Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Талдықорған Үшарал магистралды газ құбыры іске қосылды

Талдықорған Үшарал магистралды газ құбыры іске қосылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жетісу халқы көптен күткен Талдықорған – Үшарал магистралды газ құбырының құрылысы белгіленген мерзімінен ерте аяқталды. Үшарал автоматты газ тарату стансасында өңірдегі алты бірдей жаңа газ бекетінің алауы тұтанды. Осылайша, бір мезетте алыстағы елді мекендерге көгілдір отынның алғашқы легі келіп жетті. Жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «QazaqGaz» ұлттық компаниясы жүзеге асырды.

Бұл айтулы сәтті шалғайдағы ауыл тұрғындары қаншама жылдан бері сарыла күтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев ел аралаған шақта да алдымен көтеретін мәселе де осы – табиғи газ. 2024 жылғы тамызда басталған құрылыс аясында ұзындығы 302,4 шақырымдық газ құбыры тартылып, «Қапал», Жансүгіров, Сарқан, Қойлық, Қабанбай, Үшарал елді мекен­дерінде алты автоматты газ тарату стансасы (АГТС) бой көтерді. Бұл жобаның нәтижесінде Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарындағы 80-нен астам елді мекеннің 140 мыңға жуық тұрғыны табиғи газбен қамтылмақ. Қазір осы ауылдарға газ тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда, ал келесі жылдан бастап құрылыс жұмыстары бастау алады.

Салтанатты жиында сөз алған облыс басшысы жетісулықтарды үлкен қуанышымен құттықтап, жобаны мерзімінен бұрын аяқтаған «QazaqGaz» компаниясына алғысын білдірді.

– Талдықорған – Үшарал магис­тралды газ құбыры құрылысының мерзімінен бұрын аяқталуына ықпал еткен «QazaqGaz» компаниясына Жетісу облысының тұрғындары атынан алғысымды білдіремін. Біз алдағы уақытта да өңірді газдандыруды әрі қарай жалғастырамыз. Өйткені табиғи газ беру – халықтың өмір сүру деңгейін арттырумен қатар, экономикаға үлкен әсер ететін стратегиялық басымдықтың бірі. Ең алдымен газға аурухана, емхана, мектеп, балабақша, мәдениет үйлері, спорт нысандары секілді әлеуметтік нысандарды қосамыз. Тұрғындардың да көгілдір отынға қосылуына мүмкіндік жасалады. Оған қоса өнеркәсіптің, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашады, – деді Б.Иса­баев.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Елжас Отыншиев аталған жобаның әлеуметтік маңыздылығына тоқталды.

– «Самұрық-Қазына» қоры эконо­миканың түрлі саласында, әсіресе мұнай-газ, энергетика бағытында ауқым­ды бастамаларды жүзеге асырып жатыр. Сондай жобалардың бірі – Талды­қорған-Үшарал газ құбыры. Бұл – өте маңызды жоба. Елге газ келсе, халықтың әлеуметтік жағдайы жақ­сарады. Экология жақсарады. Өңірге инвестиция құйылады, – деді ол.

Мұнан соң сөз алған «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының стратегия және инвестициялар жөніндегі орынбасары Акбар Төлегенов жаңа газ құбырының желілік бөлігі мен бір мезгілде қатар салынған АГТС-тің құрылыс жұмыстарының барысы ерекше бақылауда болғанын баса айтты.

– Соның нәтижесінде жаңа газ құ­­быры және барлық 6 АГТС жоспарланған мерзімнен бір жыл төрт айға ерте дайын болды. Осылайша, «QazaqGaz» осы өңірді газдандырудың іргетасын қалап, жұмыстың негізгі көп еңбекті қажет ететін бөлігін орындады. Қазір газ құбырының тарату желілерін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған құжаттар бойын­ша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын күтіп отырмыз, – дей келе А.Төлегенов аудан тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, тілегін білдірді.

Осы жиында «Қапал», «Жансү­гіров», «Сарқан», «Қойлық», «Қабан­бай» АГТС-тері телекөпір арқылы қосылып, стансалар алауын жақты, соңында «Үшарал» АГТС-інде іске қосу тетігі басылып, алау лаулады.

Шараның ресми бөлігінен кейін облыс әкімі жиналған аудан халқымен тілдесті. Өңірдегі газдандыру, жол жөндеу, тұрғын үй құрылысы, елді мекендерді абаттандыру сияқты атқа­рылып жатқан маңызды істер жайлы қысқаша баяндап берді. Бұл ша­ралардың барлығы іс жүзінде халық қолмен ұстап, көзбен көретін нақты шаралардың жемісі екенін айтты. Аудан тұрғындары Сатай Бек­болатов, Қоңыржай Қысталасова, Ұлдаш Бипажанова, Ерік Жуанышбаев қатарлы басқа да азаматтар пікір білдіріп, риза­шылығын жеткізді. Солар­дың бірі – Үшарал қаласының тұрғыны Әбен Сақыпов.

– 1980 жылдан бері Үшаралда тұ­рамын. Біз осы күнді ұзақ күттік. Алакөл өңірінің қысы қатты, кейде 7-8 айға дейін от жағатын кезіміз болады. Немерелеріміз тоңып қалмасын деп таң бозынан от жағамыз. Бір қыста сегіз тоннаға дейін көмір жағамыз, оған қоса ағаш отын дайындаймыз. Көмір жағып, күлін шығару егде жастағы адамдарға оңай емес. Өзіміз үлкен көшелердің бірінде тұратындықтан, газға алғашқылардың бірі болып қосылуға мүмкіндігіміз болады деп ойлаймын. Шалғай ауданға газ келгеніне ризамыз, – дейді ол.

Айта кетейік, Сарқан ауданында да екі автоматты газ тарату стансасында (АГТС) көгілдір отын көкке көтерілді. Оның бірі – Сарқан қаласының ма­ңында, екіншісі – Бақалы ауылының тұсында орналасқан.

Сарқан ауданындағы салтанатты рәсімге аудан әкімі Ғалымжан Маман­баев қатысып, көгілдір отынның алауын жағып, жұртшылықты бұл маңызды тарихи сәтпен құттықтады. Бұл жоба өңір халқының өмір сапасын арттырып, әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін берері сөзсіз.

Өңір әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы облыста газдандыру ісі өңірде қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, облыс құрылған кезде тек 5 елді мекен газдандырылса (27%), атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде 84 елді мекеннің 404 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді (58,2%). Жыл соңына дейін Панфилов – Кербұлақ – Талдықорған аралығындағы тағы 42 елді мекен газбен қамтылып, газдандыру деңгейі 72% жетеді (126 елді мекен). Ал 2027 жылдың соңына қарай облыста газдандыруға жататын 200-ден астам елді мекеннің 630 мың тұрғыны газға қосылуға мүмкіндік алады (91%).

Жетісу облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 08:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары