлі өзгертті. «Кетуанан Мелаю», яғни «малайлар басымдығы, доминанттығы» деген идеология жүргізіле бастады. Бүгін малайлар да, қытайлар да қанды оқиғаларды еске алмауға тырысады. Себебі олар біртұтас «Малайзия халқын» құраймыз деп санайды.   

Малайзия тарихында екі рет премьер-министр болған ұлтшыл саясаткер Махатхир бен Мұхамедті «Модернизация әкесі» деп атайды. Ол елдің экономикасын алға қойып, мемлекеттің инфрақұрылымын барынша дамытты. Махатхир талай саяси көзқарасын өзгертсе де, малай ұлтшылдығы мен ислам дінінің құндылықтарына қашанда бекем болды. Биыл 100 жасқа толған Махатхирді Time журналы Әлемдегі ең ықпалды 100 адам тізіміне кіргізеді. Дәл осы малай ұлтшылдығы мен ислам дінінің құндылықтары мемлекеттік саясаттың тірегіне айналып, ел дамуына сүбелі үлес қосты. 

Малайзияда оқып жүр талай қазақ баласы... 

Малайзияда тұратын кішігірім халық өкілдеріне Вьетнам, Филиппин, Тайланд, Шри-Ланкадан шыққан ұлыстардан бөлек Қазақстан азаматтары да кіреді. Сырттағы қазақтар санына келсек, Қытайда 1,5 млн қазақ, Өзбекстанда 1 миллионға таяу, Ресейде ресми 600-700 мыңнан астам қазақ тұрады дейді. Бірақ көрші Ресей елінде статистиканың да саясиланғанын ескерсек әрі бұл елде Орынбор сияқты қазақтың алғашқы астанасы қалғанын еске түсірсек, онда бейресми санақ әлдеқайда көп санды берері анық. Моңғолияда қазақтар моңғол ұлтынан кейін екінші ірі диаспора боп отыр. Саны 150 мыңнан асады, сондай-ақ, қазақтар Қырғызстан, Түркия, Иран, Еуропа, Америка, тіпті Африка елдерінде де тұрып жатыр. Малайзияда шамамен 1-2 мыңға жуық қазақ тұрады екен. 
Біз Алматы облысынан Малайзияға көшіп барған Назгүл ханыммен сұхбаттастық. Ол әңгімесін малай еліне көшу себептерінен бастады:    

    - Біздің Малайзияға көшуімізге әсер еткен бірнеше фактор болды. Отбасымызбен бірнеше жыл бойы басқа мемлекетке көшсек, оның тыныс-тіршілігін көрсек деген арманымыз бар-тұғын. Бұл сол арманмен ұштасқан көш болды. Балаларымыз дүниеге келгеннен кейін климаты жайлы, жыл он екі ай жаз мезгілі тұратын елге көшсек деген ойымыз жүзеге асты. Менің өзімнің «мұсылман елі болса екен» деген арманым бар еді. Алла тағала сәтін салып, 2023 жылы курстасымның айтуымен осы елге көшіп келдік. Курстасым балалары оқуға түскесін осында көшіп келген еді. Аллаға шүкір, Малайзияға көшкен соң қиындық болды деп айта алмаймын. Себебі біз ауа-райына да тез үйреніп кеттік,  - дейді. 

Назгүл ханымның айтуынша, бұл жерде өмір сапасы жоғары болған соң, балалармен тұру да өте қолайлы. 

- Қазақтар Малайзияға негізінен оқуға келеді. Студенттер өте көп. Былтыр Малайзияда қазақтардың үлкен құрылтайы өтті. Мұнда 300-ден аса қазақ отбасы бар екен. Енді бір отбасында 4 бала, бір отбасында 6 бала болады ғой. Бұдан бөлек студенттер баршылық. Жалпы, студенттермен қоса санағанда, Малайзияда мыңнан аса ел азаматы жүр. Қазақстаннан жиі хабар алып тұрамыз. Елден келген кез келген азамат өзімен бірге сарқытын әкеледі. «Қазақстаннан кім келеді екен» деп сағына күтеміз. Қазақтың қонақжайлылығы керемет қой. Елден бір адам келсе, міндетті түрде қонақ қылып күтіп аламыз, - дейді. 

Ал Малайзияда тіл мәселесі қалай реттеледі деген сауалымызға Назгүл ханым: «Әрине, мемлекеттік балабақшалар мен мектептерде малай тілі міндетті түрде үйретіледі, шет ел азаматтары әдетте балаларын халықаралық мектептер мен балабақшаларға (International School) береді, ол жерде сабақтар ағылшын тілінде өтеді» деп жауап берді.

Малайзияда тұрып жатқан ел азаматтары белгілі аудармашы Нұрғиса Асылбекұлының әйгілі Петронас мұнараларының алдында Домбыра-party шарасын ұйымдастырғанына жоғары баға берді. Бұл игі шара Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып, онда Абайдан бөлек Шәмші Қалдаяқовтың әндері домбыра сүйемелдеуімен шырқалған еді.

  

Малай тілі қалай дамыды?

Бүгінгі таңда малай тілі әлемде кеңінен таралған тілдердің біріне жатады. 1969 жылы «малайзия тілі» деген ұғым енгізілді, бірақ 1990 жылдары қайтадан малай тілі деген термин, ескі атауы қайтарылды. Малай тілі небары 45 млн адам үшін ана тілі саналса да, бұл тілде әлемде 290 млн адам сөйлейді. Бұл малай және индонезиялық тіл нұсқаларын қоса санағандағы санақ. Малай тілі Малайзия, Бруней мен Сингапурда ресми статусқа ие. Тілдің дамуын Малайзияның Тіл және әдебиет кеңесі, Малай тілі бойынша халықаралық кеңес реттейді. Сондай-ақ Бруней мен Индонезияда да Тіл дамыту орталықтары мен кеңестері жұмыс істейді. Тіл мамандары малай тілін көне тілдер санатына жатқызады. Орта ғасырларда малай тілі ұлтаралық қатынас пен мемлекетаралық байланыс тілі ретінде кеңінен қолданылған. 

XIV ғасырға дейін Малайзияда буддизм мен индуизм таралды. Бірақ араб саудагерлерімен бірге Малайзияға ислам діні келіп, араб жазуы пайда болды. Қазақстанда араб жазуын төте жазу десе, Малайзияда «жәви» деп атады. Әлемдегі мұсылманы ең көп ел – көршілес Индонезияда XIX ғасырдан бастап латын әліпбиі енгізіле бастады. Бұл үрдіс Малайзия мен Сингапурға 1957 жылы жетті. Осылайша латын әліпбиі жаппай енгізілді. 1972 жылы латын әліпбиінде бірыңғай жазу жүйесі енгізілді. Ортақ орфографиялық ережелер енгізілді. Бірақ соған қарамастан малайзиялық малай тілі мен индонезиялық тілде өзгешеліктер де жоқ емес. Индонезия өз тілдерін «индонезиялық тіл» деп атайды. Ғалымдар индонезиялық тілді жеке тіл емес, малай тілінің диалектісі деп санайды. Бір айта кетерлігі, XX ғасырда дер кезінде жүргізілген тіл реформасы индонезиялық орфографияны малай тіліне жақындатты. Қазір кейбір сөздердің жазылуы мен дыбысталуында өзгешелік болмаса, қос ел азаматтары бір-бірімен оңай тілдесе алады.

Жалпы, Малайзияның экономикалық дамуы қарқынды. Мемлекет тек ауылшаруашылығы өнімдерінен ғана емес, электр құрылғыларын, электроника мен компьютерлер шығарады. Каучук мен пальма майының ірі өндірушісі саналады. Бұдан бөлек елде екі бірдей ұлттық көлік өндіруші компания бар. Олар – Proton мен Perudua. Көлік өндірісі бронитехника мен әскери кемелер жасауға дейін ұласады. Заман ағымынан қалмай, электромобильдерді құрастыру ісі де кеңінен жолға қойылған. 

Қос автомобиль өндіруші компания ішкі нарықтың сұранысын 60 пайызға дейін жауып отыр. Сондықтан Малайзияда жаңа көлік бағасы тым арзан. Мәселен, 4-5 млн теңгеге жергілікті зауыт шығарған жаңа көлікті алуға болады. Гидтердің айтуынша, соның арқасында малай елінде ең кедей отбасында бір көлік болса, орташа тұратын отбасында бірнеше көлік бар екен. Малайзия да Қазақстан сияқты мұнай өндіруші ел болғасын, жанар жағармай бағасы төмен. Содан болар, такси бағасы Қазақстаннан әлдеқайда арзан. Малайзия халқының тұрмысы жақсы. Салық жеңілдіктерінен бөлек, азық-түлік бағасының төмендігі, тұрмысқа қажет заттардың арзан болуы, денсаулық сақтау саласының мемлекеттен субсидия алуы, тікелей аударылатын қаржы ретінде тиімді әлеуметтік жәрдемақының жоғары болуы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өмір сапасының артуына оңынан ықпал етуде. 13 мамыр төңкерісі билікке ең алдымен халықтың, оның ішінде елдің басым бөлігі боп отырған байырғы ұлттың жағдайын жасамайынша, елде тұрақтылық пен экономикалық даму болмайтынын аңғартты. Сондықтан билікке келген әр үкімет басшысы ең алдымен халықтың әл-ауқатын сөзбен емес, іспен көтеруге тырысады. 

Қазақстаннан барған азаматтарға Малайзияда тұру баға жағынан да қолайлы екен. Мәселен, климаты жайлы болғасын малай еліндегі әрбір үйде тегін фитнес орталығы мен басссейні болады. Ал мұндай үйде 1-2 бөлмелі пәтер жалдау 180-200 мың теңгеден басталады. Әрине, премиум санатындағы үйлерді жалдау 500 мың теңгеден бастау алады. Бірақ «Әр елдің салты басқа» демекші, халал стандартымен дайындалса да жергілікті ас қазақтың ұлттық ас мәзірімен сәйкес келе бермейді. Қытай, үнді, малай асханалары жан-жақтан менмұндалап, түрлі дәм ұсынады. Шындап келгенде, Малайзия фуд-блогерлер үшін зерттеуге тұрарлық мемлекет. Бұл елде арзан көше асаналарынан бөлек әлемдік Мишлен жұлдыздарын алған қымбат мейрамханаларға дейін бар. Қонақжайлылығы қазаққа ұқсайтын малай елінің алға қойған мақсаттары да жоғары. Жергілікті үкімет халықтың әл-ауқатын көтеру үшін аянбай еңбек етіп келеді.

Куала-Лумпур –  Ләңкәви – Куала-Лумпур – Алматы – Астана  
 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 13:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары