Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Шұғыла және жаңа Алматы: Наурызбай ауданы мегаполис келбетін қалай өзгертуде

Шұғыла және жаңа Алматы: Наурызбай ауданы мегаполис келбетін қалай өзгертуде

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы қарқынды өсіп, дамып келеді: тұрғын үй кешендері бірінен соң бірі бой көтеріп, кептеліс ұзарып, халық саны артып жатыр. Қаланың келбеті де өзгерді. 

Алматы қарқынды өсіп, дамып келеді: тұрғын үй кешендері бірінен соң бірі бой көтеріп, кептеліс ұзарып, халық саны артып жатыр. Қаланың келбеті де өзгерді. 

Наурызбай ауданы - Алматының ең жаңа аудандарының бірі. Ол 2014 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының бір бөлігі қалаға қосылғаннан кейін құрылды. Қазір Наурызбай ауданы әлі де негізінен жеке сектордан тұрады. Бірақ жағдай көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Мұнда көпқабатты тұрғын үй кешендері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келеді. Шұғыла ықшамауданы соның айқын мысалы.

Tengrinews.kz тілшісі 2026 жылы "жаңа" Алматы қалай көрінетінін тамашалап, жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысу үшін осы ауданға барып қайтты.

Астана вайбы

Қаланың басты күре жолы - Абай даңғылы 2021 жылы Наурызбай ауданына дейін ұзартылды. Бұл ауданға ең жақын метро бекеті Момышұлы көшесінде орналасқан, ол 2022 жылы іске қосылды. Жуырда мұнда келесі "Қалқаман" бекеті ашылады. Билік бұл бағытта метро құрылысын жалғастырып, желіні осы ауданның басты даңғылы - Алатаудың бойымен жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазір бұл - Абай даңғылы мен Ташкент жолын жалғайтын айтарлықтай кең төрт жолақты жол. Ортасына раушан гүлдері егілген.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Тротуарлар веложолдармен біріктірілген жаяу жүргіншілер аймағынан тұрады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Абай даңғылы жағынан Шұғыла ықшамауданына кіргенде, ең әуелі әкімшілік ғимараттар кешенін көресіз: мұнда Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы да, Халыққа қызмет көрсету орталығы да бар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дәл осы жерде Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот пен Наурызбай ауданының әкімдігі орналасқан.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жолымыз болды, бұл күні әкімдік алдында Мемлекеттік рәміздер күні тойланып жатты. Мұнда мектеп оқушылары, сарбаздар, полицейлер мен мемлекеттік қызметшілер жиналыпты. Міне, олар Қазақстан туының көтерілуін күтіп тұр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал мерекелік шара өтіп жатқан тұста, артқы фонда жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүріп жатыр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл әкімшілік ауданның абаттандырылуы жаман емес. Тротуарлар, жасыл желек.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сот маңындағы күркеде екі әйелді кездестірдік. Олардан ауданның қандай екенін сұрадық. Сөйтсек, олар мұнда тұрмайды екен, бірақ бірнеше ай бойы қаралып жатқан істердің бірі бойынша сотқа шақыртумен келіп жүр.

"Шынымды айтсам, маған бұл аудан ұнамайды. Мұның Алматыға емес, көбіне Астанаға ұқсайтыны ашуландырады. Оны не дейді... "адам құжынаған үйлер" ме?" - дейді сұхбаттасымыз көшенің төменгі жағындағы тұрғын үй кешендеріне қарап сөзін сабақтап.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл ауданда Алматыда жүргеніңізді шынымен оңай ұмытып кетесіз. Алатау даңғылының төменгі жағына қарасаңыз, қаптаған үй. Расында да, Астанадағы тұрғын үй құрылыстарын еске түсіреді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бірақ басыңызды кері бұрсаңыз, алматылықтар үшін үйреншікті тау көрінісі ашылады. Бұл аздаған диссонанс тудырады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Әсіресе көзге түсетіні - мұнда күндіз де адам өте көп. Балалар арбасын итерген аналар мен әжелер көптеп кездеседі.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жалпы, мұнда балалар Алматының басқа аудандарына қарағанда әлдеқайда көп сияқты сезіледі. Содан болар, мектептер, балабақшалар мен ойын алаңдары да көп.

"Тұрмысымыз жақсы. Осыдан 5–6 жыл бұрын судан ақау шығып, жарық өшіп тұратын. Қазір жақсарды. Мұнда жақын жерде "Апорт" пен "Алтын орда" (сауда орталығы мен базар - ред. еск.) бар, автобуспен 10 минутта жетесіз. Метро да өте жақын, автобуспен 15 минуттық жер. Сондықтан бәрі жақсы", - дейді баласымен серуендеп жүрген жергілікті тұрғын.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Басқа сұхбаттасушыларымыз тұрақ орындарының тапшылығына шағымданады. Күндізгі уақытта, жұрттың бәрі жұмысқа кеткен кездің өзінде мұнда көлік өте көп қойылғанын байқадық. Кешке олардың саны, әрине, бұдан да арта түседі.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жақында Tengrinews.kz редакциясы Наурызбай ауданының өрт сөндірушісімен сұхбат жасаған болатын. Ол Шұғыла ықшамауданынан сәл төмен орналасқан "Alma City" тұрғын үй кешеніндегі өртті қалай сөндіргендерін айтып берді. Сол кезде құтқарушы өрттің күндіз болғаны арқасында "жолдары болып", көпқабатты үйге жедел жетіп, автосаты арқылы адамдарды эвакуациялай алғандарын атап өткен еді.

"Ең қорқыныштысы әрі қиыны - түнде шығу, әсіресе жаңа тұрғын үй кешендеріне. Біздің Наурызбай ауданында бұл үлкен мәселе. Қалған жағдайда біз үйреніп кеткенбіз, мұндай өрттерде техниканы жолда қалдырып, ары қарай магистральді желілер мен өрт сөндіру жеңдерін созып, қолда бар мүмкіндікпен жұмыс істейміз", - деген еді өрт сөндіруші.

Ал мұндай тығыз құрылыс кезінде автосаты туралы ұмытуға тура келеді, ол көлік қаптаған тар көшелермен өте алмайды. Жолды ашу үшін 102-ні шақыру керек, бірақ бұл алтын уақытты алады. Сондықтан көліктің көптігі мен тұрақ орындарының тапшылығы Наурызбай ауданында өте өзекті мәселе болып тұр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дегенмен тұрғын үй кешендері арасындағы көшелер жақсы абаттандырылған. Мұнда төсеме тастар да, газондар да, жас ағаштар мен әткеншектер де бар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дегенмен Ташкент жолына жақын орналасқан тұрғын үй кешендеріне абаттандыру жұмыстары әлі жете қойған жоқ. Ол жерде тротуарлар бар, бірақ ағаштар мен көгалдарды табу қиын.

Бұл ретте Шұғыла бір жағынан жеке сектормен шектеседі.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал екінші жағында - ықшамауданда алып құрылыс алаңы қоршалып қойған, оның қоршауларында "Жақында жаңа тұрғын үй кешені бой көтереді" деген жазу жарқырап тұр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Алатау даңғылы бойында мұндай құрылыс қоршаулары көп.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жеке сектормен "текетіресте" бұл жерде жуырда көпқабатты құрылыстың жеңіске жету ықтималдығы жоғары.

Наурызбай ауданының халқы төрт жылда 76 мыңға өсті

Бұл ауданда әлі де жеке сектор басым болғанымен - былтырғы жылдың соңына қарай мұнда 23 535 үй болған. Бұл 2021 жылдың басынан 2025 жылдың соңына дейінгі статистикалық мәліметтер ұсынылған Наурызбай ауданының паспортынан белгілі болды. Біз оны жергілікті әкімдік сайтынан таптық.

Дегенмен 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін көппәтерлі үйлер саны шынымен де күрт өскенін байқамау мүмкін емес: 381-ден 612-ге дейін. Яғни, төрт жыл ішінде мұнда 231 көпқабатты үй бой көтеріп, өсім 60 пайыздан асқан. Осы кезеңде пәтерлер саны 14 304-тен 38 161-ге дейін артты. Төрт жылдағы өсім - 23 857 пәтер немесе шамамен 167 пайыз.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сондай-ақ онда 2021 жылы Наурызбай ауданының халқы 163 мың адам болса, 2025 жылдың соңына қарай 239 мың адамға дейін өскені атап өтілген. Төрт жыл ішінде халық саны 76 194 тұрғынға, яғни 47 пайызға жуық артты.

Қызығы, статистика бойынша тек 2025 жылдың ішінде мұнда 33 мыңнан сәл астам адам қосылған - бұл шамамен күн сайын 91 жаңа тұрғын деген сөз.

Салыстыру үшін: Қонаевта (Алматы облысының әкімшілік орталығы) қазір 65 934 адам тұрады. Осылайша, төрт жыл ішінде Наурызбай ауданының халқы ол жерге тұтас бір шағын қала көшіп келгендей өзгерді. Ал аудан халқының жалпы саны қазіргі уақытта Талдықорған немесе Түркістанмен деңгейлес.

Тағы оқыңыз:

Жарты ғұмырың кептелісте: Талғарда тұрып, Алматыда жұмыс істейтіндердің күні қалай өтеді?

Авторы: Никита Данилин

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 10:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары