Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Тайыншада Қазақстандағы сабаннан экопанель шығаратын алғашқы тәжірибелік өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды

Тайыншада Қазақстандағы сабаннан экопанель шығаратын алғашқы тәжірибелік өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жаңа технология экологиялық құрылыс жүргізуге, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоба Қазақстандағы ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға және импортты алмастыру деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Өндірістің ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысы мен Тайынша ауданының өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, жоба инвесторлары, сондай-ақ білім және ғылым саласының мамандары қатысты.

Тайыншада іске қосылған өндіріс – жемшөпке жарамсыз сабаннан экопанельдер мен престелген құрылыс плиталарын шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік желі. Бұл – инжинирингтік орталық құруға арналған мегагрант аясында ЕҰУ ғалымдары әзірлеген ғылымды қажетсінетін технология. Өндірістік желіде құрылыс пен жылу оқшаулауға арналған экологиялық плиталардың алғашқы партиялары шығарылады. Жоба жергілікті шикізатты – жемшөпке жарамсыз сабанды – сұранысқа ие құрылыс материалдарына айналдыруға мүмкіндік береді.

KZ.ECO desk сауда белгісімен шығарылатын өнімдердің беріктігі мен ылғалға және отқа төзімділік көрсеткіштері аккредиттелген зертханаларда расталған. Өнім бағасы сапасы жоғары деңгейде сақтала отырып, ұқсас материалдардан (ДСП, OSB) 1,5–2 есе арзан. Әзірлеме Қазақстанда («Қазпатент») патенттелген және РСТ халықаралық патенттеу жүйесімен мақұлданған.

Қазақстанда ағаш-жоңқалы плиталар өндіретін кәсіпорындар болғанымен, негізгі шикізат – ағаш әлі күнге дейін импортталады. Ал KZ.ECO desk экоплиталары тек аграрлық қалдықтардан өндіріледі. Бұл шикізат импортына тәуелділікті азайтып қана қоймай, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, жергілікті агроөнеркәсіптік және өндірістік әлеуетті, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға серпін береді.

Зертханалық сынақтар нәтижесінде ғалымдар тәжірибелік үлгілерді жасап шығарды. Өнімге деген қызығушылық халықаралық көрмелерге шақырулармен және инвесторлар ұсыныстарымен расталуда.

Өндірістің Тайыншада орналасу себебі – өңірде сабан қалдықтарының мол шоғырлануы. Сонымен қатар аудан теміржол желілерін қоса алғанда, дамыған логистикалық инфрақұрылымға ие, бұл дайын өнімді таратуды жеңілдетеді.

Жоба инвесторлардың қолдауымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрылыс-техникалық инжиниринг орталығы тарапынан жүзеге асырылуда. Бұл өндірісті кешенді дамытуға және оны өңір экономикасына тиімді интеграциялауға мүмкіндік береді.

 «Бұл жоба университет ғылымының өңірлік экономиканы дамытуға нақты үлес қосатын, сұранысқа ие технологиялар жасай алатынын дәлелдейді. Ол қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Университеттің рөлін тек білім мен ғылым орталығы ретінде ғана емес, зерттеулерді нақты өндірістік шешімдерге айналдыра алатын инновация орталығы ретінде көтереді.Сонымен қатар жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ғылымнан бизнеске дейінгі» технологиялық дәліз құру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және отандық материалдар мен технологиялар негізінде экспортқа бағытталған өндірістерді қалыптастыру жөніндегі стратегиялық бастамаларына толық сәйкес келеді», – деп атап өтті ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдыков.

Өндірістің ашылуы облыстың экономикалық өсу драйверіне айналады. Жоба жаңа жұмыс орындарын құрып, Тайынша өңірінің индустриялануын күшейтіп, қосымша инвестициялар тарту арқылы экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастырады.

 «Бұл жоба заманауи технологияларды енгізу мен ауыл шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалануды біріктіреді. Бұл – ғылым мен өндірістің табысты ынтымақтастығының айқын үлгісі. Зауыт аудан үшін инновациялық өндірістің эталонына және өсу нүктесіне айналатынына сенімдімін», – деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов ғылыми әзірлемелерді өндірістік үдерістерге енгізудің маңыздылығына тоқталды:

«Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу стратегиялық мәнге ие, себебі ол заманауи технологиялар, автоматтандыру және шығындарды оңтайландыру арқылы өндіріс тиімділігін арттырады. Сонымен қатар кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, жоғары сапалы әрі өзіндік құны төмен өнім шығаруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Өндірісті іске қосу барысында қол жеткізілген келісімдердің жалғасы ретінде ЕҰУ мен Тайынша ауданы әкімдігі стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жоба жетекшісі, PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қауымдастырылған профессоры Әсел Жексембаева KZ.ECO desk ғылымды қажетсінетін құрылыс өнімдерін шығару – елімізде баламасы жоқ, осындай бағыттағы алғашқы және жалғыз өнеркәсіптік нысан екенін баса айтты. Бұл – Еуразия ұлттық университетінің ғылыми әзірлемесін коммерцияландырудың бастамасы. Жас ғалым жасалған келісімшарттар өнімге деген жоғары нарықтық сұранысты дәлелдейтінін, оның экологиялық, үнемді әрі импортты алмастыратын балама екенін атап өтті.

«Бұл жоба зертханалық зерттеулерден бастап тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті іске қосуға дейінгі толық жолды қамтиды және Ғылым комитеті бағдарламасының «толық циклін» қамтамасыз етеді. Ол Қазақстанның орнықты экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ғылымды қажетсінетін өндірістер мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың маңыздылығы туралы Президент Жолдауымен толық үйлеседі», – деп түйіндеді ғалым.

Жобаны одан әрі табысты іске асыру жағдайында шикізат қоры бар оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде өндірісті кеңейту жоспарлануда.

Айта кету керек, Әсел Жексембаева жетекшілік ететін Құрылыс-техникалық инжиниринг орталығын құру жөніндегі мегажоба аясында 19 ғылыми-техникалық әзірлеме бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізілуде. Жобаға 70 жетекші ғалым, инженер және халықаралық сарапшы тартылған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары