Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

“Ескірмеуі керек“. Алматыдағы Сац атындағы театр тарихи келбетін сақтап қала ма?

“Ескірмеуі керек“. Алматыдағы Сац атындағы театр тарихи келбетін сақтап қала ма?

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Алматыда бірден бірнеше мәдени нысан қайта жөнделіп жатыр. Редакция мұны мұқият бақылап отыр, өйткені мұндай жобалардың төңірегінде кейде дау-дамай туып, тіпті қаржыландыру тоқтап қалатын жағдайлар да кездеседі.

Қала үшін маңызды нысандардың бірі – қазір жөнделіп жатқан Наталия Сац атындағы жас көрермендер театры. Оның қайта жаңғыртылуы көптің назарын бірден аударды: ғимарат 40 жылдан аса уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген. Ал алматылықтардың бір бөлігі театр тарихи келбетінен айырылып қала ма деп алаңдады.

Tengrinews.kz тілшісі жөндеу жұмысы қалай жүріп жатқанын және қаржыландыру тоқтап қалу қаупі бар-жоғын анықтап көрді.

Алматыдағы Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық театрдың ғимараты 1981 жылы салынған және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері қатарына жатады.

2023 жылғы қаңтарда театр актрисасы Ольга Коржева Алматы әкімімен кездесуде: театрда 42 жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілмегенін, сол уақытқа қарай ғимараттың қасбеті мен желілері 90 пайызға дейін тозғанын айтқан.

Сонымен қатар, театрда көрермендер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи жабдықтар – өртке қарсы жүйе, кіреберістегі бақылау, дабыл сияқты құрылғылар жоқ екені де сөз болған. Актриса театрдың 2025 жылы 80 жылдығына орай жөндеу жүргізуді сұраған.

Фото: 2GIS, 2023 жыл

Сол кезде әкім театрды Қасым-Жомарт Тоқаевқа театр қасбетін толық күрделі реконструкциялауды және жаңа сахнаға арналған қосымша ғимарат салуды ұсынғанын жеткізді.

Жұмыстар 2025 жылғы наурызда басталып, бірден қала тұрғындарының назарын аударды. Көпшілік бұл ғимаратты кіреберіс тұсындағы алып маңдайшада және ғимарат ішіндегі фойеде орналасқан ерекше панноларымен таниды. Оның авторлары – суретшілер Юрий Функоринео мен Владимир Твердохлебов.

Реконструкция туралы белгілі болғаннан кейін, бейжай қарамайтын азаматтар театр осы бірегей сәулет бөліктерінен айырылып қалмай ма деп уайымдады.

Одан кейін эко-белсенділер де алаңдай бастады: қосымша ғимарат салу үшін театр аумағында көп ағаш кесіледі деген ақпарат тарады. Әкімдік ағаш кесу қарастырылмағанын айтқанымен, 439 ағаштың 31-і кесілетінін мойындаған.

2026 жылғы 22 қаңтарда Алматы әкімдігі театрға жасалатын қосымша құрылыс қасбетінің жобасын "халықаралық деңгейде кең танымал концептуал жобаға ұқсастық анықталғандықтан" өзгерткені белгілі болды. Дизайнды түзету жобаның құнына әсер етпейтіні де айтылды.

Театр реконструкциясы қалай жүріп жатыр?

Tengrinews.kz тілшісі театр ғимаратына барып, жұмыстың қалай жүріп жатқанын және құрылыс қарқынының қаншалық белсенді екенін көрді.

Қазір қасбеттің барлық қаптамасы алып тасталған. Ғимараттың алдыңғы бөлігінде жаңа қаптама плиткаларын бекітетін темір конструкцияларды орнату басталған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Құрылыс алаңында жұмысшы көп – демек, жоба тоқтап қалған жоқ. Мәселен, кезінде Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының жобасында жұмыстар тоқтап қалғаны белгілі.

Биік қоршаулардың кесірінен кіреберістегі панноны көру қиын. Дегенмен панноның бір бөлігі көрінетін бір ғана бұрыш табылды. Қазір оның реконструкцияға дейінгі қалпы өзгермегендей көрінеді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Қоршауда нысан паспорты ілінген. Реконструкцияның мердігері – "Alem Qurylys AQ" ЖШС.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ғимараттың артқы жағында да қаптаманың бәрі алынған, бірақ жаңа конструкцияларды монтаждау әлі басталмаған сияқты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жанынан жаңа қосымша ғимарат салынып жатқаны көрінеді. 2025 жылғы наурызда әкімдік бұл құрылыс үш қабатты, аумағы 10 мың шаршы метр болады деген. Қазір сырттай қарағанда үш қабаттан да биігірек әсер қалдырады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл блокта 200 орындық камералық зал, сахна, грим бөлмелері, шеберхана және цехтарға арналған бөлмелер, декорация сақтайтын қоймалар орналастырылады. Қосымша ғимарат ескі театрмен галереялық өткел арқылы жалғанады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жаңа ғимараттың қаңқасы толық жиналмаған, кей тұстарында қабырға қалыптастыратын бетон блоктар әлі орнатылып үлгермеген.

Урбанистің пікірі

Редакция Алматыдағы архитектор-урбанист, YouTube-тегі "Градоблог" арнасының авторы Владислав Филатовтан да пікір алды.

Оның айтуынша, театр ғимараты сыртынан да, ішінен де ұзақ уақыт бойы мүшкіл жағдайда болған, инженерлік жабдықтардың көбі істемеген. Сондықтан реконструкция жүргізіп жатқандары дұрыс: театр жұмыс істеуі керек, қаңырап, ескіріп тұра бермеуге тиіс.

Ал панноға қатысты ол оны міндетті түрде сақтап, реставрациялау қажет екенін атап өтті:

"Егер оны ұқыпты түрде шешіп алу мүмкін болмаса, онда дәл өлшемдерін түсіріп, бір-біріне айнытпай сәйкес етіп жаңғырту керек".

Тарихи келбет пен мозаика сақтала ма?

Бұған дейін айтылғандай, театр реконструкциясының бас мердігері – "Alem Qurylys AQ" ЖШС. Бұл компаниямен келісім 2025 жылғы маусымда мемлекеттік сатып алу рәсімінен кейін жасалған. Реконструкцияға 21,7 миллиард теңге бөлінген.

Egov-қа сәйкес, "Alem Qurylys AQ" ЖШС-нің құрылтайшысы – "General Contractors Group" ltd жеке компаниясы. Ал оның құрылтайшылары – BI Group ltd және "BI Capital" ЖШС.

Редакция BI Group-тың баспасөз қызметіне сауал жолдап, тұрғындардың театрдың тарихи келбеті жоғалып кетеді деп алаңдауы орынды ма және мозаика паннолардың тағдыры не болатынын сұрады.

Компания өкілдері жобаның бастапқыдан-ақ ғимараттың сәулетт және мәдени құндылығына ұқыпты қарау қағидатына сүйеніп әзірленгенін айтты:

"Бұл – театрды қайта құру немесе оның бейнесін өзгерту емес. Мақсат – оның танымал белгілерін, пропорцияларын және көркем элементтерін сақтай отырып қалпына келтіру әрі жаңғырту. Кейбір жағдайда жұмыстар ғимараттың ондаған жылдық пайдалану барысында жоғалған бастапқы келбетін қайтаруға бағытталған. Барлық шешім мәдени мұра нысандарын сақтау талаптарын ескере отырып, мамандардың қатысуымен қабылданады", – делінген жауапта.

Видео кадры

Баспасөз қызметі мозаиканы реставрациялау барысын оның авторы, белгілі монументалист суретші Юрий Францискович Функоринео жеке өзі бақылап отырғанын да мәлімдеді. Компания 2025 жылғы шілдеде онымен түсірілген видео-сұхбатты да жолдаған. Мозаика авторы реконструкция туралы былай деген:

"Жөндеудің басталғаны жақсы. Бұл ғимаратты бастапқы қалпында сақтауға шешім қабылдағандарына өте қуаныштымын. Ол – тарихи жады, сол дәуірдің сәулет стилі. (…) Біз жасаған дүние сақталатынына қуаныштымын. Өйткені авторлас әріптестерімнің көбі жоқ, мен ғана қалдым. Олар үшін де естелік болады".

Видео кадры

Ол, сондай-ақ, құрылыс жұмыстары кезінде фойедегі мозаиканы реставрация басталғанға дейін сақтап қалу үшін арнайы қорғаныш конструкциясымен қоршап қойғанын айтты.

Редакция бұл жобаға Мұхтар Әуезов атындағы театрдағыдай қаржыландыру мәселелері туындамай ма деп те сұраған. Себебі бір компания екі нысанда қатар жұмыс істеп жатыр.

Құрылысшының жауабына сәйкес, қазір бұл нысанда қаржыландыруға қатысты қиындық жоқ:

"Қазір нысанда Әуезов театрына қатысты бұрын айтылғандай қаржыландыруға қатысты мәселе байқалмайды. Тұрақты қаржыландыру бекітілген бюджет пен кесте аясында жүргізуге мүмкіндік беріп отыр".

Реконструкцияны 2026 жылғы тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Ал көрермен үшін ең маңыздысы – театрдың қайта ашылып қана қоймай, бірнеше буын алматылықтың жадында қалған таныс келбетін сақтап қалуы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 09:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары