Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Алматылық Наталия Сац атындағы театр Мәскеуде алғаш рет өнер көрсетті

Алматылық Наталия Сац атындағы театр Мәскеуде алғаш рет өнер көрсетті

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Мәскеуде Ресей академиялық жастар театрының (РАМТ) сахнасында Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының (Алматы қ.) гастрольдері өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің мәліметінше көрсетілімдер үшін таңдалған алаң кездейсоқ емес. 1921 жылы көрнекті театр режиссері Наталия Сац балаларға арналған Мәскеу театрын - болашақ РАМТ құрды. Ал 1945 жылы ол балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы қазақстандық театрды ашты.

© Photo : посольство Казахстана в РоссииАлматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

Алматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

© Photo : посольство Казахстана в России

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев атап өткендей, бұл феномен біздің ортақ тарихи тағдырымыздағы ең ауыр сынақ кезеңінде алып шығармашылық күштердің КСРО-ның еуропалық бөлігінен Қазақстанға амалсыздан эвакуациялауынан туған және кейіннен ол бүкіл Орталық Азия өңірінің креативті кеңістігінің нағыз інжу-маржанына айналды.

Мәскеу көрермендерінің назарына ұсынылған "Сац" тарихи оқиғаны жаңғырту қойылымының негізіне дәл осы 1945 жылы Алматыда театрдың ашылуына байланысты оқиға алынған. Наталия Сац актерлерді премьераға дайындап жатқан кездегі жағдай суреттелген. Вера Марецкая, Всеволод Мейерхольд, Евгений Вахтангов, Сергей Эйзенштейн, Николай Черкасов, сондай-ақ көрнекті қазақ опера әншісі Күләш Байсейітова және жас әртіс Юрий Померанцев сияқты ұлы шығармашылық қайраткерлерінің образдары сомдалған.

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии СацРежиссер Галина Пьянова

Режиссер Галина Пьянова

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии Сац

Режиссер Галина Пьянова спектакльді Наталия Сацқа, бәрімізді біріктіретін театр өнері мен театрға деген сүйіспеншіліктің көрінісі деп атады.

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии СацАлматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

Алматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии Сац

"Актерлердің өздері сомдап шыққан ұлы тұлғалармен ұқсастығы болмаса да, олар өздерінің темпераментімен, жалынымен және шынайылығымен кейіпкерлерінің бейнелерін сәтті алып шықты", - деді ол.

Наталия Сацтың рөлін орындаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Татьяна Костюченко мұндай аңызға айналған тұлғаны сомдау оңай емес екенін мойындады.

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии СацНаталия Сац рөлін сомдаған Татьяна Костюченко

Наталия Сац рөлін сомдаған Татьяна Костюченко

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии Сац

"Онда соншама қайраттылық пен өз ісіне деген орасан зор сенім болған. Маған оның: "тәрбиелеу – бұл адамның тағдырын шешу" деген сөзі үлкен әсер қалдырды. Наталия Сац Қазақстанда бірнеше ұрпақты өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеген адам", - деп атап өтті актриса.

© Photo : посольство Казахстана в РоссииАлматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

Алматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

© Photo : посольство Казахстана в России

Онымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың директоры Олег Гостев келісті.

"Біздің театр - бүкіл қазақстандық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Біздің спектакльдерге жас буын өкілдерінен бастап қарияларға дейін, бүкіл отбасыларымен келеді", - дей келе, ол халықтар арасындағы достықты нығайту ісінде осындай мәдени алмасулардың маңыздылығын атап өтті.

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии СацАлматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

Алматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии Сац

Қойылымды Мәскеу көрермені жылы қабылдады. Көрермендерге батыл шығармашылық эксперимент пен өткен дәуірдің өнер шеберлеріне деген үлкен құрметпен сахналанған тарихи оқиғалардың өзіндік интерпретациясы қатты ұнады. Көптеген көрермен режиссураның, актерлік ойынның, материалдың ұсынылуының, спектакльдің музыкалық, хореографиялық және костюмдік безендірілуінің жоғары деңгейін атап өтті.

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии СацАлматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

Алматылық Наталия Сац атындағы театр Ресейде гастрольдік сапарда жүр

© Photo : Предоставлено Государственным академическим русским театром для детей и юношества Казахстана имени Наталии Сац

Алматы театрының гастрольдері жалғасуда. 18 қазанда Ресей академиялық жастар театрының сахнасында Александр Пушкиннің поэмасы бойынша аттас "Руслан мен Людмила" романтикалық туындысының көрсетілімі өтті. Жақсылық пен зұлымдық арасындағы күрес туралы бұл әдемі махаббат хикаясы жасына және ұлтына қарамастан, барлық көрерменге қызықты және өзекті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:239
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 11:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары