Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Тәртібі жақсы болғаны үшін бір ай бостандық Қазақстанда сотталғандарға арналған жаңа ережелер талқылануда

Тәртібі жақсы болғаны үшін бір ай бостандық Қазақстанда сотталғандарға арналған жаңа ережелер талқылануда

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда сотталғандардың жазасын өтеу тәсілдері өзгертіліп жатыр. Билік белгіленген тәртіпті сақтайтын және режимді бұзуға жол бермейтіндерді ынталандыруды ұсынады. Тиісті түзетулерді бүгін Сенат депутаттары қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенаторлар Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді қарастырып жатыр. Депутат Марат Қожаевтың айтуынша, түзетулер кодекс нормаларын жаңа Конституцияға сәйкес келтіруге бағытталған. Заңда анықтамалар, сот ісін жүргізу принциптері, сонымен қатар бірқатар баптың диспозициялары нақтыланады.

"Мемлекет басшысының сотталғандарды заң мен тәртіп құндылықтарын сақтауға және олардың қоғамға қайта кірігуіне ынталандыратын прогрессивті тәсілдерді енгізу қажет екені туралы тапсырмаларын орындау мақсатында Қылмыстық кодекске бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды көздейтін жаңа 73-1-бап енгізіледі", - деді сенатор.

Анықтама: Мерзімді шартты түрде қысқарту (көбінесе шартты түрде мерзімінен бұрын босату - ШМБ деп аталады) - егер сот сотталған адам түзеліп, жазасын толық өтеудің қажеттілігі жоқ деп таныса, оны сот тағайындаған мерзім аяқталғанға дейін бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға мүмкіндік беретін құқықтық механизм.

Өзгеріске сәйкес, егер сотталған адамда бір жыл ішінде тәртіптік жаза болмаса, бас бостандығынан айырудың өтелмеген қалған мерзімі сот шешімімен бір айға шартты түрде қысқартылуы мүмкін.

Түзетулердің жеке блогы сотталған әйелдер мен кішкентай балалары бар ата-аналарға қатысты. Қылмыстық-атқару кодексінде қауіпсіздігі орташа және барынша жоғары мекемелерде жазасын өтеп жатқан әйелдердің құқықтарын бөлек көрсету және ажырату ұсынылады. Қожаевтың сөзінше, бұл нормалар оларды ұстау жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Сондай-ақ, түзетулер кішкентай баласы бар сотталған әйелдерге және баласын жалғыз тәрбиелеп отырған және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан ерлерге де қатысты.

Заң қабылданғаннан кейін мұндай сотталғандар кішкентай балаларымен қысқа мерзімді кездесу үшін жылына екі рет қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден тыс жерлерге шыға алады.

"Сонымен қатар, кішкентай баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдер үшін, сондай-ақ кішкентай баланы жалғыз тәрбиелеп отырған сотталған ерлер үшін телефон арқылы сөйлесуге қатысты шектеулерді алып тастау ұсынылады. Бұл ретте қоңырау шалу құқығы тек Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген тәртіппен кішкентай балаларымен байланыста болу үшін ғана сақталады", - деп жалғастырды депутат.

Қожаев заң жобасында қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіруге бағытталған басқа да нормалар бар екенін айтты.

Мән-жайы

Қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру тақырыбын бұған дейін Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын. Сол кезде ол жүйе жазалаушы емес, сотталғандарды түзеуге бағытталған болуы тиіс екенін мәлімдеп, кәмелетке толмаған балалары бар сотталған әйелдерге қатысты тәсілдерді қайта қарауды тапсырған еді.

Кейінірек Мемлекет басшысы қылмыстық-атқару жүйесін реформалау қажет екенін айтып, сотталғандардың жаза мерзімін заңбұзушылықтардың болмауы, білім алуы, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысқаны үшін қысқартуға болатын шетелдік тәжірибені мысалға келтірді.

Бұған дейін биылғы қылмыстық амнистия 16,5 мыңға жуық адамға әсер етуі мүмкін екенін жазған болатынбыз. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның мәліметінше, 10 мыңнан аса сотталғанның жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін, 5 мыңға жуық адам жазадан толық босатылуы, ал 1,5 мыңға жуық адам бас бостандығынан айыру орындарынан шыға алады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары