Танзания мен ОАР да Sputnik тің ашылуы объективті ақпаратты қолжетімді етеді Лавров
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ресей Сыртқы істер министрлігі Танзания мен Оңтүстік Африкада Sputnik редакциялық орталықтарының ашылуына байланысты Сергей Лавровтың бейнеүндеуін жариялады.
Министр осы маңызды бастаманы жүзеге асыруға көрсеткен көмегі үшін аталған африкалық мемлекеттердің билігіне алғысын білдірді.
"Қабылдаушы елдер тарапынан көрсетілетін қолдау – журналистердің тиімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуі үшін аса маңызды шарт. Сондай-ақ, Sputnik ақпарат агенттігінің басшылығына, редакциялық ұжымдарына, серіктестеріне және жоба ұйымдастырушыларына кәсібилігі, өз ісіне берілгендігі әрі атқарған ауқымды жұмыстары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін", – деді Лавров.
Ол Sputnik-тің Африкада 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Осы қысқа уақыт ішінде агенттік аймақта тілшілердің ауқымды желісін құрып, ең танымал шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының біріне айналды.
"Аддис-Абебада 2025 жылдың ақпанынан бері редакциялық орталық жұмыс істеп келеді. Жетекші бұқаралық ақпарат құралдарымен және кәсіби бірлестіктермен серіктестік орнатылды. "Sputnik Africa" беделді салалық байқаулар мен марапаттарда бірнеше рет жеңімпаз атанып, жоғары бағаға ие болды. Агенттік қызметкерлері өз материалдарында құрлық үшін маңызды тақырыптарды, соның ішінде неоколониалдық тәжірибелерге қарсы тұру, ұлттық бірегейлікті сақтау және өмірдің барлық саласында мемлекеттік егемендікті нығайту мәселелерін жан-жақты қамтиды", — деп атап өтті министр.
Дипломат Дар-эс-Салам мен Йоханнесбургте аймақтық кеңселердің ашылуы африкалық аудиторияның бұрмалаушылықтардан немесе идеологиялық сүзгілерден ада, объективті әрі тексерілген ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуге септігін тигізетінін атап өтті.
"Африкалық журналистермен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері кеңейіп, агенттік жүзеге асырып жатқан білім беру бағдарламаларын толықтыратын жаңа бірлескен жобалар іске асырылады. Ең озық технологиялармен, соның ішінде жасанды интеллектке негізделген құралдармен жабдықталған бұл орталықтар ақпаратты бес тілде, оның ішінде амхар, оромо және суахили тілдерінде тарататын болады", — деді Лавров.
Сыртқы істер министрлігі ресейлік БАҚ-қа олардың Африка бағытындағы жұмысында жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра береді, деді ведомство басшысы.
"Сіздердің қызметтеріңіз жаһандық ахуалды жақсартуға және Ресей мен Африка арасындағы достықты нығайтуға үлес қоса беретініне сенімдіміз. Сіздерге шығармашылық табыс және барлық жақсылықты тілеймін", – деді Лавров "Sputnik" редакциялық ұжымына.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 17:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















