Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Танымал бассейннен табылған жағымсыз зат алматылық әйелді таңғалдырды

Танымал бассейннен табылған жағымсыз зат алматылық әйелді таңғалдырды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматы облысындағы танымал демалыс кешендері біріндегі демалыс күтпеген жағдаймен аяқталды. Келушілердің бірі бассейннен нәжіске ұқсас затты байқағанын айтты. Оның сөзінше, қызметкерлер оны сүзгімен ала салған, ал демалушылар шомыла берген. Tengri Life Талғар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан тексеріс жүргізілетін-жүргізілмейтінін білді.

Кешенге келушілердің бірі әлеуметтік желіде 2 тамызда шомылу кезінде бассейннен нәжіс көргенін айтып берді.

"2 тамызда біз "8 К." кешенінде болып, бассейнде адамның үлкен нәжісін көрдік. Мен оны жүзіп жүріп, байқап қалдым. Қону үшін үйшікке 75 мың теңге, ал келесі күні бассейнге кіру үшін екі адамға тағы 30 мың теңге төледік, сонда нәжіспен жүзуіміз керек пе? Бұл жалпы қалыпты жағдай ма?" - деді келуші.

Скриншот: Threads

Оның айтуынша, кешен қызметкерлері лас затты сүзгімен алған, бірақ бассейнді жаппаған, ал демалушылар шомыла берген. Бұл ретте, алматылық әйел жағымсыз иіске қарамастан, су тазартылмағанын айтады.

"Кейін қызметкерлер оны сүзіп алды, ал адамдар шомыла берді. Иіс сұмдық болды. Демалыстан алған барлық әсеріміз мүлдем бұзылды. Кейін қасында жүзгенім есіме түсе кетсе, жүрегім айнып, қатты лоқсыдым", - деді ол.

Бұл жазба 600 мыңға жуық қаралым жинады. Пікір қалдырған желі қолданушыларының көбі мұндай жағдайдан кейін бұл кешенге барғысы келмейтінін айтса, кейбіреулері басқа бассейндердегі ұқсас оқиғаларды еске алды.

"Түркияда да балалар бассейнінде біреу өзін ұстай алмай қалған еді, сонда бассейнді бір тәулікке жауып тастады". "Кішкентай балаларын бассейнде тек іш киіммен немесе жалаңаш шомылдыратын ата-аналарға айтарым: әлі дәретханаға барып үйренбеген балаларға арналған шомылу киімдері, арнайы жаялықтар сатылады. Балаларыңыздың дәреті сіздерге ғана жағымды, ал басқалар үшін бұл жиіркенішті". "Бірнеше жыл бұрын балалар бассейнінде анасы нәрестенің артын жуып жатқанын көргенмін. Қалғандары ештеңе болмағандай кейіп танытты. Балалар бассейніндегі жұрттың көбі тәрбиесіз болды. Содан бері мен ол жерге бармаймын". "Бұл ішек таяқшасын немесе соған ұқсас инфекцияны жұқтыруға әкеп соқтырмай ма?" Санитарлық қызмет не дейді?

Біз пікір алу үшін Талғар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарластық. Ондағылар кешен әкімшілігі судың сапасына қатысты міндетті есепті ұсынбағанын, сондықтан оларға заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс жіберілгенін хабарлады.

"8 көл" кешені әкімшілігінің Денсаулық туралы кодекстің 51-бабында көзделген есепті ұсынбауына байланысты, профилактикалық бақылау шеңберінде кешен мекенжайына заңбұзушылықты жою туралы ұсыным жіберілді", - деді басқармадағылар.

СЭББ мамандары жоспардан тыс тексеріс тек ресми өтініш түскеннен кейін жүргізілетінін түсіндірді. Ол үшін eOtinish арқылы шағым түсіріп, оған фото немесе видео дәлелдемелерді қоса беру қажет.

"Кәсіпкерлік кодекстің 144-1-бабына сәйкес, жоспардан тыс тексеріс тағайындап, нысанға бару мен құқықтық статистика және есепке алу органдарында тіркеу үшін азаматтардың eOtinish мемлекеттік өтініштер қызметі арқылы фото немесе видеотіркеу материалдарын қоса берген ресми өтініші негіз болатынын атап өткен жөн", - деп хабарлады СЭББ басқармасы.

Бассейндерге қандай талап қойылады?

Басқарма су сапасына қойылатын талаптар Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген санитарлық қағидалармен белгіленгенін еске салды.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 51-бабына сәйкес, мұндай нысандардың әкімшілігі:

су сапасына тұрақты түрде өндірістік бақылау жүргізуге; зертханалық зерттеулер нәтижелерін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ұсынуға; көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Сондай-ақ мамандар санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін су гастроэнтерит, вирустық А гепатиті, дизентерия, іш сүзегі және басқа да инфекцияларды қоса алғанда, қауіпті аурулардың көзі болуы мүмкін екенін ескертті.

Басқа елдерде не істейді?

Көптеген елде бассейннен тіршілік әрекетінің өнімдері табылған жағдайда, ол санитарлық өңдеу үшін уақытша жабылады.

Мысалы, АҚШ-та Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) бассейнді кем дегенде 45 минутқа жабуды ұсынады. Осыдан кейін қызметкерлер лас затты жойып, мүмкіндігінше судың көп бөлігін ағызып жіберуі, дезинфекция жүргізуі, рН деңгейі мен еркін хлор концентрациясын тексеруі керек, содан кейін ғана бассейн келушілер үшін ашылады.

Ұлыбританияда бассейндерді ластанудан кейін тазарту ережелерін PWTAG ұйымы әзірлеген. Егер суда нәжіс табылса, қызметкерлер ластануды дереу тазартып, құрал-жабдықтарды залалсыздандыруы және бассейнді уақытша жабуы тиіс. Егер нәжіс суда еріп кетсе, тазарту жұмыстарын жүргізу үшін келушілер бассейнді босатуы қажет.

Бассейннің жабылу уақыты ластану түріне байланысты. Қатты нәжіс табылған жағдайда, тазарту жұмыстарына шамамен 30 минут уақыт кетуі мүмкін. Ал сұйық нәжіс болса, бассейн кем дегенде бірнеше сағатқа, кей жағдайларда су толық санитарлық өңдеуден өткенше бір тәулікке немесе одан да ұзақ уақытқа жабылады.

Айта кетейік, бұл қазақстандық шипажайлардағы алғашқы жағдай емес. Жақында Бурабайдағы демалушылар танымал демалыс орындарының бірінде көлге шомылу кезінде кәріздің өткір иісіне шағымданған болатын. Кейін олар су бетінен нәжіске ұқсайтын заттарды байқаған.

Тағы оқыңыз: Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 17:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары