Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол

Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қарағанды облысында еңбекке қабілетті аға буынды қолдау жүйелі сипат алып келеді. «Күміс жас» пен «Алтын жас» жобалары зейнет жасындағы азаматтар-дың өмірлік тәжірибесін тиімді пайдаланып, оларды еңбек нарығынан шеттетпеуге бағытталған. Бұл бастама өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын күшейтуге ықпал етіп отыр.

Мұндай игі іске жауапты Мансап орталығының мәлі­ме­тін­ше, аталған жобаларға қаты­су­ға ниетті азаматтар да, олар­­ды жұмысқа алуға дайын жұ­­мыс берушілер де күн са­йын көбейіп келеді. Өйткені еңбек нарығында тәжірибелі мұғалім­дерге, медицина қызмет­кер­лері­не, өндіріс пен қызмет көр­сету саласындағы білікті жұмыс­шы мамандарға сұраныс әлі де жоғары.

«Күміс жас» бағдарламасы арқылы кейінгі төрт жылда 4 725 адам еңбекке тартылған. Жоба үш жылға есептелген. Алғашқы жылы жұмыс беруші­ге қызметкер жалақысының 70%-ына дейін, екінші жылы – 65%-ы, үшінші жылы 60%-ы мемлекет тарапынан субсидия­ланады. Бағдарлама мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші қызметкерді зей­нет жасына дейін тұрақты жұ­мыс­қа қабылдауға міндетті. Ал был­тырдан бері жүзеге асырыла бас­таған «Алтын жас» жобасы зейнет­ке шыққан азаматтардың да жұ­мыс­тан шет қалмауына жол ашты. Қазірде бұл жоба аясында 470-тен астам адам жұмыс істеп жүр.

«Биыл өңірде тағы 600 зейнеткерді жұмыспен қамту жоспарланған. Жоба екі жылға арналған, бұл кезеңде белгіленген жалақының 50%-ы (бірақ ең төменгі жалақыдан аспайтын мөлшерде) мемлекеттік субсидия есебінен өтеледі», дейді Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Дәурен Қошқаралиев.

«Meditsina ortalygy Sat» клиникалық орталығы 2019 жылдан бері пациенттеріне сапалы қызмет көрсетіп келеді. Аптаның жеті күнінде есігі айқара ашық медициналық мекемеде ем алушылар легі ешқашан үзілген емес. Орталықта онға жуық маман еңбек етеді. Олардың қатарында зейнет жасына жетсе де, кәсіби білігін ел игілігіне жұмсап жүрген тәжірибелі мейірбике Нұрбибі Кенжебаева бар. Мекемеде бос жұмыс орны пайда болған сәтте басшылық Мансап орталығына жүгініп, «Алтын жас» жобасы аясында білікті маманды жұмысқа қабылдауды жөн көрген. Былтыр сәуір айынан бері осы орталықта еңбек етіп келе жатқан Нұрбибі Кенжебаева қысқа уақыт ішінде ұжыммен де, ем алушылармен де тіл табысып, сенімге ие болды. Бұған дейін қалалық №4 емханада эндоскопия кабинетінде қызмет атқарған мейірбике жаңа ортаға тез бейімделгенін айтады.

«Мамандығыммен тығыз байланысты болғандықтан, бұл жердегі жұмыс маған аса қиындық туғызған жоқ. Үйде құр отырғаннан гөрі еңбек етіп, әрі өзіме, әрі бала-шағама пайда тигізсем деген оймен жұмыс іздедім. Осы орталыққа келгеніме өкінбеймін», дейді ол.

Қоғамға да, салаға да мұндай тәжірибелі мамандардың еңбектен қол үзбеуі – үлкен олжа. Себебі денсаулық сақтау ісінде біліктілік пен тәжірибе ешқашан өзектілігін жоғалтпайды.

Зейнет жасына таяғанымен, еңбекке қабілеті мен кәсіби әлеуеті әлі де жоғары азаматтарға деген сұраныс әсіресе өндіріс саласында айқын сезіледі. Қарағанды облысындағы ірге­лі кәсіпорындардың бірі – «Қара­ғандыэнерго-жөндеу» ЖШС-ның тәжірибесі осының нақты дәлелі. 1965 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорында бүгінде 200-ден астам адам еңбек етеді. Соның 21-і «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа қабылданған. Бұл – жалпы ұжымның шамамен он пайызы. Кәсіпорын қызметінің көпсалалы сипатына сәйкес мұнда дәнекерлеушілерге, токарьларға, станок операторларына, экономистерге, ағаш шеберлеріне, өзге де білікті жұмысшы мамандарға тұрақты түрде сұраныс бар. Кәсіпорын басшылығы «Күміс жас» жобасы кадр тапшылығын еңсеруде тиімді тетікке айналғанын айтады.

«Бұл бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқандар – түрлі өмірлік жағдайларға байланысты уақытша еңбек нарығынан тыс қалғанымен, кәсіби тұрғыда әбден толысқан, тәжірибесі мол мамандар. Олар жұмысқа кіріскен алғашқы күннен-ақ өндіріс үдерісіне тез бейімделіп, бірден нәтижелі еңбек ете бастайды. Мұндай кадрлар кез келген өн­дірісте аса құнды», дейді кәсіпорынның даму жөніндегі директоры Сергей Глухов.

Оның айтуынша, кәсіпорын тек «Күміс жас» жобасымен ғана шектелмей, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары секілді өзге де мем­лекеттік бағдарламалар аясында тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Мемлекеттік субсидиялау тетігі жұмыс берушіге түсетін қаржылық салмақты жеңілдетіп, тұрақты жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді.

Өндірістегі бұл үрдістің өміршеңдігін кәсіпорында төртінші жыл еңбек етіп жүрген 5-разрядты токарь Вячеслав Калининнің еңбек жолы да айғақтайды. Пандемия кезінде жұмыссыз қалған ол Мансап орталығына «Күміс жас» жобасы арқылы жүгініп, осы кәсіпорынға жолдама алған. Қазір В.Калинин салмағы бірнеше тоннаға жететін күрделі өндірістік бөлшектерді дайындаумен айналысады. Тәжірибелі маман алдағы уақытта да осы ұжымда қалып, кәсіби тәжірибесін өндіріс игілігіне жұмсауды жоспарлап отыр.

Қоғамға шын мәнінде қажет жобалардың бағасы оның аясында еңбек етіп жүрген адамдардың ісімен өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Алтын жас» бастамасы тәжірибелі мамандарға жаңа тыныс беріп отыр. Соның бірі – «Happy kids» қосымша білім беру орталығында жұмыс істейтін ұстаз Хадиша Жақаева. Бүгінде ол балдырғандармен жұмыс істеу арқылы өзі де рухани серпіліс алатынын айтады.

«Зейнетке шықтым екен деп қол қусырып отыруды жөн көрмедім. Әлі де қоғамға пайдам тисе деймін. Ұзақ жыл мектепте жұмыс істеген соң балалардың тілін табу маған тіпті де қиын емес. Керісінше, кішкентай балалармен араласу көңілге қуат береді», дейді ұстаз.

Х.Жақаеваның еңбек жолы «Алтын жас» жобасының басты мәнін айқын көрсетеді. Бұл бастама зейнетке шыққанымен, өмірлік тәжірибесі мен кәсіби әлеуеті әлі де мол азаматтардың қоғамнан тыс қалмай, ел да­муы­на үлес қосуына жол ашып отыр.

Өмірден түйгені мол, еңбекпен шыңдалған азаматтарды назардан тыс қалдырмай, олардың тәжірибесін ел игілігіне жарата білу – уақыт алға қойған маңызды міндеттердің бірі. Қарағанды облысында іске асырылып жатқан «Күміс жас», «Алтын жас» жобалары – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нақты көрінісі. Бұл бағдарламалар еңбекке қабілетті жан­дардың әлеуетін қайта іске қосып, кадр тапшылығы сезілетін салаларға серпін береді. Тәжірибе мен жауапкершілікке арқа сүйеген ортада тұрақтылық қалыптасады. Ал тұрақты жүйе бар жерде ел дамуы да өз арнасымен ілгерілейді.

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жүйелі жұмыс: заңсыз алынған жер қайтарылды

Аймақтар • Бүгін, 09:20

«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы

Форум • Бүгін, 09:15

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

Форум • Бүгін, 09:05

Қостанайда жасалған қуатты комбайн

Өндіріс • Бүгін, 09:00

Мүлікті қорғаудың тиімді тетігі

Құқық • Бүгін, 08:55

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40

Түйенің құмалағы

Таным • Бүгін, 08:35

Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол

Қоғам • Бүгін, 08:25

Гүл өсіріп табысын еселеген студент

Еңбек • Бүгін, 08:20

Олимпиада жеңімпазы

Қоғам • Бүгін, 08:15

Жүз күй білетін жауынгер

Өнер • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 09:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see147

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see144

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see142

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see141

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see137

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see137

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see137

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see136

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see135

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see135

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see134

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see134

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see134

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see132

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары