Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін қалай сақтап қалмақ?

Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін қалай сақтап қалмақ?

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Almaty TV телеарнасы урбанистика, жайлы орта қалыптастыру және Алматының сәулет мұрасын сақтау мәселелеріне арналған жаңа ақпараттық-ағартушылық «Архитектор» бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаға шақырылған сарапшылар мен сәулетшілер қаланы жаңғырту үдерістері қалай жүзеге асатынын, мамандар қандай қиындықтарға тап болатынын және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру үшін қандай шешімдер қабылданып жатқанын қарапайым әрі түсінікті тілмен айтып береді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматыдағы тарихи ғимараттарды қайта жаңарту мәселесі әрдайым қоғамда түрлі пікір тудырады. Бірі қаланың келбеті бұзылады деп алаңдаса, енді бірі жаңғыртусыз бұл нысандар қауіпті бола түсетінін алға тартады. «Архитектор» жобасы сырттай сәнді көрінетін ғимараттардың өзінде күрделі инженерлік мәселелер жасырын болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Бағдарламадағы алғашқы нысан – мемлекет қорғауына алынған тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген Қазақ мемлекеттік циркі болды. Ғимарат 1962–1972 жылдары салынған, 2160 көрерменге арналған. Мұнда соңғы күрделі жөндеу жұмыстары он жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген.

Цирк директоры Мақсат Жайықовтың айтуынша, ғимаратқа жай жөндеу емес, кешенді жаңғырту қажет. Оның сөзінше, ескірген инженерлік жүйелер мен жылу шығынының көп болуы, әсіресе, балалар үшін қолайсыздық туғызады.

Алматы қаласы Құрылыс басқармасы жүргізген тексеру барысында инженерлік желілерде, шатыр мен құрылымдарда ақау анықталған. Бұл қайта жаңғыртудың қажет екеніне дәлел. Сонымен қатар цирктің тарихи келбеті толық сақталады: қасбет, сәндік элементтер және фойедегі түпнұсқа еден жабындысын қоса алғанда, бірегей материалдар өзгеріссіз қалады. Жұмыстар тек инженерлік коммуникацияларды, терезелерді, есіктерді және шатырды жаңартумен шектеледі.

«Архитектор» жобасында білім беру нысандарының жағдайы да қозғалады. Атап айтқанда, салынғанына 100 жылдан асқан №90 мектеп-лицейі апатты деп танылған. Ғимарат шамадан тыс жүктелген, кейбір құрылымдары оқушыларға қауіп төндіреді.

«Балалардың қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Ғимарат әлдеқашан күрделі жаңартуды қажет етіп отыр», – деді мектеп директоры Бүлбүл Оспанбек.

«Техникалық тексерістің қорытындысы бойынша көтергіш құрылымдарды сейсмонығайту, инженерлік инфрақұрылымды ауыстыру, санитарлық талаптарды ескере отырып, ғимарат ішін қайта жоспарлау, өрт қауіпсіздігін күшейтуге арналған қосымша шаралар қабылдау, сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары қарастырылған», – деді Алматы қаласы Құрылыс басқармасының жобалау және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сырым Тұрлыби.

Сейсмонығайту жұмыстары №56 гимназияда да жүргізіліп жатыр. Қоғамдық резонансқа қарамастан, мамандар барлық сәндік элементтер қайта қалпына келтірілетінін мәлімдеді.

Мектептің негізгі корпусы 1928 жылы салынған, қалған корпустары 1960-жылдары бой көтерген. Алғашында ғимарат 731 оқушыға есептелсе, бүгінде мұнда 1394 бала білім алуда. Бұл нысан тарихи ескерткіштер қатарына кірмейді.

Алматы қаласы әкімдігінде атап өткендей,  барлық қайта жаңғырту жұмыстары 2040 жылға дейінгі қаланың Бас жоспарына сәйкес жүргізіледі және қатаң бақылауда болады.

«Ғимараттар жобада көзделген күйінде қалпына келтіріледі. Жұмыстар аяқталған соң алаңдаушылық білдіргендер күмәннің орынсыз екеніне көз жеткізеді», — деді елдің құрметті сәулетшісі Жанат Айтілеу.

Оның айтуынша, мегаполисте тарих және мәдениет ескерткіштері саналатын 162 нысан бар. Оның 34-і республикалық маңызға ие, қалғандары –  жергілікті маңыздағы нысандар. XIX–XX ғасырларда салынған кейбір ғимараттар уақыт өте келе тозып, қайта жаңғыртуды қажет етеді. Бұл нысандар мемлекет қорғауында, ал жөндеу жұмыстары барысында олардың тарихи келбеті толық сақталады.

«Архитектор» жобасы қаланың дамуы мен тарихи келбетін сақтау бір-бірімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Ең бастысы, кәсіби көзқарас, тұрғындармен ашық диалог және қауіпсіздікті бірінші орынға қою маңызды. 
 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 17:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see180

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see163

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see160

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see158

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see157

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see156

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see156

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see156

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see156

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see155

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see155

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see154

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see154

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see153

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see153

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see152

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see151

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see151

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see151

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see150
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары