Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет семсерлесуден әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов пен Вадим Шарлаимов кіретін команда жартылай финалда Мысырмен күш сынасып, 41-32 есебімен басым түсті. Бұған дейін олар Финляндия құрамасын (45:39), одан кейін Өзбекстанды (28:27, ал ширек финалда Дания командасын 45:36 есебімен тізе бүктірген.
Осылайша, Қазақстанның ерлер командасы әлем чемпионатының финалына шығып, тарихи нәтижеге қол жеткізіп отыр. Ал финалда “Украина-Израиль” жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетері, бұған дейінгі үздік көрсеткіш - қола медаль. Былтыр қазақстандық семсершілер Грузияда өткен әлем чемпионатында әлемдік деңгейдегі көшбасшы Францияны ұтып, тарихи қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Биылғы чемпионат Гонконг қаласында өтіп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 14:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















