Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Таиланд пен Камбоджадан ел қашып жатыр

Таиланд пен Камбоджадан ел қашып жатыр

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Таиланд әскері Камбоджа аумағына кіріп, даулы Прасаткхана ғибадатханасын басып алды.

Өйткені көршісі шекараға әскерін таяп қойған. Сондықтан жауға қарсы тұру үшін одан бұрын тойтарыс беруге көштік, дейді.

Кеше Таиландтың әскери ұшақтары Камбоджа аумағын бомбалады. Себеп: бұл әрекетке Камбоджа өзі мәжбүрледі дейді.  

Биліктің ресми мәлімдемесіне қарағанда, қарсы жақ шекарада бірінші болып оқ атқан. 1 тай жауынгерін мерт қылған. Тағы үшеуі жараланыпты. Таиланд шабуыл жасағысы келмейтінін, алайда елдің біртұтастығын сақтау үшін қару қолданудан бас тартпайтынын жеткізді.

Никорндей Баланкура, Таиланд Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: 

- Бейбіт келісімді бұзған Камбоджа. Қазанда Куала-Лумпурда қабылданған Бірлескен Декларацияның күшін жойған да солар. Камбоджа ұстанымын өзгертпесе, Таиланд әскери опеарцияны тоқтатпайды.

Ал Камбоджа билігі Таиландтың бұл әрекетін басқыншылыққа теліп отыр. Осындай арандатушылық әрекетке қарамастан бейбіт келісімді бұзған жоқпыз деп мәлімдеді. Халықаралық қауымдастықтан Бангкокқа қарсы қатаң шара қолдануға шақырды. Өйткені шекарадағы елді-мекендерге шабуыл жасалған. Үйлер өртеніп,  жазықсыз 4 бейбіт тұрғынның өмірі қиылған.  

Мали Сочеата, Камбоджа қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

- Таиландтың қиян-кескі ұрысты тоқтатпауы көрші елдің жерін күшпен тартып алғысы келетінін анық көрсетеді. Олар шекара сызығын күшпен өзгертуге тырысып жатыр.

Шиеленістен Таиланд 5 бірдей провинцияда 650 мектепті уақытша жапты. Кей өңірлерде оқуды онлайнға көшіру мәселесі қаралып жатыр. Ал қазанда бейбіт келісім күшіне енген соң тыныш өмір сүреміз деген халықтың үміті ақталмады. Дүйсенбі таңсәріде бомбалардың гүрсілінен оянған шекарадағы елді мекен тұрғындары үшін бұл үрей туғызғаны анық.

Атыс-шабыстың әзір тоқтай қояр түрі көрінбейді. Сондықтан шекарадағы халық бункерлерде жасырынып, бас сауғалауға мәжбүр. Үйлерін тастап, үдере көшіп жатқандар да бар.  1 ғасыр бұрын Франция отарынан босап шыққан Таиланд пен Камбоджаның шекара шебі әлі күнге дейін ресми бектілмеген. Сол себепті аракідік жанжал туындайды.

Биыл қазанда Президент Трамп тараптарды татуластырып, қақтығысты біржола тоқтаттым деп жар салған еді. Тараптар Ақ үй басшысының қатысуымен Малайзияда бейбіт келісімге қол қойды.

Президент Трамп бұл мәмілені тарихи жетістікке балаған. Камбоджа текетіресті реттеуге атсалысқаны үшін Ақ үй басшысын Нобель сыйлығына ұсынған еді.     

Грег Полинг, АҚШ-тағы стратегиялық зерттеулер орталығының Оңтүстік-Шығыс Азия бағдарламасының директоры:

- АҚШ Президенті Трамп екі ел басшыларына қайта телефон шалуы мүмкін. Бірақ, екі жақ даулы аймақтарға қатысты ортақ мәмілеге келмей, оқ атпау туралы келісім мәселені шешпейді. Таиландта қаңтарда сайлау өтуі тиіс.  Қазіргі ел басшысы оппозиция өкілдерінің "АҚШ-қа бағынып қойды" деген сынынан қорқады.  

Алайда Трамп жариялаған тыныштық тек қағаз бетінде қалған сияқты. Әр ел өз мүддесі жолында ұрыстан бас тартатын емес. Ал жағдайды реттеуге халықаралық ұйымдар қауқарсыз, АҚШ-та реттей алмай отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары