Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астана Фукуок рейсінің жолаушылары 2 сағат бойы бортта отырған

Жасөспірімдерге TikTok пен Instagram ға тыйым салынбақ: ғалымдар эксперимент бастады

Ол өмір үшін күресіп жатыр: Жезқазғанда ауыр хәлдегі 2 жасар қыздың анасы шұғыл көмек сұрайды

Атырауда мектептер мен колледждер онлайн форматқа көшті

Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды

Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

Әскерге кеткен ұлымның сүйегін қайтарды : қаза болған атыраулық сарбаздың анасы әділдік іздейді

Батыс Қазақстанда үш адам үсіп өлді

Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды

Қазақстан бокстан ӘЧ ның медаль есебінде Өзбекстанды басып озып, екінші орын алды

Лукашенко Трамптың өтінішімен 120 дан астам саяси тұтқынды босатты

Рамазан Оразов ресми түрде Елімай футбол клубының ойыншысы атанды

Украина Ресейдегі маңызды нысандарға соққы берді

Елордадағы құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты

Ұлт оқитын 100 кітап : Астанада жаңа онлайн кітапхана платформасы таныстырылды

​Volkswagen Германиядағы зауытын жабады

Уиткофф Украина бойынша келіссөз өткізу үшін Берлинге барды БАҚ

Қытай көліктерінің қауіпсіздігін сынауға арналған құны 284 миллион доллар болатын орталық ашылды

Әрбір бесінші қазақстандық жеке кәсіппен айналысады Ұлттық статистика бюросы

Астанадан шығатын барлық тасжол жабылды

Мүмкіндігі мол мегаполис

Мүмкіндігі мол мегаполис

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ел экономикасының елеулі бөлігін құрайтын Алматының тыныс-тіршілігі тұтас ел тұрғындарына тікелей әсер етеді. Қаланың мәдениет, білім, медицина, туризм, креативті индустрия секілді маңызды бағыттардағы бағдарын бюджет өсімімен ғана емес, табысты жетістіктерімен де саралауға болады.

Статистиканы сөйлетсек, қа­ла­да әлеуметтік дамудың әле­уеті артқан. Шаһардың даму қар­қынын экономикалық өсіммен өлшесек, 2024 жылы қала бюджетіне 2 трлн теңгеден астам қаржы түсіпті. Бюджет түсімдерінің 93%-ы меншікті кірістерге тиесілі. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 17,6%-ға, сау­да – 14,5%-ға, қаржы және сақтандыру қызметтері 12%-ға, ақпарат және коммуникация 11,3%-ға, жылжымайтын мүлік операциялары – 6,9%-ға, көлік және қоймалау салалары – 5,7%-ға өскен.

Осы жылдың алғашқы жарты­жыл­­дығында Алматыда негізгі капитал­ға тартылған инвестиция көлемі ­35,6%-ға артқан. Инвестиция құрылымын­да жетекші орынды өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма, жылжымайтын мүлік­пен жасалатын операциялар, қар­жы және сақтандыру салалары иеленіп отыр. Қала­ның экономикалық табысына стра­тегиялық жоспарлау мен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы бастамалардың серпін бергені байқалады. Әсіресе, машина жасау (137,5%), полиграфия (143%), тамақ өнеркәсібі (100,8%), химия өнеркәсібінде (117,1%) едәуір ілгерілеу бар.

Жылдың алғашқы айларындағы көрсеткішке жүгінсек, қалада жалпы құны 2 402,4 млрд теңге болатын 200-ге тарта жоба қолға алынған. Бұл шамамен 30 мың жаңа жұмыс орны. Кәсіпкерлік және инвес­тициялар басқармасының дерегінше, 2025 жылы құны 555,1 млрд теңге болатын 45 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың қатарында «Changan», «Chery», «Haval» маркалы жеңіл автокөліктер шығаратын мультибрендті зауыт, «Wildberries» логис­тикалық орталығы, сондай-ақ шыны ыдыс пен арматуралық тор өндіретін кәсіпорын бар.

Әлеуметтік дамудың әлеуеті

Күн санап аумағы артқан шаһарда әлеуметтік салаларды жетілдіру маңыз­ды міндет. Өткен жылы бюджеттің әлеу­меттік бағдарлануын қамтамасыз етуге 1,6 трлн теңгеден астам қаржы бағытталған болса, оның 38,7%-ын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, туризм секілді әлеуметтік салалар құ­ра­ған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,8%-ға ілгері. Қаланың әр жерінде ашылған әлеуметтік қолдау орталықтары, бұқаралық спортқа бау­литын алаңдар, мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арналған бағдарламалар әлеу­меттік даму бағытындағы оң динамиканы көрсетеді.

Биыл тұңғыш рет бюджет көлемі 2,5 трлн теңгеге жетіп отыр. Жыл басында қаржы басқармасы бюджет негізінен әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығын жаңғыртуға, қалалық ортаны цифрландыруға бағытталғанын атап өткен болатын. Күні кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен жүздескен қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов 2025 жылы Алматыда барлығы 24 білім нысанының құрылысы аяқталғанын мәлімдеді.

«Сапалы білім беруге қолайлы жағ­дай жасау – стратегиялық мақсат. Әр бала қауіпсіз әрі заманауи ортада оқуы үшін жаңа оқу орындарын салып, ғима­раттарды жаңартып жатырмыз. Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 22 500 оқушыға арналған 12 жаңа оқу мекемесі бой көтерді. Оның ішінде 7 білім ордасы жаңа оқу жылының басында ашылды», деді Б.Шаханов.

Екінші оқу тоқсанында «Құрамыс», «Шұғыла», «Қарағайлы» шағын аудандарында, C.Әшімов пен Егізбаев көшелерінде 5 заманауи оқу ордасы іске қосылады. Сонымен қатар жеке инвесторлар есебінен 11,7 мың оқушыға арналған 8 оқу ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Бұл білім нысандарын келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан бөлек, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 900 орындық жатақханасы бар Абай атындағы мектеп-интернат салынғанын, сондай-ақ Алатау, Наурызбай аудандарында 890 орындық екі жаңа оқу нысанының құрылысы жалғасып жатыр.

Тұрғындардың денсаулығын қорғау – қала әкімдігінің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта 2030 жылға дейін мегаполис­те 32 жаңа, 14 ескі медициналық нысанды жаңғыртуды қамтитын 46 денсаулық сақтау мекемесін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Әкімдік, барлық жаңа нысандар заманауи стандарттарға сай салынып, клиникалық-диагностикалық орталықтармен жабдықталатынын айтады. Бұл медициналық қызметтердің әр тұрғынға қадамдық қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Қазірдің өзінде қалада 8 жаңа медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Туризм тынысы кеңейді

Алматы – еліміздің әуе қақпасы. Елге табан тіреген туристердің басым бөлігі ең алдымен Алматыға аялдайды. «Қала экономикасының қарқынды дамуына ықпал ететін салаларды одан әрі ілгерілетуіміз қажет» деген қала әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің туристік тартымдылығын арттыруға ба­сымдық беріп отыр.

Туризм басқармасы басшысының орын­­­­басары Ақмарал Ещанованың ай­туын­ша, өткен жылы Алматыға 1,3 мил­­лион турист келген. Бұл көрсеткіш ал­дың­­ғы жылмен салыстырғанда 19%-ға артық.

«Елімізде 10,5 миллион азамат ішкі турист саналады. Алматының Дүние­жүзілік туризм бойынша бәсекеге қабі­леттілік индексінде 66-орыннан 57-орынға көтерілуі саланың даму қарқынын көр­сетеді. Қаламыз – болашақ туризмінің айнасы. Мұнда экономикалық даму мен әлеуметтік жауапкершілік қатар жүреді. Себебі инклюзивті, тұрақты туризм қағидаттарын белсенді дамыту маңызды», дейді А.Ещанова.

Алматыға табан тірейтін шетелдік туристер саны көбейген. Бұл қала экономикасына септігін тигізіп отыр. 2024 жылы туризм саласынан түскен салық 90,7 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,9 есе артқан. Негізгі капиталға тартылған инвестиция 110,9 млрд теңгеге жетіп, 2,1%-ға ұлғайды. Бұл жүйелі әрі белсенді маркетингтік саясаттың жемісі. Алматы халықара­лық туристік рейтингтерде – CNN мен Booking.com секілді платформаларда саяхаттауға арналған ең тартымды бағыт­тардың бірі ретінде танылып отыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша алматылық тур­операторлар шетелдік серіктестермен 156 келісім жасасып, 2027 жылға дейін 110 мыңнан астам шетелдік туристі қабылдауды көздеп отыр. Бұл тұрғыдағы күтілетін экономикалық кіріс 165 млн АҚШ доллары (бір туристің орташа шығыны 1 500 доллар деп есептелген). 2025 жылы Туризм басқармасының негізгі міндеттері таулы аймақтардағы жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту, қонақүй қорын кеңейту, сон­дай-ақ іскерлік туризмді өркендетуга бағыт­талды. Бұл шаралар туристер легі­нің артуына серпін береді.

Алматы тарихи ескерткіштерімен, тұм­са табиғатымен танымал. Мұнда кел­ген жанның аңсары ең алдымен шың басындағы Шымбұлақ пен Көктө­беге, мұзарт биіктегі меруерт Медеуге ауатыны анық. Алматының туристік әлеуетін танытатын бұл үш нысан аймақтың паспорты іспетті. Бүгінде «Медеу» спорт кешенін жаңарту жұмыс­тары қолға алынып жатыр. Екі жыл­ға жоспарланған жаңғыртудан кейін «Медеу» халықаралық деңгейдегі спорт­тық-туристік орталық мәртебесін сақтап, келушілерге одан әрі тартымды бола түспек. Сондай-ақ қалада бой көте­ретін, сыйымдылығы 35 мың адамға арналған жаңа футбол стадионының құрылысына жіті көңіл бөлінеді. Жаңа стадион UEFA-ның 4-санат талаптарына сай болуға тиіс.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды туризм саласын шаһардың экономикалық дамуына серпін беретін маңызды драйверлердің бірі ретінде атап, тиісті басқармаға туристік инфрақұрылымға инвестиция тарту, Алматыны ішкі және халық­аралық деңгейде тартымды турис­тік бағыт ретінде дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Білім саласындағы серпін

Кез келген саланың кеңге қанат жаюы үшін білікті маман даярлаудың ма­ңызы зор. Мегаполисте инновациялық қадамдарға қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан. Еліміздегі жоғары оқу орындарының үштен бірін құрайтын қалада 80-нен аса ғылыми зерттеу институттары жұмыс істеп, 150 мыңнан астам студент білім алады. Ұлттық зияткерлік әлеуеттің негізі қаланған мегаполисте, әсіресе, ғылыми инфрақұрылымға маңыз беріліп отыр. «Alatau IT City» ақпараттық технологиялар паркі, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар инновациялық жобаларды қолдап, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етуге тиіс. Шаһар ғылым мен білім­нің, инновация мен зерттеудің тоғыс­қан нүктесі. Қолға алынған ғылыми инновациялардың нәтижесінде бизнес пен капиталдың оң динамикасы бай­қалады.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық мамандықтардың беделін арттыру үшін қалада 1 770 орын­дық, 418 жатақхана орны бар екі колледж салынып жатыр. Оларда телекоммуникация, машина жасау, инновациялар бағытындағы мамандар даярланады.

Алматы – «ақылды» қала

Бүгінгі нарықтағы ғаламдық бәсеке барысында жетекші мегополистер сервистік қаладан инновациялық смарт-ситиге өтіп жатыр. Алматыда да бұл бағытта елеулі өзгеріс көп. Соның бірі жаңа тұрпатта дамыған көлік жүйесінің қызметі. Автобус парктерін жаңарту деңгейі артқан. Электробустарды қала бағыттарында жүргізу ең алды­мен эко­логияға тиімді. Орталық аумақ­тардағы жол жиектеріне тұтастай вело­дәліз түсті. Алматыны тыныш аудандармен, кейін қосылған елді мекендермен байланыстыру мақсатында қолданысқа беріл­ген метро бекеттері тұрғындарға жай­лылық тудырып отыр. GPS-жүйесі арқылы диспетчерлік басқарудың автоматты жүйесі жұмыс істейді, барлық автобустарға бейнебақылау орнатыл­ған. Оған қоса тасымалдаушыларды субси­диялауға қатысты жолаушылардан түс­кен шағым бойынша айыппұл салу ісі жүзеге асқан. Қалада ЖКА-на қатысты фото-бейнефиксация жүйесі жұмыс істейді.

Көлік жүйесін реформалау ісі үздік халықаралық мамандармен бірге жүзеге асып жатыр. Олардың арасын­да қоғамдық көлік кеңістігі мен көше­лерді модернизациялаумен айналыса­тын айтулы компаниялар бар. Бірер жыл бұрын Алматы «Ақылды қалалар» цифр­лы трансформациясын бірігіп жүзеге асыруға бағытталған байқауда үздіктер қатарынан көрінген бола­тын. Елу ең үздік әлемдік практика мен ин­но­вациялық жобаның финалдық үш­тігіне Алматымен қатар «Анкара парк» туристік жобасымен Түркия астанасы Анкара мен «Сава өзеніне тұрғындардың оралуы» бағдарламасымен Хорватия астанасы Загреб енген болатын.

Мазмұнды мәдени жобалар

Биыл қала театрлары Парижден Мәскеуге дейінгі 20-дан астам мемлекетте өнер көрсетті. Қуыршақ театры мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры елі­міз атынан Авиньон фестивалі мен Чехов атындағы халықаралық театр фес­тивалінде сахнаға шықты. Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арнал­ған халық аспаптарының көрмесі өтті. Кейінгі үш жылда Алматы қаласы мәдени ынты­мақтастықты кеңейту мақсатында 18 ха­лықаралық меморандумға қол қойған.

«Біз бай дәстүрді сақтап қана қоймай, әлем таныған Алматының мәдени брен­дін қалыптастыруға тиіспіз. Жыл басынан бері қалада 1 300-ден астам мәдени іс-шара өтіп, оларды 1,3 млн-нан астам адам тамашалады. Мәдениетті тек мереке күндері емес, күн сайын сезін­гіміз келеді. Әр тұрғын өз қуанышын саябақ­та, көшеде, өз ауласында таба алатындай ахуа­л қалыптастыруымыз қажет», дейді қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Тарихи тұлғалардың мерейтойла­рына арналған рухани жобалар, түр­лі фестивальдар, экологиялық акция­лар, жәрмеңкелер, флешмобтар, кітапха­на­ларда апта сайын өтетін әдеби кештер мега­полистің мәдени болмысын айшықтайды.

Бүгінде мәдениет саласының үш ірі нысанын жаңартуға қатысты ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Олардың қатарында «Райымбек батыр» мемориалдық кешені де бар. Биыл наурыз айында Н.Сац атындағы театрды кешенді жаңарту бас­талды. Жауапты мамандар заманауи тұрпатта жаңартылған ғимараттың тарихи келбеті сақталатынын мәлімдеді. Алдағы уақытта театрдың сыйымдылығы артады. Сонымен қатар Жазушылар одағы ғимаратын жаңарту жобасы аяқ­талуға жақын. Қайта жаңғырған нысанды ұлттық әдебиетті дамыту мен мәде­ни бірегейлікті нығайтуға бағытталған әдеби, ағартушылық, баспа бастамаларына арналған рухани алаңға айналдыру көздел­ген.

Қала әкімінің баспасөз қызметі, қо­сымша үш жаңа мәдени нысанның – Жастар театрының, Цирк пен Зообақтың жобалау жұмыстары жүріп жатқанын, биыл Наурызбай, Түрксіб аудандарында олимпиадалық бассейндері бар екі жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені­нің құрылысы қолға алынатынын хабар­­лады. Келер жылы тағы төрт спорт кешені­нің құрылысы қаланың Саялы, Ақжар, Қарасу, Шұғыла шағын аудандарында бастау алады.

Алматы – Тәуелсіз еліміздің іргесі қаланған қастерлі мекен. Мұнда ел тағ­ды­рына қатысты маңызды әрі тарихи ше­шімдер қабылданды. Ата заңымыз, мем­ле­кеттік рәміздер, ұлттық валютамыз осын­да бекітілді. Бүгінде Алматы білім, ғылым, мәдениет, іскерлік орталығы ре­тінде дамып келеді. Кейінгі жылдары қала­­ға жаңа аумақтар қосылып, көлемі екі есеге ұлғайды. Халық саны да еселеп өсті. Қазір Алматыда банктердің, халық­ара­лық ұйымдар мен трансұлттық ком­па­ния­лардың бас кеңселері орналасқан. Осын­да ашылған Біріккен Ұлттар Ұйы­мының 17 мекемесінің өкілдіктері Орта­лық Азияның өңірлік хабына айналып отыр.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астана Фукуок рейсінің жолаушылары 2 сағат бойы бортта отырған

14 Желтоқсан 2025 19:12see114

Жасөспірімдерге TikTok пен Instagram ға тыйым салынбақ: ғалымдар эксперимент бастады

14 Желтоқсан 2025 11:35see113

Ол өмір үшін күресіп жатыр: Жезқазғанда ауыр хәлдегі 2 жасар қыздың анасы шұғыл көмек сұрайды

14 Желтоқсан 2025 17:11see111

Атырауда мектептер мен колледждер онлайн форматқа көшті

14 Желтоқсан 2025 17:10see109

Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды

15 Желтоқсан 2025 15:41see107

Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

15 Желтоқсан 2025 10:17see105

Әскерге кеткен ұлымның сүйегін қайтарды : қаза болған атыраулық сарбаздың анасы әділдік іздейді

15 Желтоқсан 2025 14:29see105

Батыс Қазақстанда үш адам үсіп өлді

15 Желтоқсан 2025 16:44see105

Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды

14 Желтоқсан 2025 12:22see103

Қазақстан бокстан ӘЧ ның медаль есебінде Өзбекстанды басып озып, екінші орын алды

14 Желтоқсан 2025 09:32see103

Лукашенко Трамптың өтінішімен 120 дан астам саяси тұтқынды босатты

14 Желтоқсан 2025 11:15see103

Рамазан Оразов ресми түрде Елімай футбол клубының ойыншысы атанды

14 Желтоқсан 2025 17:11see103

Украина Ресейдегі маңызды нысандарға соққы берді

14 Желтоқсан 2025 18:52see103

Елордадағы құрылыс нысанында жұмысшы қаза тапты

15 Желтоқсан 2025 13:02see100

Ұлт оқитын 100 кітап : Астанада жаңа онлайн кітапхана платформасы таныстырылды

15 Желтоқсан 2025 21:42see100

​Volkswagen Германиядағы зауытын жабады

15 Желтоқсан 2025 16:29see99

Уиткофф Украина бойынша келіссөз өткізу үшін Берлинге барды БАҚ

14 Желтоқсан 2025 21:59see99

Қытай көліктерінің қауіпсіздігін сынауға арналған құны 284 миллион доллар болатын орталық ашылды

14 Желтоқсан 2025 15:04see99

Әрбір бесінші қазақстандық жеке кәсіппен айналысады Ұлттық статистика бюросы

15 Желтоқсан 2025 13:32see97

Астанадан шығатын барлық тасжол жабылды

15 Желтоқсан 2025 17:47see96
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары